Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


22 наурыз мерекесіне арналған

16 желтоқсан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: 22 - Наурыз.
Сабақтың мақсаты: а) наурыз туралы түсінік беру, өлеңнің мазмұнын түсіндіріп мәнерлеп оқу. Сауатты оқып,"Наурыз" өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.
ә) шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойларын ірікпей айтып, дәлелді сөйлей білуге үйрету.
б) ұлттық салт - дәстүрімізді қадірлеп қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тірек сызба, плакат, гүлдер.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, бағалау, түсіндіру.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеп назарын сабаққа аудару.
Сабаққа керек құралдарын алып сабақты бастаймыз.

2. Үй тапсырмасын пысықтау.
"Әз - Наурыз туралы аңыз"- мәтінінің мазмұнын сұрап
бағалау.
- Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
- Көктем.
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
Тірек сызбамен жұмыс.

"Көктем" туралы өз ойларын айтқан оқушыға 1 ұпай беріледі.
- Бәйшешек, Жауқазын, Қызғалдақ.
- Ендеше, балалар біз"Гүл теру" ойынын ойнаймыз."Гүл теру" ойыны арқылы өткен сабақтарды қайталау.
І ІІ ІІІ

ІІІ деңгейдегі сұраққа жауап берген оқушыға 5 ұпай.
ІІ деңгейдегі сұраққа жауап берген оқушыға 4 ұпай.
І деңгейдегі сұраққа жауап берген оқушыға 3 ұпай.
Сұрақтар: ІІІ."Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы" - сөзінің мағынасы.
Жауабы: наурыз айының соңында қысқа сақтаған тамақ азайып, күн ұзарып, қарын ашып жүретін кез.

ІІ."Наурыз көже" қалай дайындалады?
Жауабы: ет, құрт, тары, бидай, кеспе,(тұз бен суды қосқанда кем дегенде жеті дәм)
Мынау наурыз көженің қалай жасалғанын айтамыз. Наурыз көжені ішіп болған соң дастарқанға не айтамыз?
- Бата.
Кім бата біледі?
І. Наурызда қандай тілектер айтылады?
Жауабы: Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле - жала жерге енсін!
І. Наурыз ата неше ағайынды болыпты?(2)
ІІ. Аңыз дегеніміз не?
Жауабы: Аңыз дегеніміз - тарихи адамдар жайында айтылатын әңгімелер.
ІІІ."Әз - Наурыз туралы аңыз " мәтінін кім жазды?
Жауабы: Нұрқасым Қазыбеков.

Оразақын Асқар. 22 Наурыз
Оқулықпен жұмыс.
Оразақын Асқар 1935 жылы Қытай Халық Республикасында туған. 1956 - 1961 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде оқиды. Оның "Ләйлә"(1977),"Таудай бол""1984" атты кітаптары балаларға арналған өлеңдерден тұрады.

Оқулықпен жұмыс.

а) Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.
22 Наурыз.
Теңелген кез күн мен түн,
Теңелмей жүр кім мен кім?
Шықса есіктен ескі жыл,
Жаңа жыл кеп кірген күн.
Жыл құсы кеп алыстан,
Айдынымен табысқан.
Суға айналып қар мен мұз,
Жылғаларда жарысқан....
Тойып наурыз көжеге,
Шық думанды көшеге.
Достарыңмен дидарлас,
Көгерсін деп көсеге.

ә) Іштей оқыту.
б) Жекелей оқыту.
в) Сөздік жұмысын жүргізу.
Көсегесі көгеру - өркені өсіп, дегеніне жету.
Ән тыңдау. Роза Рымбаеваның "Наурыз" өлеңін тыңдау.
г) Өлеңді талдау.(өздеріне ұнаған шумақтарын оқыта отырып талдату.
- Ал, енді балалар "Көкпар" ойынын ойнаймыз. Көкпар ойынының мақсаты:
аттар бір - бірімен жарысып озу.

а) ІІІ. Наурыз сөзіндегі "нау" және "рыз" сөздері қандай мағынаны білдіреді?
Жауабы: Наурыз - парсы сөзі. Қазақша аударсақ, алғашқы буыны "нау"- жаңа, "рыз"- күн деген ұғымды білдіреді.
Жылдың басы қай айдан басталады?
Жауабы: Наурыз.
Мерекеде қандай ойындар ойналады?
Жауабы: Алтыбақан, Қыз қуу, Бәйге, Көкпар, Аударыспақ, Алтыбақан, Теңге ілу тағы
басқа.
Жаңылтпаш білесің бе?
Тудың авторы кім?
Жауады: Шәкен Ниязбеков.
Елтаңбаның авторы кім?
Жауабы: Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.
Тудың ішіндегі күннің шуағы қанша?(32)

ә) Кімде - кім наурыз жайлы тақпақ айтса соның жеңгені.

Суретпен жұмыс.
Суретке қарап кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табу. 5 - сөз кім бірінші айтса сол жеңгені.

Сабақты қорытындылау: Дәптермен жұмыс."Бәйге" ойыны. Бәйге ойынында балалар "Наурыз - жыл басы" сөзінен сөз құрау. Кім көп сөз құраса сол жеңгені.(2минут беріледі).
Мысалы: ау, бас, ас, рас, нар.
Үйге тапсырма: 22 - Наурыз өлеңін жаттау.
Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды ұпай саны арқылы тиісті бағалармен бағалау.
6 323
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек.
Бәйшешек. Жауқазын
Бәйшешек. Жауқазын
Оқушыларда заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғымды меңгерту. Гүлдердің қасиеті, мәні туралы әңгімелеп, балалардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру.
Наурыз көже
Наурыз көже
Әңгімені түсініп, мәнерлеп оқуға, мазмұнын әңгімелей алуға үйрету. Наурыз көже туралы түсінік беру. Ұлттық тағамдарды қадірлей білуге, салт - дәстүрімізді сақтауға, елінің байлығын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.
Көктем келді. М. Әлімбаев
Көктем келді. М. Әлімбаев
Бастауыш сынып мұғалімі Чалбасова Жанар Мырзатайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×