Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алдаркөсенің алдауы

15 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Баршақұм орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Шамбаева Акзада Боранбаевна

Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Алдаркөсенің алдауы.»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Алдаркөсе туралы білетін ақпараттарын кеңейту.
Іздендіру арқылы жаңа тақырыпты меңгеруге ықпал ету.
Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ізденісін, ойлау қабілетін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, сөйлеу мәдениетін дамытуға, өз пікірін ашық та еркін жеткізуге жағдай жасау.
Тәрбиелік: Оқушы бойында адамдық ізгі қасиеттерді қалыптастыруға, жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, адамгершілікке, адалдыққа баулуға орта құру.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, екі түрлі күнделік толтыру, тірек сызбалар.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, «Аңыз адам» журналы,
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: Математика, дүниетану

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын орындау сабаққа аудару
- Әрбір адам - Туысым, досым, жұрағат
- Әрбір сабақ - Үйрену, ұғу, ұлағат
- Әрбір ісің - Тірлік, тірек, адамдық
- Әрбір сөзің - Шындық, бірлік, адалдық

Жақсы қасиеттердің барлығын бойымызға сіңіре отырып, бүгінгі сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Қожанасыр әңгімелерінен: А) Қирап қалған қиял
Ә) Шөлдеген екенсің....
Б) кітап ескірмейді?
Өтілген сабақты пысықтау
А) Қожанасыр қиялындағы байлығын есептеуге көмектесейік.
Ә) Қожанасырдың қиялын іске асыра алады дегенге сенер ме едің?
Осы сұрақ арқылы Қожанасырға мінездеме берейік.
Қожанасыр

Күлдіре отырып ойлантады
Аңқау адам кейіпінде
Халық ауыз әдебиеті мұрасы
Жамандықтан аулақ болуға

Б) Жиырма төрт Қожанасыр. (кім Қожанасырды қалай атайды?)
В) Әр елде қойылған Қожанасыр ескерткіштері. Мәскеу, Түркия, Бұхара, Анкара, Бельгия, Алшехир
Қожанасыр жайындағы шығармалар өмірдегі және адам мінезіндегі кемшіліктерді сынап - мінейтіндіктен, тәрбиелік мәнге ие. Тапқыр да күлкілі іс-әрекеттері арқылы жас ұрпақты жаманға жанаспауға үйретеді.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру бөлімі.
1. Кіріспе. «Ой шақыру» стратегиясы
Бұл қай кейіпкер сипаты: Күлдіргі, көңілді, бала мінезді, қызық, мұндай адамды халық жақсы көреді.
Қожанасырмен бірге аты аталатын шындық үшін, әділеттілік үшін күресіп жүретін халыққа жағымды кейіпкер бар. Ол кім?
(Жаңа сабақты хабарлап, тақтаға жазу)

2. Жаңа сабақты түсіндіру.
А) Алдаркөсенің алғашқы қадамы.
«Қазақ ертегілері» (1964) жинағының үшінші томында «АЛДАРДЫҢ ТУЫЛУЫ» деген аңыз бар. Осы аңыз әңгіме бойынша Алдардың әкесі Алдан деген момын кісі болған. Адал еңбегіне ақы алмай алданып, зарын шағатын әкім таппай жүргенде әйелі бір ұл туыпты. Алдан баланың атын «Қарағымның атын Алдар қояйын, алдаушылар көбейген заманда туды ғой. Мені алдаған арсыздар мендей қып мұны да алдамасын, болмаса көп асауға бір тұсау болсын, алдаушыларға тұсау болсын» деп Алдар қойыпты.
«Адам өзінің азан шақырып қойған атына сай сүреді» дейді халық. Жаратқан жаппар иеміз соны түсінген ғой, Алдар тәй-тәй басып тілі шыға бастағаннан ешкімге есесін жібермейтін ақылды да, алғыр болып өсіпті.
Оның мақсаты не болды? Кімдерді алдады?
Алдаркөсе қоғамдағы өзінен басқа ешкімді ойламайтын, ел - жұртына пайдасы жоқ, санасыз, сараң адамдарды алдау арқылы солардан кегін алды.

Ә) Алдаркөсе әңгімелері неге өміршең?
Алдаркөсе - халықтың өзі тудырған күрескер бейне. Алдау – кейіпкердің күрес құралы. Алдаркөсе - әрі данышпан, әрі қарапайым. Ол қарапайым сөзі мен іс - әрекеті арқылы нақты адам бойындағы кемшілікті, надандықты келемеждей отырып өзінің данышпандылығын танытқан ақыл иесі. Оның басты қаруы - сөз. Ол сөз құдіреті арқылы кез келген жанның кемшілігін мойындатып отырады. Тағы бірде сөзге шешендігі, тапқырлығы ақылдан туған. Содан кейін ол - ойшыл да сыншыл. Әрбір іс - әрекетінде ой бар. Сондықтан халық өз ойын, тілегін ниетін жеткізетін кейіпкерді жақсы көреді. Ол әр ісін өз пайдасына жаратса оны халық жақсы көрер ме еді.
Алғырлық пен тапқырлықтың, қулық пен айлакерліктің жиынтық бейнесі

2. Оқулықпен жұмыс 1. Іштей оқу 2. Тізбекбей оқыту
а) үш сом ә) Алдардың Шығайбайды тағы бір алдауы

3. Сөздерге түсінік
Сараң - ешкімге ешнәрсе бермейтін адам.
Қорқау – қомағай, тойымсыз.

4. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру
А) Алдаркөсе үш сомға қойды қалай сатып алды?
Ә) Оның Шығайбайды алдағанына қалай қарайсыз?
Б) Алдаркөсе қандай адам?
В) Қожанасыр мен Алдарды салыстыр

5. Сергіту сәті: Мен Алдармын, Алдармын,
Сақалыңды талдармын.
Сақал түгіл, мұртта жоқ,
Мендей қулық елде жоқ.
Мен көсемін, көсемін
Сусыз жерде өсемін
Өтірікті бөсемін
Сондықтанда көсемін.

6. Көркем жазу
«Алдар аты – күлкі аты, күлкіге өлім жоқ» Ендеше, сол күлкі өшпейтіндей Алдар да өлмес жан бейнесінде әңгімеленуі шарт. Академик - жазушы М. Әуезов

Адам баласы қашанда күлкінің таусылмауын тілейді. Өйткені күлкі бар жерде өмір бар. Күлкі – күллі жаманшылық атаулыға, әртүрлі дертке қарсы қолданылатын қуатты қару. Күлкінің мақсаты – адамдарға бақыт сыйлау, адамды тәрбиелеу. Ел басына төнген қиын күндерінде күлкі еңкіш тартқан еңселерді көтеруге, әлсіреген рухты күшейтуге көмектескен.
Алайда күлкінің де түр - түрі бар. Күлкіні үш арсыздың біріне жатқызған ата - бабамыз ұрпағын бей - берекет күлуден тыя отырып, күлкінің әлеуметтік мәнінің күшті екеніне де аса мән берген. оның бір дәлелі – халық ауызындағы күлдіргі әңгімелер мен күлдіргі кейіпкерлер. Сондай кейіпкерлердің бірі де бірегейі - Алдаркөсе. Алдаркөсе әңгімелері қоғамдағы келеңсіздіктерге, адам бойындағы жат қылықтарға қарсы күресетін ойлы күлкіге құрылды.

IV. Қорытынды бөлімі.
Шахмат Құсайынов «Алдаркөсе» пьесасын 1972 жылы жазды. Шакен Айманов – әртіс, қазақ сахна өнерінің асқан шебері. Қазақ киносының негізін қалаған адым. 1964 жылы режиссер Ш. Айманов сценарий жазды. Ш. Айманов «Алдаркөсе» фильмінде Алдар бейнесін сомдаған. Кейін араға 47 жыл салып түсірілген бұл туындыда Бақытжан Әлпейісов ойнады.
- Өзіңізге ерекше ұнаған қандай кадрлар болды? Смағұл Ақжүніс
- Келесі бір актер «Алдардың рөлін рақаттанып ойнадым»- дейді Дәурен Серғазин
- Олай болса кейіпкерлеріңіздің бір қызық оқиғасын әңгімелеп беріңіз. Сраж Ринат

Алматы қаласында Алдаркөсе атындағы көше бар. Алматы қаласында «Наурызбай мен Қабанбай саябағында Алдаркөсенің атында ескерткіш бар.
Екі түрлі күнделік
Мәтіндегі әсер еткен тұстары Қандай сұрақтарың бар?
«ХІІІ ғасырадағы тарихи және шындыққа жақын өміршең әңгімелер. Жанымызға жат дүниелер
жан – жағымыздан арбап жатыр. Алдаркөсе алдамайды. Ұлтымыздың төл туындысы түлей берсін»- деген тілекпен бүгінгі сабағымызды бағалағым келіп отыр.

V. Үйге тапсырма Үш сом. Алдардың Шығайбайды тағы бір алдауы
VІ. Бағалау

Екі түрлі күнделік
Мәтіндегі әсер еткен тұстары
Қандай сұрақтарың бар?
9 318
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Аңыздар. Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай
Аңыздар. Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай
Аңыз жанры туралы түсінік қалыптастыру; сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, адалдыққа тәрбиелеу; іздену, ойлау, өздігінен тұжырым жасауға баулу.
Алдар көсе мен салт атты (ашық сабақ)
Алдар көсе мен салт атты (ашық сабақ)
Халық ауыз әдебиетінің бір түрі болып саналатын аңыз туралы түсінік беру, мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру;
Жақсы мен жаман
Жақсы мен жаман
Баянбайдың өмір жолымен таныстыру, өлеңдегі негізгі ойды анықтау. Оқыған, жаттаған өлең, жұмбақ, жаңылтпаштарын есте сақтауға, керекті жерінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Керқұла атты Кендебай
Керқұла атты Кендебай
Жангелдин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекенова Индира Қонысбекқызы Сыныбы: 5 сынып Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» Мақсаты: Білімділік: ертегі мазмұнын түсіндіру, басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын
Ақсақ құлан, Жошы хан
Ақсақ құлан, Жошы хан
Өтегенова Набия Төлегенқызы Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі БҚО Казталов ауданы, Казталов ауылы, Казталовка ОЖББМ
Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?
Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?
Өтегенова Набия Төлегенқызы Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі БҚО Казталов ауданы, Казталов ауылы, Казталовка ОЖББМ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×