Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

05 қараша 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 4 сынып
Тақырып: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың дара және күрделі түрлері туралы білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен дара және күрделі сөйлем мүшелерін табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.
Сөйлем мүшелерін ажырата білуін, сөйлемнің мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуге үйрету, оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыту. Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер,, тірек - сызба, слайд
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тірек - сызба
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, ән - күй,
Күтілетін нәтиже: сөйлем, сөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы түсініктерін байытады, оқу – жазу дағдылары қалыптасады, оқуға деген құштарлықтары артады.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру Амандасу.
Психологиялық дайындық
Аспанымыз ашық болсын
Түніміз тыныш болсын
Ауамыз таза болсын
Суымыз мөлдір болсын
Аман сау болайық
Өткенді еске түсіру. Миға шабуыл
- « Біз не білеміз?»
- Сөйлем деген не?
- Сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер?
- Сөйлем мүшелерін атаңдар?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе
- Мына сөйлемдерді оқыңдар. Сөйлем мүшелерін тауып, салыстырыңдар
Мысалы: Аула тазартылды. Аула іші тазартылды. Әсел үйге кірді. Әсел үйге кіріп келді.
Слайд арқылы сөйлемнің дара және күрделі мүшелеріне ереже шығарады
Сөйлем мүшесі дара сөзден де, күрделі сөзден де жасалады. Жеке ( немесе бір ) сөзден жасалған сөйлем мүшесі сөйлемнің дара мүшесі деп аталады. Екі немесе бірнеше сөзден жасалған сөйлем мүшесі сөйлемнің күрделі мүшесі деп аталады.
1. 2 – жаттығу. Мәтінді көшіріп жазу. Сөйлемдердегі күрделі мүшелерді тауып, астын сызу.
Бірінші рет, бір үлкен, арғы жағынан, бергі тұстан, көргім келді
2. 3 – жаттығу. Қарамен жазылған сөздер сөйлемнің қандай мүшесі екенін табу.
Ертіс суын ( тұрлаусыз мүше ), бес жүз( тұрлаусыз мүше ), бес саусақтай ( тұрлаусыз мүше)
3. 5 – жаттығу. жұмбақтарды оқып, шешуін табу.
Тігіп алып көк шатыр,
Қызыл күрең доп жатыр. ( қызылша )
Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол ұзыны,
Оны сен де танып ал. ( керік )
4. Қорытынды
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма: 4 – жаттығу
48 847
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Оқушыларды сөйлемнің дара және күрделі мүшелерімен таныстыру. Құрамында күрделі мүшелері бар сөйлемдер құрастыра білуге үйрету.
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Құрамында күрделі мүшелері бар сөйлемдер құрастыра білуге машықтандыру. Дара және күрделі мүшелерді ажырата білу.
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері 22 - 27 жаттығу.
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері 22 - 27 жаттығу.
Cөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы түсінік беру, сөйлем мүшелеріне талдату және оның мағынасы туралы білімін тиянақтау; сөздік қорын, ақыл - ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Cөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы түсінік беру, сөйлем мүшелеріне талдату және оның мағынасы туралы білімін тиянақтау
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері
Сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың байланыстары туралы білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен жалаң және жайылма сөйлемді табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім. Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру, сөйлем ішінен дара және күрделі сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға, бір - бірінен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×