Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, қызықты лагерь!

10 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Қош бол, қызықты лагерь!
Бірінші кезеңдегі жазғы сауықтыру лагерінің жабылуы.
Мақсаты: 1) Лагерь сөзінің мағынасын ашу. Отан, Қазақстан, туған жер, ел туралы түсініктерін қалыптастыру. Балалық шақтың ең қызықты күндерін есте сақтау
2) Ой - өрісін, шығармашылық есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3) Сыйластыққа, ізгілікке, Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Барысы:
- Армысыңдар құрметті балалар, тәрбиеші ұстаздар! Бүгінгі мектебіміздегі «Қуаныш» лагерінің 1 - ші маусымының жабылу салтанатына қош келдіңіздер.
- Балалар, лагерь деген не?
- Жарқыраған – тіршілік – шаттық - күн - табиғат - жаңа достар - таза ауа – су - денсаулық - бақыт - жаз
- Ия, дұрыс айтасыңдар, балалардың жазғы тынығу лагерлері әр түрлі болғанымен олардың мақсаты мен міндеттері бірдей: балаларды тынықтыру, қызықтыру, денсаулығын нығайту, білімін кеңейту, тәрбиелеу. Ол жұмыстардың негізі болып әрқашан түрлі ойындар қала береді. Олай болса бүгінгі мерекеміз де ойын түрінде болмақ.
Көбелек те, гүл де бір
Қызыл – жасыл күллі өңір
Аспан төрі ақша бұлт
Бау – бақшада барша жұрт
Саңқылдаған саз әні
Көлде құстың базары
Жидек пісіп толады
Бұл қай кезде болады? ( Жаз )
- Балалар кім жаз мезгілі жайлы тақпақ біледі?
Жаз келіпті дегенше
Алма пісті дегейсің
Бақшамызда ендеше
Алма теру көбейсін
Жаз келіпті, қарандар
Көлге үйрек, қаз қонды
Асыр салып балалар
Суға түсіп мәз болар.
Жаз келіпті дегенше
Қауын пісті дегейсін
Бақшамызда ендеше
Қауын – қарбыз көбейсін.

1. Атың қандай жаз деген,
Мағына бар мәз деген.
Бар тіршілік масайрап,
Күй толқыды сөзбенен.

2. Балаларда мәз болып,
Үйге мүлде кірмейді.
Көлге аққу, қаз қонып,
Жазсыз өмір сүрмейді.

3. Жаз болса, жердің жүзі жайнап тұрған,
Ән шырқап бұлбұл құстар сайрап тұрған.
Болғанда қырық күн шілде, сарша тамыз,
Ыстық боп, жердің жүзі қайнап тұрған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
60 669
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
Жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
Жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары.
Ғажайып әлем жазғы сауықтыру лагері
Ғажайып әлем жазғы сауықтыру лагері
Ғажайып әлем жазғы сауықтыру лагерінің жұмыс жоспары
Жазғы демалыс
Жазғы демалыс
Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Лагерьде Жазғы демалыс басталды. Оқушылар лагерьге кетті. Лагерь қалың қарағайдың ішінде. Қасында үлкен көл бар. Көлдің жағасында кішкене қайық тұр. Балалар қайыққа мініп, серуендейді. Балалар көлге шомылады, балық аулайды.
«Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
«Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрету
Лагерь аруы
Лагерь аруы
Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар бүгінгі «Айгөлек» жазғы тынығу лагерінде болғалы отырған «Лагерь аруы» конкурсына қош келіпсіздер.
«Қазақстан – менің болашағым» фестиваль түріндегі үшінші кезеңдегі жазғы сауықтыру лагерінің жабылуы.
«Қазақстан – менің болашағым» фестиваль түріндегі үшінші кезеңдегі жазғы сауықтыру лагерінің жабылуы.
Қарағанды қаласы №23 ЖББО мектептің Бастауыш сынып мұғалімі: Лапиева Гулайым Қаппаровна Тақырыбы: «Қазақстан – менің болашағым» фестиваль түріндегі үшінші кезеңдегі жазғы сауықтыру лагерінің жабылуы. Мақсаты: 1) Лагерь сөзінің мағынасын ашу. Отан,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×