Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан - тәуелсіз демократиялық мемлекет

02 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан - тәуелсіз демократиялық мемлекет

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Еліміздің тәуелсіздігі туралы өз ойын жетік айта білуге, берілген тапсырмаларды интерактив тақтаның мүмкіншіліктерін қолдана отырып, дұрыс орындай білуге үйрету. Сауатты сөйлеуге дағдыландыру, сөйлеу мәнерін қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың білімін, танымдық қабілетін, сауаттылығын, сөздік қорын дамыту. Ауызекі сөйлеу дағдысын, ой - өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Отанға, ел мен жерге, тілге, ұлтқа деген құрметін арттыру.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Әртүрлі түсті фигураларды таңдайды. Сол бойынша топтарға бөлініп отырады. Таңдаған түстерге байланысты қысқаша мағлұмат айтылады.
Ойын: Түс таңда.
І топ Қызыл. ІІ топ Сары. ІІІ топ Жасыл. ІV топ Көк.
Таңдаған түстің сырын білесің бе?
Қызыл түс – ұшқыр ойлы, алғыр, барлық жағдайда ойланып шешетін адамдар.
Сары түс – арманшыл, болашаққа ұмтылғыш, өткенді көп еске алатын адамдар.
Жасыл түс – ынталы, барлық жағдайда өзін жақсы жағынан көрсететін адамдар.
Көк түс – зейінді, сыпайы, барлық нәрсені ойланып, ақылмен, шыдамдылықпен шешетін адамдар.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген "Қазақстан мәдениеті" тақырыбына дайындап келген қосымша мағлұматтар сұралады. (слайд, реферат, плакат)

III. Жаңа сабақ.
Қазақстан туралы бейнебаян көрсету. (бейнебаян)
- Бейнебаян не туралы болды?
- Осы бейнебаянды тамашалай отырып қандай ой келді?
- Не айтуға болады?
Ендеше бүгінгі сабағымыз Қазақстан туралы болмақ. Сабақты бастамас бұрын жалпы Қазақстан туралы не білетіндеріңді білгім келеді. Ол үшін болашақта журналист мамандығын таңдағысы келетін Тультаева Томирис сендерден сұхбат алғысы келеді.

Сұхбат.
- Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды?
- Тәуелсіздік мерекесі қай күні тойланады?
- Н. Назарбаев атқарып отырған лауазым қалай аталады?
- Еліміздің Ата заңы Конституция қашан қабылданды?
- Тудың авторы кім?
- Мемлекеттік рәміздерді ата.
- Елтаңбаның авторы кім?
- Әнұранымыздың авторы кім?
- Мемлекеттік тіл қай тіл?
Мұғалімнің сөзі:
- Ендеше балалар бүгінгі тақырыбымызды бастайық. Тақырып «Қазақстан - тәуелсіз демократиялық мемлекет» деп аталады. Тәуелсіздік, демократиялық деген сөздерге түсініктеме беріп өту.(слайд)
Тәуелсіз - өз еркімен өз тағдырын анықтау құқығы.
Демократия - сөзі “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. (слайд)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 014
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі
Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысы мен әрпімен таныстыру, сөздерге дыбыстық талдау жасауға жаттықтыру, үйрету. Балалардың сөйлеу мәнерін, сөздік қорларын байыту. Білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Түстер және көңіл - күй
Түстер және көңіл - күй
Атырау қаласы, Абай атындағы орта мектептің бейнелеу пәнінің мұғалімі Дүйсенғалиева Гүлзада
Trafficlight -  Бағдаршам
Trafficlight - Бағдаршам
Павлодар облысы, Павлодар қаласы №25 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Дюсембаева Майгүл
Мекен үстеулері
Мекен үстеулері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Қажығалиева Клара Жанұзаққызы
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа Өмір ауылы, Шаған жалпы орта білім беретін мектебі Коррекциялық /түзете дамыта оқыту /сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна Білімділігі: Білімділік. Қазақстан ауыл шаруашылығының басты салалары-
Бояулар бізде қонақта
Бояулар бізде қонақта
Балалар назарын негізгі түстерге көңіл бөлуге, түстерді ажырата білуге үйрету; Негізгі бояуларды бір-бірімен қосу арқылы әр түрлі түстердің алу жолдарын үйрету. Жылы және суық түстерді меңгеру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×