Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бұғышақ пен оның серігі

28 сәуір 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Бұғышақ пен оның серігі.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: ертегіні оқып, мазмұнын түсінуге, өмірмен байланыстыра отырып, идеясын ашуға мүмкіндік беру.
Дамытушылық: сөздің мән - мағынасын ажыратуға жаттықтыру.
Тәрбиелік: шығармашылық жұмыстар арқылы өз бетімен жұмыс жасауға жағдай туғызу, мәселені шешудегі батылдық, ізденушілік қасиеттері мен дағдыларының дамуына мүмкіндік жасау, ерік беру.
Сабақтың көрнекілігі: топтау сызбасы, бұғы суреті.
Сабақтың барысы:
1. Қызығушылығын ояту.
Оқушылар топпен отырады.
Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында, әр топқа тапсырма беру.
- Балалар, мысалы, сендер үйден шығарда, бір жаққа кетерде ата - аналарың қандай ескертулер айтады? ( Оқушылардың жазған сөздерін тыңдау. Сіз күтпеген сөздер болатынына дайын болуыңыз керек екендігі анық).
- Бұл сөздер күнде айтыла ма?
- Ал күнде айтқан сайын, сендер қандай жауап қайтарасыңдар? (Оқушылардың ауызша жауаптарын тыңдау). Сендер көшеге, бір жерге жолдас, серіктеріңмен шығасыңдар. Ата - анаң да, сен де жолдасыңның жақсы болғанын қалайсыңдар.
3. Мағынаны тану.
- Бүгін біз осы жағдай сияқты «Бұғышақ пен оның серігі» атты ертегіні оқимыз. Қазақ халқы жаңына ерген адамды серік, жолдас, сапарлас деп атайды. Ол адам дос болмауы да мүмкін. Себебі адамдар қызмет, оқу, жұмыс бабымен бірге жүруге тура келеді. сендердің де жолдастарың өте көп, ал досың біреу ғана болуы мүмкін.

Ертегіні оқыту. Оқып болған соң, оқулықтың тапсырмалар бөлігінен екінші, үшінші сұрақпен жұмыс жасау. Бұл жерде оқушылардың өз өмірлерімен де байланыстырып, ата - ана қамқорлығын сезіндіру.
- Бұғышақтың қандай сөздері әкенің қамқорлығын білдіреді? (Мәтіннен іздеп табу)
ата - ана баласының жолдастары жақсы болғанын қалайды.
- Ертегідегі Бұғышақтың әкесі оның жанындағы серігін төрт рет сипаттайды. Осы сипаттаулардан Бұғышақтың жолдасының ең жақсы қасиеттерін іздеп, түртіп алып, жазып отыру керек. Оны топтасу сызбасына дәптерлеріңе түсіресіңдер. Әр топтан бір оқушы шығып сипаттау бойынша түсіндіреді. Тақтадағы плакатқа: 1. мықты; 2. айлакер; 3. ақылды, сақ; 4. мейірімді деген сөздер жазылады.
- Балалар, кестедегі Бұғышақтың жолдасының қасиеттеріне қараңдаршы. Сендерге қайсысы ұнайды? (Оқушылардың пікірлерін тыңдау).
1. мықты
2. айлакер, ержүрек
3. ақылды
4. мейірімді

Енді сызба бойынша жұмыс жүргізіледі.
- Бірақ, балалар, Бұғышақ серігін қанша мақтаса да, әкесі оның жолдасының бір қасиетін естігенше ғана (.. Енді. балам, сені алаңдамай күтетін боламын», + деді. Бұл қандай қасиет? Мәтіннен тауып оқыңдар.

3. Ойтолғау.
- Мейірімділік - әкесі таныған жақсы мінез екен. Өйткені мейірімді адам үнемі адамға жанашырлық жасауға дайын тұрады. Барлық қасиеттер жақсы екенін әкесі де түсінеді, бірақ соның ішінде бәрінен мейірімділік жақсы екенін айтады. Ал сендер ең мейірімді адам кім екенін өте жақсы білесіңдер... Сонымен балаларға «Анашым, алаңдама!» атты эссе жазу тапсырылады. Сабақты осы жұмыс арқылы қорытындылау.
Оқулықтағы сұрақтар мен мақалдар және қиын сөздер бойынша жұмыс жасау.
Үй тапсырмасы мұғалімнің қалауы бойынша беріліп, оқушылар білімі бағаланады.
6 392
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Азот қышқылы, нитраттар
Азот қышқылы, нитраттар
Тақырып мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып түсінуге мүмкіндік беру тақырып идеясындағы мәселелерді жан – жақты іздестіру арқылы баланың шындыққа көзқарасын айқындауға жағдай туғызу.
Балалар елін бағындыру. Н. Ақышев
Балалар елін бағындыру. Н. Ақышев
Ертегі мазмұнын оқып, түсіну арқылы тақырыбы мен идеясын ашуға, оны өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.
Қоңырау. Н. Әлімқұлов
Қоңырау. Н. Әлімқұлов
Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра әңгімелеуге, өлеңдегі бала сезімдерін байқай білуге, өздік жұмыстар арқылы өлең шумақтарын талдауға мүмкіндік беру.
Өкініш. М. Қуанышбеков
Өкініш. М. Қуанышбеков
Әңгімені өз беттерінше оқып, мазмұны мен идеясын аша білуге, өмірмен байланыстыра талдау арқылы идеясын түсінуге мүмкіндік жасау
"Ұшқан ұя" Бауыржан Момышұлы
"Ұшқан ұя" Бауыржан Момышұлы
Сабақтың тақырыбы: Ұшқан ұя. Бауыржан Момышұлы
Жыртық кітап
Жыртық кітап
Раушангүл Кенжебайқызы Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Р. Елебаев атындағы Құдықағаш қазақ орта мектебі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×