Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдебиеттік оқу 3 сынып күнделікті сабақ жоспарлары

03 қараша 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұйқышыл.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды өлеңдегі кейіпкердің бейнесіне қарап, жаман әдеттен аулақ болуды сезіндіру.
2. Бейнелі сөйлей білу дағдыларын жазу арқылы арттыру.
3. Ұйқышыл болғанның адамға келтіретін зиянын түсініп, жаман мен жақсыны салыстыру бағалау дағдыларын дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Оқу, түсіндіру.
Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.

УІ. Жаңа білімді меңгерту:
Өлеңді мәнерлеп, дауыс ырғағымен келтіре оқу.
Өлеңді оқушыларға тізбекпен оқыту.
Өлеңдегі кейіпкердің бір күнгі тіршілігін сипаттап айтқызу
Мысықбайды ұйқыдан құтқару үшін қандай айла жасауға болады?
Ақын өлеңде Мысықбайды қандай көңіл күйде жазған? Дәлелдеу.
А) Мысқыл мен күлкі;
Ә) Реніш пен уайым.
Ақын Мысықтың ұйқысын неге теңеп тұр?
Өлеңнің қай жолдарында Мысықбайдың мұраты туралы айтылған. Тауып оқып беріңдер.
Дәптермен жұмыс.
Ұйқыщылдық салдарынан адамға келетін зиянды топтастырып жазу.
«Ұйқыашар» атты мысал құрастыру үшін болжам жасау:
А) Мысал кейіпкерлерін ойлап тап.
Ә) Оқиға орнын ата.
Б) Мысал: күлкілі, аянышты, қорқынышты көңіл күйде жазылады.

ІУ. Сабақты қорытындылау:
Жаңа материал боынша оқушылардың қаншалықты түсінген, түсінбегенін байқау үшін сұрақтар қойып, жауап алу, түсінбеген тұстарын түсіндіру
У. Үйге тапсырма беру:
Жалқаулық туралы мақал - мәтелдер тауып жазып келу..

Әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов. Автобиографиялық әңгіме.

Сабақтың мақсаты: 1. Автобиографияны түсініп оқып, түсінгендерін сұрақтар арқылы
тексеру. Оқушылардың тіл белсенділігін арттыру.
2. Әдебиетке, көрке шығармаларға деген қызығушылықтарын арттыру,
ертегі арқылы оқушыларды адамгершілікке, достыққа деген жақсы
қасиеттерді қалыптастыру.
3. Есте сақтау қабілеттері мке оқу және жазу мәдениеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: кесте, суреттер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты жан - жақты пысықтау:
Ы. Алтынсарин «Өнер – білім бар жұрттар».
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:
Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.
УІ. Жаңа білімді меңгерту:
- Балалар бүгінгі сабағымызда Ғ. Мүсіреповтың Өмірбаянымен танысамыз
Ғ. Мүсірепов Солтүстік Қазақстан облысында Жамбыл ауданы Жаңажол ауылында дүниеге келген. Ғабит Мүсірепов - халық тұрмыс - тіршілігін тамаша суреттеген көптеген шығармалардың авторы. Әңгіме жазудың шебері.

Авто биография - өмірбаян
Тілін сындыру - сауатын ашу.
Қозы - лақпен етектесе отыру - қозы - лақпен қатар отыру.

У. Сабақты бекіту:
Мәтіннен үзінділер тауып, жазушы өмір сүрген заманды сипаттаңдар.

УІ. Сабақты қорытындылау:
Жаңа материал бойынша оқушылардың қаншалықты түсінген, түсінбегенін байқау үшін сұрақтар қойып, жауап алу, түсінбеген тұстарын түсіндіру.
«Таза қол» және мақтаншақтық туралы ұстаз сөзін қалай түсінесің?
Мәтінде өздеріңді таңдандырған не нәрсе?
«Білгенің - бір тоғыз білмегенің тоқсан тоғыз» деген нақыл сөзді қай кейіпкерге айтар едің?.

УІІ. Оқушылар білімін бағалау, күнделіктеріне қою.
УІІІ. Үйге тапсырма беру: «Сауысқан мен Көкек» ертегіні оқу.

Әдебиеттік оқу.
Сабақтың тақырыбы: Балалар елін бағындыру. Н. Ақышев

Сабақтың мақсаты: 1. Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.
2. Өз бетімен талдау, саралау, қолдану арқылы шығармашылық тапсырмаларды орындату.
3. Адам өміріндегі жан - жақты үйлесімділік деген ұғымды түсіндіруге мүмкіндік жасау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: топтау, «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы.
Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын: Ұйқышыл
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:
Ертегі мазмұнын оқып, түсіну арқылы тақырыбы мен идеясын ашуға мүмкіндік беру.
ІУ. Жаңа білімді меңгерту:
Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
Балалар жақсы өмір сүру үшін не керек?
1. «Ойын» тобы 4. «Спорт» тобы
2. «Еңбек» тобы. 5. «Өнер» тобы
3. «Оқу» тобы 6. «Кітап» тобы
Әр топ ертегі мазмұнын түсініп оқу тапсырылады.
Өз топтарының аты болып тұрған ұғымның пайдалы, зиянды жақтарын теріп жазады.
Балалар мәтінді оқи отырып, түсінбеген сөздерді немесе тиісті тапсырма бойынша түртіп алып, оқып отырады.
Жұмыс аяқталған соң, әр топтан бір оқушы шығып, мазмұнын әңгімелейді. Тақтаға жұмыс нәтижесі түсіріледі. Оқушылардың сөйлеуі кезінде оларға сұрақтар қойылады: Мысалы:
-«Ойын» тобы өздерінің бастапқы пікірлеріңе өзгеріс кіргіздіңдер ме?
-«Еңбек « тобы, сендер балалардың қандай еңбекпен шұғылданғанын қалайсыңдар?
-«Оқу» тобы, адам қанша жыл білім алу керек деп ойлайсыңдар?
-«Спорт» тобы, сендерге өмірде спортпен шұғылдануға кедергі келтіретін не деп ойлайсыңдар?
-«Өнер» тобы, адам қанша өнер түрін игере алар еді?
-«Кітап» тобы, кейбір балалар неліктен кітап оқымайды?
Алты топ та өз аттарының күнделікті өмірдегі қажеттігін қорғап, 3 - 4 сөйлемнен тұратын ой - пікірлерін жазады.

У. Сабақты қорытындылау:
Әр топ өздеріне тобына берілген атпен байланысты бір - бір сөйлем айтады. Бұл «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы деп аталады. Мысалы: Бала ойынмен өседі. Адамды адам еткен - еңбек. Спорт денсаулық кепілі.
УІІ. Оқушылар білімін бағалау, күнделіктеріне қою.
УІІІ. Үйге тапсырма беру: Балалар елін бағындыру. 13, 14 – бет оқып, мазмұндап, сұрақтарға жауап дайындап келу.
Қағаз, Қалам және Сияның айтысы. Н.Айтов. жүктеу
Білгеннің пайдасы және Суға кеткен ғұмыр. жүктеу
Мұғалім. Қ.Ыдырысов. жүктеу
Д.Әбілдаев. Туған тілім. жүктеу
Күз. М.Дулатов, Күз келбеті. Ғ.Оралбаев. жүктеу
Күз. Т.Жароков. жүктеу
Дақылдар әні. Ә.Табылды. жүктеу
Егіншілік дәстүрі. Комбайыншы. жүктеу
Қазан. Несіпбек Айтов. жүктеу
Нан қайдан шығады? жүктеу
Шығарма, Жаз. Мазмұндама. Әйгерім апа. жүктеу
Туған жер. жүктеу
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым». жүктеу
8 038
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ә. Асылбеков. Түлкі мен тиін
Ә. Асылбеков. Түлкі мен тиін
Оқушыларды өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі айта білуге, өлеңдегі негізгі идеяны айта білуге үйрету.
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ»
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ»
Өлеңді көркемдік ерекшеліктеріне қарай талдау дағдыларын дамыту, тақырып бойынша өз ойын ашық айтуға дағдыларын жетілдіру; Оқушыларды оқу - білімге деген құштарлыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
«Үш бақытым» өлеңімен таныстыру. Оқушыларды Мұқағали Мақатаев өмірімен таныстыру; Оқушыларды туған жерін, елін қорғай білуге баулу. Патриоттық сезімдерін ояту және ой белсенділігін арттыру.
Өзен. Көл
Өзен. Көл
туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, құрметпен қарауға тәрбиелеу. сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыта отырып, көркем сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Жақсы мен жаман
Жақсы мен жаман
Баянбайдың өмір жолымен таныстыру, өлеңдегі негізгі ойды анықтау. Оқыған, жаттаған өлең, жұмбақ, жаңылтпаштарын есте сақтауға, керекті жерінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Сабырсыз, арсыз, еріншек. Абай Құнанбаев
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанғазиева Аққайша Сағадиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×