Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алғашқы мұғалім

20 наурыз 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 4 сынып

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы мұғалім
Сабақтың мақсаты:
а/білімділік: Оқушыларға ұстаздарға деген сезімдерін, алғашқы мұғалімнің кім екенін ұғындыру, түсіндіру
б/дамытушылық; Оқушылардың ой - өрісін, сабаққа деген ынтасын арттырып, сөздік қорын молайту, қызығушылығын ояту.
в/тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, сабырлыққа, алғырлыққа, шыншылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, Сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, мақал - мәтел, сызбалар, Автор суреті
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, өзін - өзі тану

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
а/ Сәлемдесу, сынып тазалығы
б /Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын алдыру.
б/Оқушы назарын сабаққа аудару

ІІ. «Ы. Алтынсарин» ауылына саяхат. Психологиялық дайындық
Тұрыңыздар келе жатыр мұғалім
Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы
Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары

ІІІ. «Гаухар» шағын орталық аялдамасы. Үй тапсырмасын тексеру
1. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» мазмұндау
2. Ата - ана, бауыр, туысқан және сыйластық туралы өлең шумағын шығарып келу

ІУ. МАД тобы аялдамасы. Жаңа сабақ
Ой - қозғау
«Лабиринт» ойыны арқылы балалар бүгінгі сабағымызды ашып алайық.
Кітапта мектептке қатысты заттарды табу арқылы мақал - мәтелді шешу
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға. / А. Құнанбаев /

У. Ж. Бекмамбетов аялдамасы. Бейнетаспа «Менің атым Қожа»
Сұрақтар: 1. Қожанын іс - әрекеті?
2. Қожа қандай бала?
3. Сыныпта Қожа қалай ұстайды өзін?
УІ. «Кітапхана» аялдамасы. Мағынаны тану
- Балалар, Ұстаз!
Осынау сөзде қаншама мән - мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш “Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр - сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой.
Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі - бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға, - деп айтуында терең мағына жатыр.
Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә?!
Қ. Қайсенов пен Ш. Айтматовтың әңгімелерін айтып өту және суретімен, өмірбаянымен таныстыру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 581
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бос тау жыныстары
Бос тау жыныстары
Тау жыныстары жайлы түсіндіріп, оның анықтамасын беру. Бос тау жыныстарымен таныстыру. Тау жыныстарының түрлерімен таныстыру. Олардың пайдасын ұғындырып, тани білуге жаттықтыру.
Паскаль программалау тілінде есептер шығару
Паскаль программалау тілінде есептер шығару
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті. Информатика пәні мұғалімі Зайнагиева Жадыра Тулемисовна
Мерекелік кеш ұстаздар күні
Мерекелік кеш ұстаздар күні
Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары – Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі! Мектеп көрген әдептілер айтпақшы, Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ескене ауылы, Талдыбұлақ орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Ендаманова Гүлзат Қабылдақызы
Бір уыс мақта
Бір уыс мақта
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шенгелбаева Гаухар Сарсенбевна
Астана
Астана
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×