Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқы табиғат

22 сәуір 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қысқы табиғат
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік жағынан, қысқы мезгіл жайлы білімдерін жинақтап бұл байланысты сөздерді меңгерту.
2. Дамытушылық жағынан, оқушылардың логикалық ой - өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік жағынан, қоршаған ортаны қорғауға, жан - жануар, құстарды аялай білуге оларға қамқор жасауға тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі сабақ.
Типі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, билингвизм, кубизм стратегиясы..
Пәнаралық байланыс: еңбек, музыка, ағылшын, орыс тілі.
Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер, слайдтар, кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Билингвизм әдісі бойынша үш тілде амандасу
- Саламатсыз ба!
- Здравствуйте!
- Gudmorning!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Құстар мәтінінің мазмұнын айту
Үй тапсырмасын қорыту
Құстар екі топқа бөлінеді: үй құстары, дала құстары
Құстардың екі аяғы, екі қанаты болады, олардың үстін мамық басқан.

ІІІ. Актуалдау
Ойлайық та шешейік!
Сөз жұмбақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығарып алу.
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Балалар далада ойнайды.
Кейде ұлып,
Кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?
- Әрине, бұл қыс мезгілі.
Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қысқы табиғат жайлы болмақ.

ІV. Жаңа сабақ
Қыстың ерекшелігі балалар, қар жауады, адамдар жылы киінеді.
Слайд бойынша сөйлеу.
Қысқы қызықтар
Қысқы олимпиада ойындары туралы айту

V. Оқулықпен жұмыс
а) Мәтінді оқып беру
ә) Жекелеген оқушыларға оқыту
б) Кубизм стратегиясы
1. Суретте: Қардың түсі қандай?
Көлемі, пішіні қандай?
Ақ, алтындай, үлпілдек, суық т. б
2. Салыстыр: Неге ұқсас, қандай айырмашылығы бар?
Мақтаға ұқсас. Айырмашылығы: қар - табиғат құбылысы, мақта - зат.
3. Байланыстыр: Ойыңа не келеді? Ұқсас заттар бар ма? Ойыңмен шолып өт. Осы нәрсеге байланысты не бар? Үлпілдек құмшекерге ұқсас, құстың мамығындай
4. Сарала: Қалай жасалған? Судан, су буынан пайда болады.
5. Қолдан. Онымен не істеуге болады? Қарды ерітіп суға айналдырып пайдалануға болады.

VІ. Сен білесің бе? айдары
Видеодан қардың қалай пайда болатыны туралы көрсетіледі
VІІ. Шығармашылық жұмыс
Сурет бойынша әңгімелеу.

VІІІ. Сергіту сәті
Видеодан қысқы көріністі тамашалау

ІХ. Дәптермен жұмыс.
Қар қиыршығының суретін салу

Х. Қорытындылау
«Қар лақтыру» ойыны
Оқушыларға әр түрлі сұрақтар беріледі
Қыс мезгілі туралы өлеңдерді жатқа айту

ХІ. Үйге тапсырма
Қысқы табиғат мәтінін оқып, түсінігін айту
ХІІ. Бағалау
Жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау
4 151
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Аңдар қалай қыстайды?
Аңдар қалай қыстайды?
Табиғатты, аңдарды, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу;
Қысқы табиғат ерекшеліктері. Қар кесегі
Қысқы табиғат ерекшеліктері. Қар кесегі
Қысқы ойын түрлерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру. Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту. Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.
Қысқы табиғат
Қысқы табиғат
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, І. Үргенішбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бердешова Гүлсім Орынбасарқызы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілдерге дайындығы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілдерге дайындығы
Жануарлардың көктемгі және қысқы мезгілге дайындығы тақырыбын оқушыларға жүйелі түрде меңгерту
Аңдардың қысқы тіршілігі
Аңдардың қысқы тіршілігі
Астана қаласы, №53 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі: Разакова Тамара Орынбасаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×