Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз көже

12 қыркүйек 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Наурыз көже

34 - 35 сабақ
Әдебиеттік оқу.
Сабақтың мақсаты: а\ Әңгімені түсініп, мәнерлеп оқуға, мазмұнын әңгімелей алуға үйрету. Наурыз көже туралы түсінік беру.
ә\Ұлттық тағамдарды қадірлей білуге, салт - дәстүрімізді сақтауға, елінің байлығын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.
б\Көркем сөйлеу, тіл байлықтарын дамыта отырып, ойын жеткізе білуге дағдыландыру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, салауаттану.
Әдісі: сұрақ - жауап.
Түрі: аралас.

Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқу - құралдарын түгендеу.
ІІ Өткен сабақты пысықтау..
а\Ертегіден түсінгендерін айту.
ә\Құстар біздің досымыз тақырыбында әңгімелеу.
б\«Қарлығаштың ұясы»тақырыбында шығарма.
Фонетикалық жаттығу «Таңырқау»
- Біз әдемі киім көрдік. Біз қалай таң қаламыз?
Ай - ай - ай, ай - ия қандай әдемі! Барлықтарыңыз менен кейін асықпай қайталаңыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Кіріспе әңгіме:
Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Бақыт жылы болғайсың!
Бізге беріп жаңа жыр,
Бізден алғыс алғайсың.

1. Жаңа жыл деп қай мерекені айтып тұр?
2. Наурыз мерекесін біз қалай қарсы аламыз.
3. Қандай салт - дәстүрімізді білеміз?
4. Ұлттық тағамдарымызды атаңдар.
5. Биыл қай жылды қарсы аламыз?
6. Өткен барыс жылы туралы әңгімелеу.

Сергіту сәттері.«Есте сақтауын дамыту»
Орнымыздан тұрайық
Ал алақанды соғайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық

2. Оқулықпен жұмыс.
а\Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.
ә) Наурыз көженің қай кезде қалай жасалатынын тауып оқу.
3. Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Наурыз көже неліктен қасиетті тағам саналады?
- Наурыз көжеге неше түрлі тағам қосады? Атап бер.

IV. Сабақты бекіту.
1. Наурыз мерекесі бейнеленген сурет бойынша әңгімелеу.
2.«Қош келдің Наурыз»әнін шырқау.
3. Біздің мектебіміз Наурыз мерекесін қалай қарсы алады. Әңгімелеу.

V. Үйге тапсырма.
1. Әңгімені мәнерлеп, түсініп оқу.
2.«Қош келдің, Наурыз!»тақырыбына шығарма жазу.
VI. Бағалау.
2 258
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Наурыз ертеңгілігі
Наурыз ертеңгілігі
Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Халқымыздың салт дәстүрімен таныстыру. Ұлттық мерекелерді құрметтеуге, әдет ғұрыпты сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Ақыл мен Бақыт
Ақыл мен Бақыт
Оқушыларға адам баласының бойындағы ақыл, білім, ар, мінез туралы түсінік беру. Ізденіп білім алуға, алған білімдерін орынды қолдана білуге тәрбиелеу.
Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?
Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?
Әңгімені оқытып, мазмұнын ашу, жақсы мен жаман қылықтар туралы түсінік беру.
Н. Қозыбаев «Наурыз көже»
Н. Қозыбаев «Наурыз көже»
Қарағанды облысы, Сатпаев қаласындағы №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймұханова Бақыткүл Издібайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×