Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жалаң және жайылма сөйлемдер

04 қаңтар 2021, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдер
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдер
Білімділік мақсаты: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге дағдыландыру.
Дамытушылық мақсаты: Жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты, таза жазуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақты өздігінен меңгерту
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, талдау
Көрнекілік: постер, тапсырмалар, суреттер

Жүрісі:
І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
ІҮ Жаңа сабақты бекіту
Ү Қорытынды
ҮІ Үйге тапсырма беру
ҮІІ Бағалау

І Ұйымдастыру кезеңі. 1, 2, 3 сынып болсын тып – тыныш,
Қайырлы күн достым /қайырлы күн болсын/
Бүгінгінің күні /сәттілікке толсын/
«Бір сыңарым мен, бір сыңарым сен» ойыны арқылы топқа бөлу
Ойынның шарты түстерді таңдау арқылы өз топтарын табады
Тақтада постерге жапсыру
«Жақсы сөз – жанға қуат»
Топтар бір – біріне ізгі тілек, ақ ниеттерін білдіру

ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.
«Ұққаныңды айт, ұмытқаныңды есіңе түсір» өткен материалды еске түсіру.
Үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында мынадай сұрақтар қойылады:
1) Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
2) Жай сөйлем дегеніміз не?
3) Жай сөйлемнің түрлері қандай?
4) Жалаң сөйлем дегеніміз не?
5) Жайылма сөйлемнің жасалу жолдары қандай?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
Тақтаға сөйлемдер жазып, сөйлем мүшелеріне талдату арқылы түсіндіремін.
Жаңбыр жауып тұр. Қоңырау соғылды.
- Қандай ерекшелік байқадыңдар?
- Екі сөйлемде тұрлаусыз мүше жоқ.
Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын бірнеше мысалдарды оқушылардың өздеріне келтірту. Қорытындыны оқушылар айтып, жалаң сөйлемнің ережесін шығарады.
Оқушылар мынадай ережелер шығарады:
1) Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.
2) Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын жай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.
Оқушылар шығарған ережені оқулықтағы ережемен салыстыруы керек.
Жалаң сөйлем

Бастауыш
Баяндауыш

Берілген сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелер қосуға болады.
Жаңбыр жауып тұр. Жаңбыр себелеп жауып тұр.
Қоңырау соғылды. Қоңырау шыр етіп соғылды
Екі сөйлемнің айырмашылығын ажыратады.
Оқушылар сөйлемді талдап, жайылма сөйлемнің ережесін айтады.
1) Тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.
2) Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.
Мысалдардан көріп отырғандарыңдай, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыруға болады екен. Жалаң сөйлемдерсіз жайылма сөйлем болмайтындығын көрдік.
Шығарылған ережені оқулықтағы ережемен салыстырып, оқушылардың ойларының дұрыстығына көздерін жеткіземін.
Жайылма сөйлем

Бастауыш
Баяндауыш
Анықтауыш
Пысықтауыш
Толықтауыш

Мысалдарды оқушыларға талдатып, ерекшелігін түсіндіру.
Берілген мысалдарды сөйлем мүшелеріне талдатып, жай және жалаң сөйлемдердің ерекшеліктерін тапқызу.
Жақсы сөз жалын мен оттан жаралады. Қызықты кітапты оқи бергің келеді.

1. «Ойлан, тап, ойыңды айт» айдары бойынша
Оқулықпен жұмыс /жаттығуларды орындау/
7 - жаттығу
Берілген жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр.
Тау мұнартады. Өсімдік көктейді. Жел тұрды. Шық түсті. Бұлт қаптады.
8 - жаттығу
Жайылма сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.
Депутат сайлаушылармен кездесті. Ар алтынмен өлшенбейді. Күзгі суық өңменінен өтті. Дулат ертең ауылға жүрмекші. Аңшы қақпан құрды. Құсбегі бүркіт салды.
10 – жаттығу ауызша
Атам қыстауға келді. Атам бүгін қыстауға келді
Ақан мектептен келді. Ақан мектептен қазір келді.
Хамит Болатпен сөйлесті. Хамит Болатпен бүгін сөйлесті.
Қонақтар көрмеде болды. Қонақтар кеше көрмеде болды.
11 – жаттығу суретке қарап әңгіме құра.

Абай отыр. Хамит күндегісінен ерте тұрды.
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемнің түрін ажырат.
Оқыған -..... ( білер)
Білімді -... жығар ( мыңды)

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біздер тату баламыз.
Гүл – гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.

«Тапқыр болсаң тауып көр» айдары бойынша
9 – жаттығу Сөзжұмбақты шеш /төрт/
1. Табиғи дарын, ерекше қабілет.
2. Тор құратын жәндік.
3. Үстінен пойыз, трамвай доңғалағы жылжып жүретін болат білеу жол.
4. Сан

1 - топ «Талант» сөзіне жайылма сөйлем сөйлем құра
2 - топ «Өрмекші» сөзіне жалаң сөйлем құра
3 - топ «Рельс» сөзіне
4 - топ «Төрт»
«Теріп жазып түсіндір» айдары бойынша
11 – жаттығуды орындау. Қарамен берілген сөздерді теріп жазып, сөйлем құра. Сонда тағы бір мақал шығады.
Аузында сөзі тұрмастың бір жерде өзі тұрмас. Сөз асылы – кітапта. Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын. Оқуын тапса, білім қонар.
Шығармашылық тапсырма
Жалаң және жайылма сөйлемдерді қатыстырып, «Күз» тақырыбына шағын шығарма жаз.

Қорыту: «Ойыңды ортаға сал»
1) Сөйлем дегеніміз не?
2) Сөз тіркесі дегеніміз не? Оның сөйлемнен қандай айырмашылығы бар?
3) Сөйлем айтылу мақсатына қарай қалай бөлінеді?
5) Жалаң сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
6) Жайылма сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
Бағалау
36 103
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалаң және жайылма сөйлем презентация
Жалаң және жайылма сөйлем презентация
Сабақтың мақсаты: Жалаң және жайылма сөйлем туралы білімді жетілдіріп, сауатты және көркем жазуға дағдылану 1-тапсырма: 1. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызба арқылы сызып көрсет. Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш Президент 2. Қима қағаздармен жұмыс
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң және жайылма сөйлем туралы берілген білімді кеңейту, бекіту. Сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы, №4 Булаево орта мектебі Казбекова Гулназ Мусетқызы
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алимбаева Гулшат Мұқтарқызы
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда ауылы, Қарақобда орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Анаргүл Есенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×