Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дара және күрделі етістіктер

08 мам 2015, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау қаласы,
№34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі Қыстаубаева Айнұр

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер
Мақсаты: а) Оқушыларға дара және күрделі етістіктер туралы мағлұмат бере отырып, етістіктің күрделі түрін таныту, салыстыру арқылы олардың ерекшеліктерін байқату.
ә) Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, өз бетінше, топпен жұмыс істеу машығын, нақты сұрақ қоя білу қабілеттерін арттыру.
б) Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Міндеті: Тапсырмалар мен жаттығуларды арқылы дара және күрделі етістіктерді меңгерту.
Түрі: Жаңа білімді меңгеру.
Әдіс - тәсілі: Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі технологиясы
Көрнекілігі: Интерактивті тақта арқылы сызбалар, суреттер, сауалнамалар,
ережелер, жаттығулар.

Сабақ барысы
І кезең. Оқушылық деңгей
І. Ұйымдастыру
1) Топқа бөлу І - топ «Білімділер»
ІІ - топ «Сауаттылар»
ІІІ - топ «Тәртіптілер»

2) Топтың ұраны: 1. Тобымызда білімділер,
Әрқашанда алда жүрер.
2. Сауатты жазу ұранымыз,
Ылғи бестік аламыз.
3. Тәртіп бар жерде білім бар,
Топ намысын қорғатар.

ІІ. Үй тапсырмасы
432 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрап жазу. Етістіктерді табу.
1 - деңгейлік тапсырма
Сауалнама
1. Етістік болатын сөзді тап.
а) ақшыл
ә) келді
б) ауыл
2. Етістіктің сұрақтарын көрсет.
а) кім? не?
ә) кімдер? нелер?
б) не істеді? не қылды? қайтті?
3. Етістік нені білдіреді?
а) қимылын
ә) заттың атын
б) санын
2 - деңгейлік тапсырма
Етістіктің ережесін еске түсіру.
Заттардың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтар қойылады.
3 - деңгейлік тапсырма
«Суретпен бірге күлейік»

ІІ кезең Алгоритмдік деңгей
Өз бетімен меңгеру тапсырмалары
Күннің жадын, жаңа тақырыпты жазу.
433 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Жаңбыр жауды. Жаңбыр жауып тұр. 2. Қос аққу ұшты. Қос аққу ұшып барады. 3. Айнұр кітап оқыды. Айнұр кітап оқып отыр.
Ереже шығару.
Ережені тақтадан оқу.
Етістіктердің дара және күрделі түрі болады.
• Дара етістік
Бір сөзден тұрады.
келді
оқыды
көрді
• Күрделі етістік
Екі, үш сөзден құралады.
келе жатыр
оқып отыр
көріп жүр
434 - жаттығу. Берілген етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жаз.
Ұшты, күреді, құйды, үйді, сүзді, оқыды.
• Дара етістік
ұшты
күреді
құйды
үйді
сүзді
оқыды
• Күрделі етістік
ұшып барады
күреп жүр
құйып отыр
үйіп жатыр
сүзіп отыр
оқып отыр

Сергіту сәті
436 - жаттығу. Қайсысы дара етістік, қайсысы күрделі етістік екенін дәлелде.
І топ. көздеді, ойлап жүр, ІІ - топ. келе бастады, көрді, ІІІ - топ. тоқып жатыр, шомылды.
ІІІ кезең Эвристикалық деңгей
1 - деңгейлік тапсырма
«Адасқан әріптер»
1. І - топ а, т, а, р, ы, д
ІІ - топ ү, г, р, і, д, і, ж
ІІІ - топ й, н, д, ы, о, а
2. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
2 - деңгейлік тапсырма Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдыр.
1. І топ жылыды
ІІ топ еріді
ІІІ топ ақты
3 - деңгейлік тапсырма «Суретке қарап сөйлейік»
І, ІІ, ІІІ - топтар үш сурет бойынша дара және күрделі етістіктерге сөйлем құрайды.
ІV. Шығармашылық деңгей
437 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау.
Сурет бойынша талдау жасау.
Үйге: ереже жаттау, Дара және күрделі етістіктерді қатыстырып «Көктем келді» тақырыбына әңгіме құрап келу.
Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
23 775
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістіктің өзіне тән ерекшеліктерін түсіндіру, олардың ерекшеліктерімен таныстыру. Дара және күрделі етістіктердің жасалу жолдарын мысалдармен түсіндіру.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыра отырып, дара және күрделі сын есім туралы мәліметтер беру.
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Сын есімнің дара және күрделі түрлерін ажырата білу;
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
Оқушылардың етістік, дара және күрделі етістіктер жайлы алған білімдерін толықтыру. Дара және күрделі етістіктер дұрыс қолдана білуді үйрету.
Дара және күрделі етістіктер
Дара және күрделі етістіктер
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Наурыз Ләззат Қуанышқалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×