Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Апта күндері

27 желтоқсан 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қайсенова Гүлмира Едіресқызы

Сабақтың тақырыбы: Апта күндері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: апта түсініктерін терең меңгерту, тақырып бойынша қысқа әңгіме айта білуге машықтандыру, оқушылардың білімдерін жүйелеу, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін кеңейту арқылы қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, сауатты жазуды қадағалап, дамыту.
Тәрбиелік: өз уақыттарын орнымен пайдалануға және ұтымды жұмыстарға жұмсауға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: оқулық, суреттер, интерактивті тақта, сөздіктер.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелеу, аударма.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
 амандасу, түгелдеу;
 сабақты мұқият тыңдауға шақыру;
 дәптерге күн ретін жаздыру;
 сабаққа белсене қатысып, тәртіп сақтауды ескерту.

2. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Балалар, бүгінгі күнге қараңдаршы, аспан ашық, күн жылы, көңіл күйіміз көтеріңкі, тамаша. Мен сендерге бүгінгі күнге жақсы көңіл - күй сыйлаймын. Барлығыңа бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін.
- Ал, енді балалар, өткен тақырыпқа шолу жасай отырып, жаңа сабағымызды бастайық. Ол үшін сендер бірнеше тапсырмаларды орындауларың керек. Олай болса мына сиқырлы сандарға назар аударайық. Бұл сандардың астында не бар екенін білу үшін сендер бір санды таңдап аласыңдар, сол санға байланысты сұраққа жауап бересіңдер. Тапсырманы орындау барысында бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. Тапсырма түсінікті ме? Ендеше интерактивті тақта қарайық. Кәне, кім бастайды?
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
1. Сұрақ - жауап, аударма әдістері арқылы төмендегі сұрақтарға жауап алынады.
1. Қазақстан Республикасының бас қаласы. (Астана)
2. Сен қай қалада тұрасың? (Петропавл)
3. Шашты немен тарайды? (Тарақ)
4. «Февраль» сөзінің аудармасы. (Ақпан)
5. «Күз» деген сөздің бірінші әрпі. (К)
6. Бұл не? Үй суреті. (Үй)
7. Қазақстан Республикасының президенті. (Н. Ә. Назарбаев)
8. Қазақ халқының ұлттық аспабы. (Домбыра)
9. Үй жануары. Төрт түлік мал. (Ешкі)
10. «Өзен» сөзінің аудармасы. (Река)
11. «Б... р деген сөзде қандай әріп түсіп қалды? (І)
Апта күндері
- Сонда, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? (Апта күндері)
- Иә, дұрыс апта күндері. Балалар, аптада неше күн бар?
- Дұрыс айтасыңдар, жеті күн бар. Оларды орыс тілінде еске алайық. Кім айтады? Қане.

3. Жаңа сабақты пысықтау.
- Дұрыс, жақсы. Мен сендерге ертегі айтайын. «Апта» деген ата болыпты, оның жеті ұлы бар екен. Сол ұлдары бүгін бізге қонаққа келіпті. Бірінші ұлы – Дүйсенбі. Ол сендерге тапсырма бермекші. Ендеше, балалар, интерактивті тақтаға назар аударайық.

1 - тапсырма. Толықтырып оқы.
Жет..., саба..., к... н, қаза...,... пта.
- Жақсы, балалар, тапсырманы орындадыңдар. Сендерге Дүйсенбі риза болды. Ал енді екінші ұлын қарсы алайық, оның аты - Сейсенбі. Ол қандай тапсырмамен келгенін қарайық.

2 - тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
- Сенің атың кім?
- Сен нешінші сыныпта оқисың?
- Сен қай мектепте оқисың?
- Бүгін неше сабақ?
- Қазақ тілі нешінші сабақ?
- Бірінші сабақ қай сабақ?
- Өте жақсы. Енді Сейсенбі де сендердің аттарыңды, қай мектепте оқитындарыңды біледі. Есік алдына Аптаның үшінші ұлы да келіп қалыпты, оның аты – Сәрсенбі. Ол бізге не әкелді екен?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 330
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
8 саны және цифры.
8 саны және цифры.
- Оқушыларды 8 саны және цифрымен таныстыру. - Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
Циклограмма (балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру)
Циклограмма (балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру)
Жабайы аңдардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Қыс мезгілінде аңдардың сыртқы келбеті мен тіршілігінің ерекшеліктерін сипаттап (мекендейтін жері, түсі, азығы, қысқа дайындығы, кейбір аңдардың қысқы ұйқыда болуы, ұя салу, көбеюі) атай білуге
Шығыс септік
Шығыс септік
Жаңа тақырыпты толық меңгерту, оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Зат есім
Зат есім
Сөйлем ішінен зат есімді ажырата білуге үйрете отырып, топпен жұмыс жасай білуге, пікірлесуге, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жануарлар әлемі
Жануарлар әлемі
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласының «Дарын» мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қайсенова Гүлмира Едіресқызы
Апта күндері. Атауы
Апта күндері. Атауы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, № 19 арнаулы түзеу мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жиенбекова Баян Советовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×