Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Б дыбысы мен әрпі

08 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
Жетісай қаласы, "№122 жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
Самбетова Айнұр Спанбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Б б дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Б дыбысы мен әрпін таныту. Б дыбысын сөз ішінен ажырата білу, б дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Дамытушылығы: Б дыбысы мен әрпін оқыту арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс - әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелігі: Қоршаған ортасымен ізгілік қарым - қатынасын қалыптастыру дүниетанымын кеңейту ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жинақтау, ауызша, жазбаша.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері.
Қайырлы таң достар!
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн міне,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестіктер болсын!

- Ал балалар біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақшы. Бүгін саяхатқа шығамыз. Орманға серуендеп келейік. Орман дегенде көз алдымызға не елестетеміз, балалар? Иә дұрыс айтасыңдар, әрине өте көп ағаштар, әр түрлі жан - жануарлар өмір сүретін орман. Ал орманда қандай ағаштар және қандай жан - жануарлар өмір сүреді?
Балалар, сапарларың сәтті болсын!

Ағаштардың түрлері және жапырақтары.
Қарағай, аққайың, қарағай, терек (суреттері көрсетіледі)

Жан - жануарлар түрлері. (суреттері көрсетіледі)

2. Өткен сабаққа шолу жасау.
Балалар кеше біз қандай дыбысты өттік?
Ж ж дыбысы.
Жусан.
Далада жусан бар. Жусанға мал жақсы жайылады. Жарас малды жусанға жайды. Мал тойынды.

Ал, балалар орманға кіргеннен біздің алдымыздан аң патшасы арыстан шықты. Ол бізді орманға серуенге жібермеймін дейді, ал біз оның тапсырмасын дұрыс орындайтын болсақ ол бізді орманға саяхаттауға өткіземін деп уәдесін берді. Ал тапсырмасын орындайық балалар.

Балалар арыстанның тапсырмасы мынадай екен. Сабақта өтілген дыбыстарды өз үйлеріне орналастыру. Дауысты дыбыстарды қызыл үйге, ал дауыссыз дыбыстарды көк үйге орналастырады екенбіз. Дайынбыз ба балалар?

Иә, балалар тапсырманы өте дұрыс орындап шықтыңдар. Балалар кеше біз қай дыбыспен танысып едік? Иә, Ж ж дыбысымен таныстық. Олай болса Жусан мәтінін оқып жіберейік балалар.

Жарайсыңдар, балалар!
3. Жаңа сабақ:
Тоқылдақтың тапсырмасы:
- Ал орманға келдік балалар. Мына теректе тұрған тоқылдақты көрдіңдер ме! Тоқылдақтың да сендерге дайындап қойған тапсырмасы бар екен. Тоқылдақтың тапсырмасын орындайтын болсақ біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын білетін боламыз. Тоқылдақтың тапсырмасы мынадай екен. Суреттегі заттардың аттарын атап шығайықшы.
(Бала, бұғы, балық, бұзау, бақа, бота, балапан, балға).

- Ал бұл сөздерді атағанда нені байқадыңдар, балалар. Иә барлық сөздер Б дыбысынан басталып жатыр. Міне біздің бүгінгі жаңа сабағымыз Б б дыбысы және әрпі.
- Б әрпі (баспа, жазба түрлерін көрсету).
- Б - Б - Б (хормен айытқызу)
- Б – қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Б – дауыссыз дыбыс (б әрпі көк үйдің тұрғыны).
- Б – сөздің басында және ортасында келеді.

- Ал балалар қазір тақтаға қарайықшы (слайд қою), Б дыбысы неге ұқсайды екен, кішкене өлең жолын тыңдап көрейік.
Киген ағай шәпкісін,
Қыса ұстап пәпкісін,
Қарны шығып, толғаны - ай.
«Б» ұқсап қалғаны - ай!

4. Оқулықпен жұмыс.
Балалар кітаптың 61 - ші бетін ашып Б дыбысына берілген сөздер мен мәтінді оқимыз.
ба ла ба та бор Бо та
ба ба бо та бал Бо лат

(бала, балақан, балапан, ботақан)

Орман.
Орманда ағаштар бар. Онда қарағай да, тал да бар. Қарға, торғайлар да орманда. Бота, Абай да орманда.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 021
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
М дыбысы
М дыбысы
М м дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс - әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Сабақтың тақырыбы: Хх дыбысы мен әрпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×