Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ю дыбысы мен әрпі

13 мам 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек аулы,
№ 31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Нурбекова Ботагоз

Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі (слайдымен)
Сабақтың мақсаты: Ю дыбысы мен әрпін таныту; оның қосарланған дыбыс екенін ұғындыру; әріптің жазылу емлесін меңгерту; сөздерді жүргізе әрі дұрыс оқуға үйрету; ойлау қабілетін, сөйлеу тілін, белсенділігін дамыту.
Оқыту нәтижелері: Ю дыбысы мен әрпін таниды; оның қосарланған дыбыс екенін біледі; әріптің жазылу емлесін меңгереді; сөздерді жүргізе әрі дұрыс оқуға үйренеді; ойлау қабілетін, сөйлеу тілін, белсенділігін дамытады.
Негізгі дерек көздер: Оқулық, слайд - суреттер, смайликтер, әріп үлгісі, жазу үлгісі, жазу дәптері №2, электронды оқулық, тапсырмалар парағы
Сабақтың түрі: Аралас
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, өзін өзі тану

Сабақ кезеңдері:
Мұғалімнің іс - әрекеті:
І. Ұйымдастыру кезеңі 3 мин
1. Оқушылармен амандасу
2. Оқушыларды түгелдеу
3. Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.
4. Ынтымақтастық атмосферасын орнату:
Бестік болсын бағамыз, Өнер - білім көп оқып,
Білімнен бақыт табамыз. Өсе берсін санамыз
5. Жемістер арқылы «Алғырлар, тапқырлар, талаптылар, білімділер, ақылдылар» тобына бөлу.

ІІ. Өткенді пысықтау:
Білу 12 мин
Слайд: «Қоянның ормандағы саяхаты. Өз үйіне оралу үшін Қоянға көмектесу». «Кірпінің тапсырмасы»:
1. «Ой қозғау». Сұрақ - жауап арқылы жұмыс:
1 - топ: - Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?
2 - топ: - Дыбыстар неше түрге бөлінеді?
- Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашылығы неде?
3 - топ: - Буын дегеніміз не? Ата, қала сөзін буынға бөл
4 - топ: - Я қандай дыбыс? Оның басқа дыбыстардан қандай айырмашылығы бар?
5 - топ: - Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ата
2. Слайд: «Түлкінің тапсырмасы». Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазу:
1 - топ: Ұ немесе ү; 2 - топ: Ү немесе і; 3 - топ: П немесе б; 4 - топ: Ы немесе і; 5 - топ: К немесе г.
3. Слайд: «Қасқырдың тапсырмасы». Өткен сабақты бекіту.
Электронды оқулықтан тапсырма орындау, тексеру:
1) - Я дыбысы туралы не білдік?
2) Көп нүктенің орнына а, я әріптерінің тиістісін қойып жаз: т... с, тақи..., шорт... н, са... бақ, ғ... сыр, бо... у, си..., ж... рыс.
3) Суреттегі заттардың атын жазу: пияз, аяқ, ұя, Аяз ата, аялдама.
4) Суреттерге қарап, атауында я әрпі бар сөздерді ата.

ІІІ. Жаңа сабақ:
Түсіну 6 мин

1. Жаңа сабақты хабарлау
2. Слайд: «Аққудың тапсырмасы». Жұмбақ шешу:
Орманнан, жалпақ даладан Кіп - кішкене арадан
Бал іздеп бір аң жортады. Үп - үлкен боп қорқады.
- Аю туралы не білесіңдер?
3. Слайд: «Аюдың тапсырмасы».
Ю дыбысы мен әрпін таныту жұмысы:
1) Ю әрпін көрсету: баспа және жазба түрі.
2) Ю дыбысын артикуляциясына сәйкес дұрыс дыбыстатып, айтқызу.
3) Ю дыбысының қосарланған дыбыс екенін түсіндіру: й + у = ю
4) Ю дыбысы қандай сөздерде кездеседі?
5) Қорытынды жасау:
Ю – дауысты дыбыс; сөздің соңында кездеседі, й мен у - дың қосарлануынан жасалған дыбыс.
4. Оқулықпен жұмыс. Слайд - баған түрінде берілген сөздерді оқу, сурет арқылы мағынасын ашу, дыбыстық талдау жасау: аю, ою, ию, ұю, үю.

Сергіту сәті1 мин
Өлең айту, қимыл - қозғалыс жасау:
Аспанды бұлт қаптады,
Жаңбыр жауды.
Жел тұрды.
Күн ашылды,
Шақпақ шақты,
Жердің шаңы басылды.

Талдау және қолдану 5 мин
Слайд: «Тиіннің тапсырмасы».
Жазу дәптерімен жұмыс:
1. Юю әрпінің жазылу емлесін түсіндіру, тақтаға жазып көрсету.
2. Ю әрпін ауада жазу, бастыра жазу, өз бетінше әріпті жазу (2 қатар), сөздерді жазу: Юю, аю, ою.

Оқулықпен жұмыс. 10 минут
1. «Таңқурай мен қорбаңбай» өлеңімен жұмыс:
1) Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
2) Сурет бойынша мазмұнын талдау.
3) Хормен жүргізе әрі мәнерлеп оқуға жаттықтыру.
4) Өлеңді 1 қатардан тізбектеп оқу
2. Бағандағы сөздерді 2 сөзден бірнеше оқушы тізбектеп оқу

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау 6 мин
1. Слайд: «Көбелектің тапсырмасы».
Суретке қарап, сөздің жекеше және көпше түрін айту:
Аю – аюлар, тиін – тиіндер, түлкі – түлкілер, аң – аңдар.
2. Слайд: «Құстардың тапсырмасы»
«Не артық?» ойыны.
3. Слайд: «Жолбарыстың тапсырмасы»
1) Суреттегі қай заттың атауында ю дыбысы бар?
(Күн, аю, гүл, тиін, ою, көбелек)
2) Көп нүктенің орнына и, у, ю дыбыстарының тиістісін қойып, сөзді оқы: т... ін, с... ық, қо..., аза..., са... да, б... ік.
3) Сұрақ - жауап арқылы жұмыс:
- Ю әрпі туралы не білдік?
\/. Бағалау1 мин
1. Сабақ бойында формативті бағалап отыру.
2. Қоян аңдардың тапсырмаларын орындаған сендердің көмектерің арқылы өз үйіне оралды.
\/І. Рефлексия1 мин
1. Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?
2. Қай тапсырма қиын болды?
3. Қай тапсырма оңай болды?

Толық нұсқасын жүктеу
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 374
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Екі әріптің қосарлануынан айтылатын дыбыстар мен әріптер: Я -(й+а) Ю -(й+у)
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпін таныту. Ю дыбысынан енген сөздерді буындап тұтас оқуға машықтандыру. Сауатты, көркем жазуға төселдіру, мәтінді түсініп оқуға үйрету.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Ф дыбысы мен әрпі
Ф дыбысы мен әрпі
Ф дыбысы мен әрпі жайында түсініктерін арттыру, Ф дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға баулу.
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×