Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


3 санын қосу және азайту

20 қазан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: 3 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: 3 санының құрамы туралы оқушылардың білімін қалыптастыру, сәйкес теңдіктерді жазуға және оқуға үйрету, 3 санының құрамы жайлы есептеулер жүргізуде қолдану білігін тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ойларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекті құралдар: суреттер, сандар тізбегі, электронды оқулық, Венн диаграммасы.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, өзіндік жұмыс, түсіндіру, ойын әдістері, СТО.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Қоңырау үні дамылда,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Жаңа білім алуға,
Алға қадам аттаймыз.

ІІ. Өткенді еске түсіру.
Ой шақыру:
- Бәріміз 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санап шығайық:
Сан санайық, мүдірмей,
Бар ма, кәне, талапкер?
Ал, Арлан,
Кідірмей,
Беске дейін санап бер.
1, 2, 3, 4, 5

О, Арлан, жарадың,
Бестік санды өте тез,
Әрі дұрыс санадың.
Енді, Шыңғыс, шырағым,
Санай қойшы мұны әрі,
6, 7, 8, 9
Бәріміз боп 10 деп тағы
Қайта есепке көктейміз.
Оннан қайта кері санап,
Бірге дейін жет дейміз.
Ойланайық бір мезет
Абайлайық, қарайық,
Санды енді тізбелеп
Кері қарай санайық.
Ұғымталға бәлендей,
Қиын емес бұл талап,
Оннан кері,
Бөгелмей,
Бере алады кім санап?
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.

- Енді, балалар, «Кім жылдам?» ойынын ойнау арқылы өткен сабақты пысықтаймыз.

+2 - 3 +1

ІІІ. Жаңа сабақ:
- Ерте заманнан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі үш санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата – бабаларымыз да санын қастерлеп, үш санымен атап, ата заңдарына, салт - дәстүріне арқау етіп келеді.
Мысалы: Үш жүз, үш жамандық, үш жақын, үш мұрат, үш тоқтам, үш тәтті, үш жұрт, үш қуат, үш ғайып, үш арсыз.
- Әлем халықтарының үш санына қонақ болып көрейік.
- Үш – ең ерекше сандардың бірі.

IV. Кіріспе әңгіме:
- Олай, болса біз бүгінгі сабағымызда 3 санын қосу және азайтуды өтеміз. Сабақтың мақсаты 3 санын қосу және азайтудың ең тиімді әдіс - тәсілдерімен танысамыз.
2+1+1+1=5
10 - 1 - 1 - 1=7
2+2+1=5
10 - 2 - 1=7
2+3=5
10 - 3=7

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 400
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
9 санының құрамы
9 санының құрамы
Оқушыларға 9 саны мен құрамы туралы түсінік беру, 9 санын жазуға басқа сандармен салыстыруға, құрамындағы сандарды білуге үйрету.
9 санының құрамы
9 санының құрамы
9 санының құрамы туралы оқушылардың білімін қалыптастыру, сәйкес теңдіктерді жазуға және оқуға оқушыларды үйрету, 9 санының құрамы туралы білімді есептеулер жүргізуде қолдану білімін тиянақтау.
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу және азайту
Сандардың құрамы, қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімін бекіту. Кестелік қосу, азайтудың 2 – кезеңін қалыптастыру
9 санының құрамы
9 санының құрамы
Математикалық ойларын дамыту, 9 санының құрамы туралы оқушылардың білімін қалыптастыру, сәйкес теңдіктерді жазуға және оқуға оқушыларды үйрету, 9 санының құрамы туралы білімді есептеулер жүргізуде қолдану білімін тиянақтау.
7 санын қосу және азайту
7 санын қосу және азайту
Атырау облысы Индер ауданы М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Мырзахметова Қарлығаш
4 санын қосу және азайту
4 санын қосу және азайту
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекманова Бибіхан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×