Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кім болғым келеді? Мұхтар Құрманалин

25 наурыз 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Кім болғым келеді? М. Құрманалин
Мақсаты: Әр мамандықтың маңызын түсіну, мамандық түрлерін тану. Өлең мазмұнын түсініп, әңгімелеуге жағдай туғызу. Топтық жұмыста еркін ойлауға мүмкіндік беру.
Күтілетін нәтиже: Өлеңді түсінеді. Автор идеясын ашты. Өз ойларын жазбаша да, ауызша да жеткізеді.
Оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер: СТО, Диалогтік оқыту. Оқыту формасы: жаппай, топтық, жұптық.
Керекті жабдықтар: Техникалық құралдар: интербелсенді тақта, маркерлер, ноутбук

Сабақтың барысы Сынып 4 топқа бөлінген
Мұғалім әрекеті
Психологиялық ахуал
Күлім қағып қолымды,
1, 2, 3 деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы жылы жүзбенен,
Маңдайынан сипайын.
Жылы жылы сөзбенен
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен
қолыңды бер қысайын.
Амандасып өзіңмен,
Құшақтап бір қысайын.
Топқа бөлу.
Қағаз қиындыларын тарату арқылы сыныпты топқа бөлу.
Мамандық иелеріне бөлемін.
Әр топ басшысы сайланып, жауап парағына өз тобының сабаққа қатысқан балаларын белгілеп отырады.

Үй жұмысына байланысты тапсырмалар:
І топ «Ұстаз» Мәтінді мазмұндау
ІІ топ «Дәрігер» Шығарма оқу
«Қорқынышқа хат» немесе «Мен қорқынышты қалай жеңдім?» деген тақырыпта өзіңнің бір қорыққан кезің туралы күлдіргі шығарма жазу.
ІІІ топ «Әнші» Мақал – мәтел айту
ІV топ «Ғарышкер»
Салыстыру кестесін құру.
Тақырыбы
Авторы
Оқиға орны
Оқиға желісі
Себебі
Кейіпкердің тапқырлығы
Психологиялық жағдай туғызу мақсатында тақырыпқа шығуға арналған (Кім болғым келеді?) атты слайд көрсетіледі
Сендердің ата – аналарыңның мамандығы жайлы не айтар едіңдер?

Ойын:«Қай мамандық иесі?»
Оқу білім - бағдары,
Заманының бағбаны?.... / Ұстаз /
Жаңалықтың жаршысы,
Қаламының«жолшысы». Журналист
Араша тұрар өлімге,
Қай маман бұл - өмірде?..... Дәрігер
Еңбек оның - талабы
Сүйікті әні - дала әні,
Егін жайын мәпелеп,
Асырайды елін... диханшы - агроном
- Қалағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)
- Ожауы бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Аспаз)
- Күрегі бар қолында,
Кімді айттым ойымда? (Диқан)

Жаңа сабақ
1. Кіріспе. Тақтадағы мамандық жайлы суреттер топтамасы бойынша не айтар едіңдер? Сіздер мамандықтың қандай түрлерін білесіңдер?

Ой қозғау
- Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Ел болашағы – білімді ұрпақ» деп, сіздерге үлкен сенім білдіруде. Қазір сендер кішкентай болғанмен, ертең еліміздің кемелденуіне, гүлденуіне үлес қосатын маман болып, еліміздің түпкір - түпкірінде еңбек ететіндеріңе менің сенімім мол. Сондықтан «біз әлі кішкентаймыз демей, осы күннен мамандық таңдауды армандауымыз керек екен. Біздің бүгінгі сабағымыз да мамандық таңдауға байланысты. Іштеріңде мамандық таңдап жүрген оқушылар бар ма?
Мұхтар Құрманалин туралы мәлімет.
Оқулықпен жұмыс
Түсініп, мәнерлеп оқу.
Әр мамандықты жеке – жеке оқып ол туралы білетіндерін әңгімелеу.
«Мамандық» сөзіне анықтама беру.
Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
1. Өлеңде қандай мамандықтардың аты аталады
2. Осы мамандықтарға тағы қандай мамандық түрін қосасың?.......
Топпен жұмыс
І топ «Ұстаз»
Бес жолды өлең
Зат есім:
Сын есім:
Етістік:
Сөз тіркесі:
Мәндес сөз:

ІІ топ «Дәрігер»
Сөзжұмбақ шешу
1. Таумен тасты қашаған
Әсем мүсін жасаған.
2. Оқу білім ордасы
Ұстаз оның арнасы.
3. Болмасаң да ұқсап бақ
Бір ғалымды көрсеңіз.
4. Бармағынан бал тамған
Аспаз болғым келеді.
5. Тау мен тасты қопарар
Кенші болғым келеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 580
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қайталау. Жазбаша қосу және азайту
Қайталау. Жазбаша қосу және азайту
Оқушыларға үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері дағдыларын жетілдіру. Шамалармен жұмыс жасаудың есептеу біліктерін бекіту.
Inkscape векторлық графикасының редакторы
Inkscape векторлық графикасының редакторы
Inkscape бағдарламасының интерфейсін қолданып, бағдарламамен жұмыс жасау тапсырмалары арқылы, құралдармен командаларды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Бөлімді қайталау. Тест.
Бөлімді қайталау. Тест.
халық ауыз әдебиеті үлгілерінің түрлерін біледі. атадан қалған сөздердің баға жетпес қазына екенін түсінеді
Судың маңызы
Судың маңызы
Судың адам өміріндегі маңызы, сусыз тіршілік жоқ екендігін ұғындыру, суды қорғауға үйрету
Кім болғым келеді?
Кім болғым келеді?
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майшұқыр негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Туребекова Айгерім Маратқызы
5-ке көбейту және бөлу
5-ке көбейту және бөлу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, № 98 орта мектептің мұғалімі Жансая Серікқалиқызы Бакибаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×