Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абылай хан

19 желтоқсан 2015, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Абылай хан. 141 - 142 жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Заттың санын білдіретін сөздер туралы білімдерін тиянақтау. Олардың сұрақтарын меңгерту және сөйлем ішінен сұрақ қою арқылы таба білуді үйрету. Абылай хан мәтінін оқып таныстыру, хандар туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, слайд көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: «Жазушылар» топтамасы, интерактивті тақта,

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабақты хабарлау.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Психологиялық дайындық

Үй тапсырмасымен жұмыс:
Махамбеттің тапқырлығы мәтінінің мазмұнын сұрақтар қою арқылы талдау.
- Махамбеттің үстінен тергеушіге не түсті?
- Махамбет қайда аттанды?
- Тергеуші не деді?
- Махамбеттің жауабы қандай болды?
- Ауылға келген тергеуші Махамбеттің орнына қандай жауап алды?
- Махамбет тапқырлығымен кімнен құтылды?

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Топтық жұмыс
Әр топтағы әр оқушы сөз таптарына мысал келтіре отырып әр топ бір сөйлем құрап айтады.

1 - топ 2 топ 3 топ 4 топ
алма алды қызыл төрт

Төрт қызыл алма алды.
Әр топ бір сөз табының ережесін айтып, мысал келтіріп, сұрақ қойып талдайды

Жаңа сабақ.
1. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Бүгін біз сендермен балалар Абылай хан туралы оқып танысамыз. Ол кісінің ерліктері мен елді басқару жұмысында жеткен жетістіктерімен танысып, білетін боламыз.

2. Жаңа сабақты түсіндіру
Абылай (Әбілмансұр) хан — (1733 — 1737) билік құрған. Абылай хан (1711 - 1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе - жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш - жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Бұл, Ш. Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек.
Төле бидің тәлім - тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т. б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Қай жылы туса да, 1730 - 33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе - жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.

3. Оқулықпен жұмыс
- Мәнерлеп оқып беру.
Абылай хан
Қазақ хандарының арасында Абылайдың орны ерекше. Абылай хан Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет болуы жолында көп еңбек сіңірген. Ол Төле, Қазыбек, Әйтеке сынды билердің ақылына жүгінген. Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Наурызбай сынды батыр бабалардың қаһарман ерлігіне сүйенген. Болашақ ісіне солардан бағыт алып отырған.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.

4. Сергіту сәті.

5. Дәптермен жұмыс
Көркем жазу сәті. Көркем жазуға Ж әрпін жазып жаттығамыз.
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).

141 – жаттығу.
1. Мереке күндерін еске сақтаңдар.
2. Қызылмен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.
3. Нешінші? Сұрағына жауап беретін сөздер мен ай аттарын білдіретін сөздерді жазыңдар.
Мереке күндері
1 – 2 қаңтар – Жаңа жыл
8 – наурыз – Халықаралық әйелдер күні
22наурыз – Наурыз мейрамы.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
9 – мамыр – Жеңіс күні
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні.
Бірінші, екінші қаңтар, сегізінші наурыз, жиырма екінші наурыз, бірінші мамыр, тоғызыншы мамыр, отызыншы тамыз, он алтыншы желтоқсан.

6. Мақалдарды талдау.
Мақалдар.
Жер таусыз болмайды,
Халық хансыз болмайды.
Ханда қырық кісінің ақылы бар.

7. Шығармашылықпен жұмыс
Қазақтың ең бірінші ханы - Әз Жәнібек пен Керей хан болған.
Қазақтың ең соңғы ханы - Кенесары хан болған.
Ең алғашқы жеті жарғыны құрған хан - Тәуке хан.
Үш жүздің басын қосқан хан - Абылай хан болған.

8. Жаңа сабақты бекіту
Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
- Біз қандай тақырыппен таныстық?
- Абылай хан елі үшін қандай жұмыс жасаған?
- Абылай хан кімдермен ақылдасып отырған?
- Абылай ханмен бірге елін қорғаған үзеңгілес батырлар кімдер болды?

Сабақты қорыту:
Балалар биыл қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл болыпты. Бұл 550 жылдық мерей той қазақ жерінде еліміздің кешегісін еске алу мақсатында тойланып отыр. Сондықтан, хандар туралы біліп жүргендерің дұрыс болар еді.
- Қане бүгінгі сабақтан кімдер туралы білдік?
- Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма:
Әңгімені мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу. Мақалды жаттау. 142 жаттығуды орындау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау
5 453
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Оқушыларды тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру. О. Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Оқушыларды «Жаңбыр» өлеңі мен «Бұлбұлдың әні» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен сұлулығы жайлы әңгімелеу.
Үйшік. (Орыс ертегісі)
Үйшік. (Орыс ертегісі)
Оқушыларды халық ауыз әдебиеті – халық шығармаларының түрлерімен таныстыру. Ертегі түрлерімен таныстыру.
Атай. Ә. Дүйсенбиев.
Атай. Ә. Дүйсенбиев.
Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Бесік жыры.
Бесік жыры.
Оқушыларды М. Жұмабаевтың еңбегімен, шығармашылығымен таныстыру. Мәтінінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Шыбық. Сансызбай Сарғасқаев
Шыбық. Сансызбай Сарғасқаев
Оқушыларды Сансызбай Сарғасқаевтың «Шыбық» әңгімесімен таныстыру. Шығарманың мазмұны мен идеясын меңгерту. Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×