Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


С дыбысы мен әрпі

21 сәуір 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: «С» дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасауға жаттықтыру. Сөздерді буынға бөлгізу. Балалардың тілін дамыту. «С» әрпінің жазба түрімен таныстыру. Әдемі, таза жазуға баулу.
Дамытушылығы: с дыбысын білдіру арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін, ойлау қабілетін, сөздік қорларын, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ұйымшылдылыққа, жинақылыққа, шапшаңдылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Түрі: панорамалық сабақ
Типі: ойын
Көрнекілігі: кеспе әріптер, буындар, жұмбақ, суреттер, ребус, ойын, жаңылтпаш.
Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, баяндау
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық.
Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы түн, қайырлы күн
Күліп шықты бүгін күн
- Бүгінгі сабағымызда серуенге шығамыз. Серуенге шығу үшін бәріміз де мынандай белгі болу керек. Бұл не?
- Сағат
- Сағатты қалай пайдаланамыз?
- Уақытты білу үшін, бізге сағат керек. Сондықтанда сағат бізге қажет. Сағатқа қарап отырып, серуенді уақытында аяқтауымыз керек. Жолға ұранмен аттанамыз.
Ұран: Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
Әдемі етіп жазайық
- Жақсы ұранымыз дайын болса, дәптерімізді ашып, күннің жадын жазып, көркем жазу жазамыз.
Көркем жазу.
Қатар – қатар көк терек
Көкке бойлап өседі
Жапырағы көкпеңбек
Сәнге бөлер көшені
Суреттер үлестіру:
- Ұранымыз дайын, енді әрі қарай жолға аттанамыз. Жолда кедергілер өте көп болады.
Сұрақтарға жақсы жауап беріп, тапсырманы дұрыс орындасақ, кедергілерден өтетін боламыз.

1 - кедергіден өту үшін мен сіздерге жұмбақ жасырайын.
1. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып
Әкелді әкем бір күні ( Сәбіз )
2. Сәбіз сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар.
- 5 әріп 5 дыбыс

2 - кедергіден өту үшін жылдың төрт мезгілін айтайық
- Күз, - Қыс, - Көктем, - Жаз.
- Олай болса өтілген әріптерді есімізге түсірейік.
- А, Т, П, Р, Л, Ғ, Н, И, О, Ш,
- Өте жақсы

3 – кедергіден өту үшін ребус шешу
Ребустың шешуі: 1. Айгүл, 2. Күш, 3. Үйрек.
Жаңа сабақты меңгерту:« С» дыбысы мен әрпі
- «С» дыбысы дауыссыз дыбыстар қатарына жатады. Себебі ол дауысты дыбыс сияқты еркін айтылмайды. Тіс пен тіл арқылы шығады. «С»дыбысы құлаққа қатаң естіледі.
- Балалар суреттен не көріп тұрмыз?
- Сағат
- Сағат не үшін адамдарға қажет?
- Уақытты білу үшін
- Сағаттың тілін қалай жүретінін білеміз бе?
- Білеміз
- Сағатты танимыз ба?
- Танимыз
- Енді балалар бәріміз қосылып «С» дыбысын бірнеше рет қайталайық.
- Балалар үстел үстінде не тұр?
- Сағат
- Қане тыңдайық, сағат қандай дыбыс беріп тұр?
- Сырт – сырт
- Қане бәріміз қосылып осы сөзді қайталап айтайық
- «Сырт – сырт» сөзі сөздің басында «с»дыбысы кездесіп тұр.
- Балалар, жаңбыр қайтіп жауады?
- Жаңбыр «тырс – тырс»етіп жауады.
- Біздің өтіп жатқан «С» дыбысы бар ма?
- Бар.
- Сөздің соңында «с»дыбысы кездесіп тұр.

Сергіту сәті
Аспаға қарап ай көрдік
Төменге қарап жер көрдік
Оңға, солға бұрылып
Егеменді ел көрдік

4 - кедергіден өту үшін суретпен жұмыс
- Балалар, суреттен не көріп тұрмыз?
- Сиыр
- Сиыр қандай жануар?
- Үй жануары
- Сиыр сөзінде «С әрпі бар ма?
- Бар
- Сиырдың адамдарға пайдасы бар ма?
- Сиыр адамдарға пайдалы, сиырдан сүт, қаймақ, айран, май, құрт жасалады.

5 - кедергіден өту үшін дәптермен жұмыс
1. С с әрпін жазғызу
2. Сөзді оқытқызу С - а, са, са - ла, сала
3. Сағат, сырға, сәукеле, сандық
Ойын: «Сиқырлы сандық»
Сандық ашылады. Ішінен сурет алып, буынға бөліп, сөйлем құрау. Мысалы: Сырға, сәукеле, сандық, сырмақ, сағат.

Жұмбақ шешу:
1. Дәмі де жоқ түсі жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ (Су)

2. Сыртылдайды күнімен
Сыртылдайды түнімен
Білгің келсе уақытты
Көрсетеді тілімен (Сағат)

Сабақты бекіту. Суретпен жұмыс. Суреттерге қарап сөйлем құрау.

Қорытынды. Сөзжұмбақ шешу
Жаңылтпаш жаттау.
Алма, алма, бал ал
Жая алма жал ал
Ойын: «Гүл теру»
Мақтау, мадақтау.
Сағат суретін сыйға беру.
Үйге тапсырма беру: С әрпіне сөздер құрап келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 531
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғ дыбысы және әрпі
Ғ дыбысы және әрпі
Ғ дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру. Ғ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Т дыбысы және әрпі
Т дыбысы және әрпі
Өткен дыбысты қайталату, зейінін аудару. Жаңа т дыбысымен таныстыра отырып, сөздер ойлатып, оларды дұрыс буынға бөлуін қадағалау. Қолдарын әдемі жазуға үйрету және қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сахиева Ләззат
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×