Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


XXI ғасыр көшбасшысы

08 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Астана қаласы,
№ 64 мектеп - лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі
Арыстанова Қарлығаш Ақылбекқызы

«XXI ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойын
Мақсаты: 1. Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау. Оқушылардың қазақ тілінен, басқа пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде пайдалануға үйрету.
2. Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.
3. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: суреттер, сұрақтар компьютер арқылы көрсетіледі, житон, 1 - 14 сандар, кесте.
Әдіс - тәсілдері: ойын, сұрақ - жауап.

Іс - шараның барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің 3 - сыныптардың арасында өтетін «XXI ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер!
Ал енді ойынға қатысушы оқушылармен таныстырып өтейік. Әрбір қатысушы өзін таныстырады, алға қойған мақсатын айтады.

2. Бүгінгі интеллектуалды ойынымыз бес асудан тұрады
1 - асу -«Бәйге»
2 - асу -«Полиглот»
3 - асу -«Жұмбақ»
4 - асу -«Көкпар»
5 - асу -«Жорға»
3. Ойынның барысы:

1 - асу -«Бәйге»
Бәйге ат жарысы. Қай ат бәйгеден озып келсе, сол жеңімпаз болады. Сен - дерде сол сияқты тест сұрақтарына әрі тез, әрі дұрыс жауап берген 10 оқушы келесі асуға өтеді.
Сұрақтар әртүрлі. Әр сұраққа 10 секунд беріледі. 3минут 20 секундта жауап берулері керек.
1. Киіз үйдің төбесі қалай аталады? (шаңырақ)
2. Абайдың шын аты? (Ибрахим)
3. Қыс мезгілінің екінші айы? (қаңтар)
4. Қасиетті рухани тілек? (бата)
5. Рәміздерге нелер жатады? (елтаңба, ту, әнұран)
6. Қазақтың ішекті аспабы? (домбыра)
7. Жер серігі? (ай)
8. Қазақтың тұңғыш чемпионы, палуаны кім? (Қ. Мұңайтпасов)
9. Сүйекті пайдаланып ойнайтын ойын? (ақсүйек)
10. 2 - мүшел жас? (13)
11. Қазақтың тұңғыш зерттеуші ғалымы? (Ш. Уалиханов)
12. Мұсылмандардың қасиетті айы? (Рамазан)
13. Қазақтың ұлттық мерекесі? (Айт)
14. Дүние жүзінде неше мұхит бар? (4)
15. Халықаралық тіл қандай тіл? (ағылшын)
16. Қазақстанның мемлекеттік тілі? (қазақ тілі)
17. Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз? (Арал)
18. «Дружба» сөзінің қазақшасы қалай? (достық)
19. Ең үлкен жұмыртқа салатын құс? (түйеқұс)
20. Қазақта киелі сан қандай сан? (7)
Ең көп ұпай жинаған 10 бала қалады. Қалған бала ойыннан шығады.

2 - асу -«Полиглот»
Бұл асуда мақал - мәтел берілген. Сол мақал мәтелде бір сөз түсіп қалған. Сендер сол мақалда түсіп қалған сөзді тауып, оны орысшаға аударып айту керек. Әр дұрыс айтылған мақалға 10 ұпай, толық айтылмаған мақалға 5ұпай. Дұрыс айтқан әр мақалға бір житон беріледі.
1. Ел іші – алтын........... ( бесік - колыбель)
2. Гүл өссе – жердің көркі
...... өссе - елдің көркі (қыз - девушка)
3. Мектеп – кеме
Білім -.......... (теңіз - море)
4..........- отбасынан басталады (Отан - Родина)
5...........- білім бұлағы (оқу - учеба)
6...........- ғылым - тілсіз мұғалім (кітап - книга)
7.........- жаны тәтті (Жалқау - ленивый)
Еңбектің – наны тәтті
8. Ер.....- ел есінде. (есім - имя)
9. Жүз теңгең болғанша, жүз......... болсын (дос - друг)
10. Ер қанаты -........... (ат - лошадь)
Ең көп ұпай жинаған 7 оқушы келесі асуға өтеді. Келесі асу -«Жеті жұмбақ» деп аталады. Өйткені қазақта 7 саны киелі сан. Әр жұмбақтың шешуін дұрыс тапқан балаға 10 ұпайдан қосылады.

1. Жезге ұқсас сабағы
Дәні - халық тамағы (бидай)
2. Еш тесікке тұрмайды
Ол жоқта жер құрғайды (Су)
3. Жерде өсіп - өнеді,
Қажетіне кеседі (ағаш)
4. Қос қолға киемін
Жып - жылы жүремін (қолғап)
5. Мұртыменен туады
Мұртын күнде жуады (мысық)
6. Сөнбес бір,
Қырағы - Әлемнің шырағы (күн)
7. Сызық кіл жотасы
Мысықтың атасы (жолбарыс)
Ең көп ұпай жинаған 4 оқушы қалады. Олар келесі асуымыз «Көкпарға» өтеді. Бұл асуда әр оқушы өзіне бір ұяшықты таңдайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 129
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Шалқар қаласы, № 3 мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Интеллектуалдық ойын «XXI ғасыр көшбасшысы»
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Сынып көшбасшысы интеллектуалды ойын сабағы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Сагынова Ибаш Тұрғанбаевна
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×