Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауызша қосу, азайту

14 маусым 2015, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы, Темір ауданы,
Кеңқияқ орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Оразова Гүлшат Базархановна

Тақырыбы: Қайталау
Мақсаты:
Білімділігі: балалардың ауызша қосу, азайту тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау, жүйелеу, облыс туралы маңызды мағлұмат беру;
Дамытушылығы: түрлі тапсырмалар орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ету, белсенділіктерін арттырып, облыс туралы білімдерін кеңейту, өзін - өзі бағалауды қалыптастыру;
Тәрбиелігі: шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, туған жерін сүйетін, болашақта елінің көркеюіне үлесін қосатын патриот тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ақтөбе облысының картасы, транспорт түрлері суреттері, фишкалар, слайдтар, өзін - өзі бағалау критерийі;
Типі: қайталау сабағы;
Түрі: саяхат сабақ;
Әдіс - тәсілі: түсіндіру; сұрақ - жауап; өзін - өзі бағалау;

Сабақтың барысы:
I. Бағдарлау - мотивациялық кезең.
1. 1. Психологиялық дайындық
Көп ойнаған бала болады,
Көп ойлаған дана болады.

- Сабаққа дайынбыз ба? Жарайсыңдар, балалар, ендеше сабағымызды саяхат түрінде өткізуге келісесіздер ме?
- Саяхатқа қайда шығуға болады?
- Өте жақсы, олай болса, біздің ауылымыз қалай аталады?
- Ауданымыздың аты ше?
- Облысымыз қалай аталатынын білеміз бе?
- Балалар, сіздер білесіздер ме, биыл облысымыздың құрылғанына 80 жыл толды. Осыған орай біз бүгін облысымызға ойша саяхатқа шығамыз. Сабақ барысында білімін көрсетіп, жақсы қатысқан балаға Ақтөбе облысының эмблемасы сыйға беріледі. Саяхатқа шығуға дайынбыз ба? Олай болса, алдымен үй тапсырмасын тексерейік.
2. 2. Үй тапсырмасын тексеру, қорыту, мадақтау.

II. Операциялық - орындаушылық кезең.

Слайд. Ақтөбе облысы картасы
Ақтөбе облысы 1932 жылы 22 ақпанда құрылды.
12 аудан кіреді.
Облыс орталығы Ақтөбе қаласы.
Облыста 91 ұлт өкілдері тұрады.
Жалпы халқы 682 мың 558 адам.
- Ал енді саяхатқа шығу үшін оқулығымыздағы 21 - беттегі №1 тапсырманы қарайық. Сол тапсырманы орындасақ, ауданымыздан Ақтөбеге дейін
қандай елді мекендер бар екенін білесіздер.
Оқулықпен жұмыс.
№1. Берілген (4, 5, 3) цифрлардан сандар құрап жазғызу; оның ең үлкені және ең кішісін жіктеп жазу:
453 534 435 354 345 543
345=300+40+5
543=500+40+3
- Жарайсыңдар, балалар, Шұбарқұдық – Темір ауданының орталығы,
Темір - көпір темір жол бекеті, Қандыағаш – Мұғалжар ауданының орталығы.
Алға қаласы – Алға ауданының орталығы. Бестамақ – Алға ауданының ауылы. Ақтөбе қаласы – Ақтөбе облысының орталығы. Жалпы, Шұбарқұдық пен Ақтөбенің арасы 179 км.
№3.
- Балалар, Ақтөбе қаласындағы басқару мекемелері туралы білеміз бе?
- Олармен толығырақ танысу үшін №2 тапсырманы орындаймыз.
Дәптермен жұмыс
(370 - 320)+(150 - 90)=110
(320+50)-(60+70)=240
(620+30)-(670 - 50)=30
(780 - 720)+(960 - 560)=460 (Оқушылар түсіндіруімен шығарылады)

Слайд. Әкімшілік үйі
- Облыстық әкімшілік үйі Әбілқайыр даңғылы бойында орналасқан. Облыс әкімі осы жерден басқару жұмыстарын жүргізеді.
- Балалар, бұл – облыстық әкімшілік үйі. Бұл мекеме Абай
- Ал біздің облысымыздың әкімі кім?
- Дұрыс, облысымыздың әкімі – Мұханбетов Архимед Бегежанұлы.
- Өте жақсы!
- Ал, балалар, келесі №4 тапсырманы орындау арқылы облыстың бұдан да әдемі жерлерімен танысамыз.
№4. Оқушылардың түсіндіруі арқылы шығарылады.

х+30=580
580 - х=550
х - 550=30

Слайд. Мұражай
- Мынау – облыстық өлкетану мұражайы. Мұражайда облыстағы аудандар туралы деректер сақталған. Екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатында Ақтөбе облысы, территориясы, табиғаты, үй жиһаздары, ұлттық киім үлгілері көрініс тапқан. Екінші қабатында облыстағы өндіріс орындары, өңірімізден шыққан әйгілі адамдардың өмір тарихы көрсетілген. Осы жерден біздер өнер мен мәдениет, ғылым мен спорт, мұнай, газ және ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген жерлестеріміздің атын таба аламыз.

Сергіту.
- Екі көзің не үшін керек?
- Екі құлақ не үшін керек?
- Екі қолың не үшін керек?
- Екі аяғың не үшін керек?

- Жарайсыңдар, балалар, облысымыздың бұдан да әдемі жерлерімен танысқыларыңыз келе ме? Ендеше, біз №5 тапсырманы орындаймыз.
- Есеп не туралы?
- Жолаушы қандай көлік түрлерімен жол жүрді?
- Не белгілі?
- Не белгісіз?
- Нені табу керек?
- Қалай табамыз?
- Бірден таба аламыз ба?
- Неліктен?
- Олай болса, бір тәулікте неше сағат бар?
Шешуі: 32 -(24+5) = 3 (cағ)
Жауабы: Жолаушы ұшақпен 3 сағат ұшты.

Толық нұсқасын жүктеу
3 066
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу мен азайту ұғымын біледі, түснеді және есеп шығаруда пайдалана отырып топпен жұмыс істеуге дағдыланады
Кестелік қосу және азайту
Кестелік қосу және азайту
Сандардың құрамы, қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімін бекіту. Кестелік қосу, азайтудың 2 – кезеңін қалыптастыру
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамаханова Гүлфира Нұрсұлтанқызы
2 санын қосу және азайту
2 санын қосу және азайту
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің бастауыш калсс мұғалімі Сембі Кенжегүл Бақытқызы
78 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері
78 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кайдакова Жанат Бекболатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×