Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұсақ жанрлардың бірі – жұмбақтың бала дамуына тигізер маңызы

17 сәуір 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Ұсақ жанрлардың бірі – жұмбақтың бала дамуына тигізер маңызы.

«Бала тәрбиесі - бесіктен» деген тәрбиелік ұғымды әрдайым есте сақтаған қазақ халқы баласын алдымен халықтық дәстүрде тәрбиелеуді ұстанған халық қашан да өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мәнін, оның қиындығы мен қуанышын, одан шығатын нәтижені біліп отырған. Осы тұрғыдан қарағанда, ауыз әдебиетіндегі шағын жанрлар – мақал - мәтелдер, жұмбақтар, санамақтар, жаңылтпаштар баланың ой - өрісін, дүниетанымын, қиялын, тілін дамытуда, тәлім - тәрбиесінде терең мән жатыр.

ЖҰМБАҚ - белгілі қасиеттерін ғана мегзеу арқылы жасырылған зат, құбылыстарды шешкізу мақсатында құрылған танымдық мәні өте зор ұсақ жанр. Жұмбақтың мысал, ертегі, айтыс түрлері ұсақ жанрға қосылмайды.
Баланың ойлау қабілетін дамытатын, танымын кеңейтетін тамаша үлгінің бірі - жұмбақ. Ол халықтың ойы, қиялынан туған ұшқыр да бейнелі шығарма. Қазақ халқында ерте заманнан қолданылып, қарым - қатынас жасаудың ерекше бір құралына айналған.

Үлкендер арасында адамды тану, сынау, әзіл - қалжың, шешендік шеберлігін байқату ойын түрінде қолданылса, балалар үшін жұмбақты дүниенің қыр - сырын білдіртуге, танымы мен қиялын ұштауға, тіл шеберлігіне, ой жүйріктігіне баулу мақсатында қолданған. Жұмбақтар нәрсенің, заттың, құбылыстың жалпы сыртқы көрінісін сипаттау, ішкі мазмұнын білдіру, екінші бір нәрсемен салыстыру, басқа нәрсеге теңеу, ұқсату, баламалау, әсірелеу мазмұнында беріледі. Жұмбақтардың мазмұнында тілдік қолданыстар да сан алуан болып келеді.

Жұмбақтың осындай тілдік ерекшеліктерін балаға анықтап жеткізе білу, туған тілінің байлығын сезінуіне, тілдік қолданыс ерекшеліктерін тануға, сөз саптау сөйлеу мәдениетін үйренуге, өз ойын шебер де мәнерлі жеткізе білуіне шығармашылық қабілетін өсіруге көптен - көп көмегін тигізеді. Жұмбақтар бойынша жұмыс негізінен оның шешуін табу бағытында жүргізіледі. Ол үшін белгілі бір нәрсені жұмбақтап айтылған белгілеріне қарай іздестіру жолымен табу әдісі ұсынылады. Мұндай жағдайда жұмбақталған нәрсенің жалпы қай салаға жататыны, қандай бағытта ізделетіні айтылады.

Мысалы:, «Іздесем, ізі жоқ,
Бауыздасам, қаны жоқ» жұмбағын шешу керек дейік.
Бұл нәрсені өзеннен, көлден іздеу керектігі, оның суда болатыны ескертіледі. Мұндай ба -
ғыт берілмеген жағдайда балаларға қиындық түседі.
Ал жұмбақтың құрамындағы метафоралық бейне сол жұмбақталған нәрсені іздестіріп табу барысында өз - өзінен ашылады. Мысалы, жоғарыда айтылған жұмбақты шешу барысында өзен, көлде болатын нәрселер іздестіріледі. Балалар бірден - ақ суда болатын балық, бақа-шаян сияқтыларды айтуы мүмкін. Олардың ізі болғанымен, қаны болатыны, ал біздің жұмбағымыздағы нәрсенің қаны да, ізі де жоқтығы айтылады. Жұмбақтың шешуі табылғаннан кейін, сұрақ - жауап арқылы метафоралық бейне ашылады: Жұмбақта қандай із жөнінде айтылады? Мұндағы бауыздау сөзінің мағынасын қалай түсінуге болады?

(Қайықтың тұмсығымен су толқынын кесуі) т. с. с. Немесе «Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр - шиыр жолы көп...» жұмбағының құрамындағы сөздердің де әуелі тура мағынасы
талданады: кез келген нәрсенің салған ізінің сөйлей алмайтыны, салған ізінің сөйлеуі дегеннің не екені сұралады. Осы арқылы бұл жұмбақталып отырғанды оқу құралдарының төңірегінен іздестіру керектігі айтылып, олардың ішінде қозғалатын, жүретін қандай нәрселердің бар екені ойластырады. Егер балалар оны таба алмайтындай болса, «Оқу құралдарының қайсыларында жол бар?» деген тәрізді сұрақ қою арқылы дәптер мен кітапта жол болатыны анықталады. Сонан соң дәптердегі сызық - жолдың сөйлей алмайтыны, сөйлейтін жол – жазу екені, жазу жолын қалам, қарындаш салатыны айқындалады. Жұмбақталған қарындаштың белгілерін балалар өздері табады, жұмбақтағы «салған ізі» дегеннің жазған жазу екенін де айтады. Сөйтіп, жұмбақ оқушыларды бейнелеп сөйлеуге үйретеді, өйткені жұмбақ – К. Д. Ушинский көрсеткендей, заттың суретті сипаттамасы. 1 - сыныптағы әліппені таныту кезеңінде әр дыбысқа байланысты жұмбақ шешіп отырудың пайдасы зор.

Мысалы:
Тырма жатыр қарайық, Ұқсайды оған қай әріп? (Т)
Ұқсайды өзі шалғыға, Елестет көз алдыңа.
Қане, ойланып табайық, Ұқсайды оған қай әріп? (Ғ)
Түйе өркешін қарайық, Ұқсайды оған қай әріп? (М)
Шығармашылық қабілетін шыңдап, ұйқастыра сөйлеуге дағдыландыру барысында «Белгісіз ұйқасты тап!» жұмбақтарын пайдаланып отырдым.
Шу көп қырда,
Ән бе, жыр ма?
«Тыраулайтын» Бұл не? (тырна)

Жерге түскен айдай,
Секеңдеуі көп - ті
Тура тептім таймай, Ұстап көрші...(допты)

Зырлар жүйрік,
Қарғып биік,
Жолды кесер, Бұл не? (киік)

Ол тоқ болса әрдайым,
Біз тоятын нан дайын,
Күзде ғана жем іздер, Бұл не дейсің? (комбайн)
Іші толған шәрбат,
Дәмді қалай әйбат.
Үзесің бірден жүзін, Оның аты -...(жүзім)

Доп - домалақ сары,
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп, Оның аты -...(өрік)
1 - сыныпта Ахметова Жауқазын деген оқушым жұмбақты:
Бір дәу келе жатыр
Ол не десең тасбақа – деп құраса, осы жұмыстардан соң сөз ұйқасын түсініп,
Э дыбысын таныту барысындағы 7 - жаттығудағы электр шамы туралы өздігінен немесе ұйқас арқылы өлең құрастыру кезінде мынадай өлең жолдарын құрастыра білді.
Мысығым менің, мысығым
Үй жинайды пысығым.
Қасқырды да аулайды,
Пішенді орып баулайды.
Ұқсап қалған алмұрт,
Пайдаланар барша жұрт - деп құраса, келесі бір сабақтарда өздігінен мынадай жұмбақтар құрастырды:
Қасына барсаң үркек,
Жүрегі жоқ, отыр тек (қоян)
Өзі сары, жесең тәтті. (әңгелек)
десе Рахуова Дильназ деген оқушым:
Тастан тасқа секіреді,
Тәтті шөпті жегені,
Түсіне жиі кіреді. (лақ)

Жұлдыздай жарқырайды,
Күндіз бірақ байқалмайды. (ай)
деген жұмбақтар құрады.

Сөзімді қорытындылай келе ұсақ жанрлармен жүргізілетін жұмыстардың барлығы да оқушыларды өз беттерімен ізденуге үйретіп, ақыл - ойы мен дүниетанымын кеңейтуге, тілін дамытуға септігін тигізеді.

Жұмыр жерді мекендеген халықтардың, ел - жұрттардың, қай - қайсысының да ғасырлар бойы сұрыпталып, інжу маржандай астарлы да асыл, ұлағатты шешендік, даналық сөздері болатындығы хақ. Тіл байлығының алтын қорынан саналатын осынау ғибратты сөздер өмір шындығын, халықтың тұрмыс салты мен тіршілігін, психологиясын, қоғамдық прогресін тайға таңба басқандай дәл де шебер, мәнді етіп бейнелеуімен құнды. Халық даналығы, байлығы - мақал - мәтелдер, жаңылтпаш, жұмбақ, нақыл сөздер еліміздің болашағы – жастарды тәрбиелеуде, ақыл - кеңес беріп отыру жолында атқаратын маңызы зор.
9 268
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жұмбақтар
Жұмбақтар
Жұмбақтар – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра.
Тіл дамытуда саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасының маңызы. Әдістемелік құрал
Тіл дамытуда саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасының маңызы. Әдістемелік құрал
Ұсынылып отырған нұсқауда мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ән ырғағымен саусақ ойын жаттығуларының ұсақ моторикасын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және
"Драма" сабағының баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы маңызы
"Драма" сабағының баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы маңызы
Атақты педагог Ы. Алтынсарин «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»- деп атап айтқандай қай бала болмасын кішкентайынан анасының өзіне айтқан бесік жырынан бастап,
Бала тілін дамытуда халық  ауыз әдебиетінің алатын орны
Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің алатын орны
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті МКҚК №2 «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі Абашева Күләш Николайқызы
Жұмбақ және оның түрлері
Жұмбақ және оның түрлері
Орындаған: Аманкулова Камиля 8 класс оқушысы Ғылыми жетекшісі: Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Ауыз әдебиеті үлгілерінің табиғатпен сабақтастығы
Ауыз әдебиеті үлгілерінің табиғатпен сабақтастығы
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы Садуакасова Гульназ Қазақ халқы балаларға табиғат туралы өз білгенін үйретуді мақсат етіп, оны ретті жерде жүзеге асырған. Табиғат адамның ақыл-ойы мен тәрбиесінің сарқылмас қайнар көзі екендігін көре білген. Бар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×