Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қосу және азайту 26+7; 33 - 7

21 қаңтар 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Алматы облыстық №15 мектеп - интернатының
бастауыш сынып мұғалімі
Турдалиева Рысгүл Бақытнұрқызы

Математика 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту 26+7; 33 - 7
Сабақтың мақсаты: Бөлшектеп қосу және азайту тәсілдерін көрнекілікке сүйене отырып енгізу; сол тәсілдерді қолдану үлгісін көрсету; Есептеулер жүргізудің сәйкес тәсілін көрнекілікке сүйене отырып енгізу, оны қолданудың үлгісін көрсету. Екі амалмен шығарылатын есепті (қосындыны, қалдықты табу, «сонша») шығаруды пысықтау. құрылымы күрделі санды өрнектер мен әріпті өрнектермен әр алуан іс - әрекеттер орындауға машықтандыру., ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту. Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым - қатынасқа
Күтілетін нәтиже: Ондықтан аттап қосу мен азайтуды үйренеді және соған байланысты есеп шығарады. Ауызша есептеуге дағдыланады. Балаларды бір - бірімен жұп және топ болып жұмыс жасай алады.
Қолданылған модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
1. Көшбасшылық
2. АКТ пайдалану 3. Сын тұрғысынан ойлау
4. Диалог.
5. Бағалау
Сабақтың түрі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Белсенді оқытатын сабақтың әдіс - тәсілі: Түрлі тапсырмаларды түсіндіру, сұрақ қоюдың түрлері және жинақтау.
Пайдаланатын ресурстар: АКТ /интербелсенді тақта,/ слайдтар, бағалау парағы.
Түйінді идеялар: - Сабақты меңгерту барысында оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін қолдану;
- Оқушының ой өрісін дамытатын тапсырмалар беру

Барысы:
Ынтымақтастық ортасын құру:
- Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
- Оқушылар бір – біріне сәттілік тілейді.

Топқа бөліну:
- Топтарға бөлу;
- Оқушылар топқа бөлінеді.

Бағалау парағын түсіндіру:
- Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындау. Толық орындалған тапсырмаға +, толық емес тапсырмаға « – « таңбасын қойып ортақ бағасын шығару.
- Оқушылар топтарға бөлінеді.+,- таңбаларын қою арқылы өздерін бағалайды.
Үй тапсырмасын сұрау:
117 беттегі 6 - тапсырма;
(48 + 2) + 5= 55
(57 - 7) – 2 = 48
(36 + 7) + 3 = 46
(65 - 7) + 4 = 62
Оқушылар берілген есептің шешуін оқиды.

«Кім жылдам» ойыны:
1. Шаршы дегеніміз?
2. Тіктөртбұрыш дегеніміз не?
3. Кем десе не істейміз?
4. Периметр дегеніміз не?
Оқушылардың «Кім жылдам» ойыны арқылы көңіл күйлері көтеріледі.

1. Ой сергіту:
Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг? (Сиыр екі аяғымен тұра алмайды.)
2. Дорбадағы он асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? (Бір оқушы дорбасымен бірге алады.)

Математикалық диктант:
7 онд. = 70
1 онд. 2 бірл. = 12
3 онд. 9 бірл. = 39
1 сағ. 10 мин = 70
1 тәулік 2 сағ. = 26
9 онд. = 90
Оқушылар тақырыпты оқушылардың өздері ашуға жағдай жасау.
Ондықпен берілген сандарды бірлікпен жазады. Сағатты минутқа, тәулікті сағатқа айналдырып, сан түрінде жазады.

Тақтамен жұмыс:
№1 а. Мұғалімнің түсіндіруі.
26 + 7; 33 – 7 түріндегі қосу мен азайтуды түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс
№1 ә.
49 + 4
62 – 8
53 – 4
86 + 9
54 + 8
95 – 9
Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы орындайды.
Тақтаға шығарады.
Есептер шығару
№2 Есепті шығар
Қоймада бірінші күні 20 қап, екінші күні одан 5 қап картоп артық іріктеді. Ал үшінші күні бірінші және екінші күні қанша болса, сонша картоп іріктелді. Үшінші күні қоймада неше қап картоп іріктелді?

Бірінші күні – 20 қап
Екінші күні -? 5 қап артық
Үшінші күні -?
Шешуі: (20 + 5) + 20 = 45 (қ)
Жауабы: Үшінші күні 45 қап картоп іріктелді.
Оқушылар ойланады, пайымдайды
Есепті шығарады.

Сергіту жаттығуы
Секіреміз топ, топ, топ,
Шапалақтап көп, көп, көп.
Оңға қарай иілеміз бір, екі, үш,
Солға қарай иілеміз бір, екі, үш.

Оқушылар сергиді.
Топтық жұмыс:
№ 3
1 - топ. 83 + 7 = 80 + (3 + 7) = 90
83 + 9 = 80 + (3 + 9) = 93

2 - топ. 92 – 9 = 80 + (12 - 9) = 83
68 + 2 = 60 + (8 + 2) = 70

3 - топ. 74 – 4 = 70 + (4 - 4) = 70
74 – 8 = 60 + (14 - 8) = 66

4 - топ. 8 + 85 = (8 + 5) + 80 = 93
93 – 3 = 90 + (3 - 3) = 90
Оқушылар ойланады, пайымдайды, талдайды.

Есеп шығару. Тақтамен жұмыс.

№ 4
Тік төртбұрыштардың нөмірлерін теріп жаз. Әр тік төртбұрыштың периметрін тап.

Ені – 1 см
Ұзындығы – 2 см
Р -?
Шешуі: 1+2+1+2 = 6 cм
Жауабы: тік төртбұрыштың периметрі 6 см.

Ені – 3 см
Ұзындығы – 2 см
Р -?
Шешуі: 3+2+3+2 = 10 cм
Жауабы: тік төртбұрыштың периметрі 10 см.
Оқушылар орындарында отырып шығарады. Бірінші, әрі дұрыс шығарған оқушы қалғандарын тексереді.
№ 5
Бірінші күні – 36 сәбіз
Екінші күні –? ---------------- 6 сәбіз кем
Үшінші күні -?
Шешуі: (36 – 6) + 36 = 66 (с)
Жауабы: Үшінші күні 66 сәбіз жинады.

Қорытынды:
Топтық жұмыс:
№ 6
1 - топ. 50 + (6 + 7) = 63
2 - топ. 40 + (13 – 9) = 44
3 - топ. 30 + (8 + 10) = 48
4 - топ. 60 – (15 – 8) = 53
Орындарында отырып топпен жұмыс жасайды. Топ басшылары тексереді.
Бағалау

Оқушылар тапсырманың орындалуына байланысты өз - өздерін бағалайды

Үйге тапсырма беру:
119 - бет, 7 - тапсырманы шығару

Рефлексия: Кері байланыс: бүгін сабақты түсіндім дегендер бармақты жоғары көтереміз, жартылай түсіндім дегендер жанына, түсінбедім дегендер төмен қарай көрсету
Оқушылар сабақта алған әсерін стикерге жазады.
6 774
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жазбаша қосу және азайту
Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: 1. Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайтуды үйрету және есептеу әдістерін қалыптастыру. 2. Математикалық ұғымдарды меңгерту, оқушылардың ережені ұғынуын, шығармашылық ойын дамыту.
Қайталау.
Қайталау.
Есептеу тәсілдерін қолдануға машықтандыру. Есептеулер жүргізудің сәйкес тәсілін көрнекілікке сүйене отырып енгізу, оны қолданудың үлгісін көрсету.
26+7 және 33 - 7 жағдайларындағы қосу және азайту.
26+7 және 33 - 7 жағдайларындағы қосу және азайту.
Бөлшектеп қосу және азайту тәсілдерін көрнекілікке сүйене отырып енгізу; сол тәсілдерді қолдану үлгісін көрсету; Есептеулер жүргізудің сәйкес тәсілін өрнекілікке сүйене отырып енгізу, оны қолданудың үлгісін көрсету.
Екі амалмен шығарылатын есептер
Екі амалмен шығарылатын есептер
Екі амалмен шығарылатын есеппен және оны шығарудың жолымен алғаш таныстыру, осындай есептің мәнді белгісін тағайындау. 2 - ні қосу және азайтудың кестелік жағдайларын екі амалдан тұратын өрнектермен, теңдеулермен, есептеулермен байланысты әр алуан
Қосу мен азайту 26+30 56 - 30
Қосу мен азайту 26+30 56 - 30
Ондықтарды ондықтарға қосуға және ондықтардан ондықтарды азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру; екі амалмен шығарылатын есепті және ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық жүргізу; амалдардың орындалу ретін
Екі санын қосу және азайту
Екі санын қосу және азайту
2 санын бөлшектеп қосу және азайту тәсілін қолдану, 2 санын бөлшектеп қосып және азайтуды біледі, ондықтан аттап 2 санын қосу және азайту тәсілдерін біледі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×