Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шалғын өсімдіктері мен жануарлары

15 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
ШҚО, Аягөз қаласы,
«№5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Бастауыш класс мұғалімі
Қызжанова Рауия Аймұхаметқызы

Сабақтың тақырыбы: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан өсімдіктері мен жануарлары туралы, шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы мәлімет беру. Топтық жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру. Дүниетанымын кеңейту. Табиғатты қорғау, өсімдіктерге, жануарларға деген сүйіспеншілігін ояту.

Сабақтың типі: Топтық жұмыс.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтастыру,
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан өсімдіктері мен жануарларының суреттері, сызбалар,
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Оқушыларды топқа бөлу: Көбелек, гүл, шегіртке, шөп арқылы топқа бөлу.
Топ басшысын сайлау, бағалау парағын тарату.
І. Гейм. «Бой сергіту» Әр топ өзіне тиісті сұрақтарға жауап береді.
1 - топ.
Бейімделу деген не?
Өлке, өңір ұғымына түсінік бер.
Жануарлар неше топқа бөлінеді?
Ауа қалай ластанады?
2 - топ.
Қандай табиғат жағдайлары өсімдіктер мен жануарлардың бейімделуіне үлкен әсер етеді?
Табиғи бірлестік дегеніміз не?
Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
Ауаны тазартудың ең тиімді жолы.
3 - топ.
Аягөз өңірінің өсімдіктері.
4 - топ.
Аягөз өңірінің жануарлары.
– Балалар, біз қандай тарауды бастадық?
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары.
Олай болса, сабақтың мақсатын анықтайық. Ол үшін мына суреттерге назар аударыңдар.
(Көбелек, гүл, шегіртке, шөп суреттері) Осы суреттерге қарап бүгінгі сабақта не оқып, үйренеміз деп ойлайсыңдар?
Оқушы жауабы тыңдалады. (Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ортасы)
Дұрыс айтасыңдар, олар белгілі бір ортада тіршілік етеді. Оның қалай аталатынын мына ребусты шешу арқылы білеміз.
Ребус ШАЛҒЫН

ІІ. Гейм. «Жұмбақтас».
Шөптекті өсімдіктердің жаз бойы жайқалып өсетін, ылғалы жеткілікті шағын үлескіні – көгал, ал, аумағы жағынан үлкендеуін – шалғын деп атайды. Шалғында көбінесе, көктемде тасыған су жайылатын өзен аңғарларын, тау етектерін алып жатады. Оны жазық жерлерден кездестіруге де болады. Құлпырған көк майса жазда ерекше әдемі болады. Мұнда шалғындық жоңышқа, қылтанақсыз арпабас, шалғындық атқонақ, жұпаргүл, күреңот, тышқанбұршақ сияқты алуан түрлі өсімдік өседі. Жаздың ортасында шалғын ортасындағы шөп жұмсақ болады. Пішен дайындалатын шалғынды шабындық деп атайды. Шалғында мал жемейтін улы өсімдік те кездеседі. Оларға у қорғасын, сарғалдақ жатады. Жазда бұнда бунақденелілер де көп болады. Олар ара, қоңыздар, түкті аралар, көбелектер қаптап жүреді. Бозторғайдың сайраған әні, бөдене де көп кездеседі. Шалғында ірі аңдар болмайды. Сарышұнақ, көртышқан да аз емес.

ІІІ. Гейм. «Көсемдікке ұмтылу». Мәтінді іштей оқып, мәтінде кездесетін жануарлар мен өсімдіктер атауларын дәптерге теріп жазып алу.

Сергіту сәті.
Табиғаты елімнің,
Мақтанышы біздердің
Оны ылғи аялап,
Қорғап, күтіп жүреміз.

ІV. Гейм. «Бөшкеден шыққан басқатырғылар».
Шалғын дегеніміз не?
Шалғындағы табиғи бірлестік жайлы айтып бер.
Шалғында тіршілік ететін жәндіктердің қандай пайдасы бар?
Жануарларға шалғынның қандай пайдасы бар?
Көгал дегеніміз не?
Шабындық дегеніміз не?
Қандай жыртқыш құстар шалғыннан жемтігін табады?
Шалғындар көбінесе қай жерді алып жатады?

V. Гейм. «Мен саған, сен маған».
1. Шалғынның шөптесін өсімдік өсетін жер екені рас па?
2. Сарғалдақтың улы гүл емес екені рас па?
3. Адамдардың шалғынға мал жаятыны рас па?
4. Көк шалғынның шағын орман екені рас па?
5. Бал аралар гүлден гүлге қонып, шалғыннан бал жинайтыны арс па?
6. Қояндар, түлкілер шалғынды паналайтыны рас па?
7. Бөденелердің шалғынға жұмыртқа салатыны рас па?
8. Бірде - бір тіршілік иесі жеке - дара тіршілік ете алмайтыны рас па?

VІ. Гейм. «Адасқан суреттер».
Шалғында өсетін өсімдіктер мен жануарларды топтастыру.
Бағалау. Сөз топ басшыларына беріледі.

VІІ. Гейм. «Сөмке, еттартқыш, қоқыс шелек»

Үйге тапсырма беру.
Шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы деректер жинап келу.
18 356
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Далалық белдеу, оның ерекшеліктері және дала жануарлары мен өсімдіктері туралы түсінік қалыптастыру. Пәнге қызығушылықтарын арттыру, ой - өрістерін, есте сақтау, өз ойын еркін жеткізу мүмкіндіктерін дамыту
Дала өсімдіктері мен жануарлары (слайд)
Дала өсімдіктері мен жануарлары (слайд)
Оқушылардың дала өсімдіктері және жануарлар әлемі туралы таныстыру, табиғатты қорғауға, аялауға, білімдерін дәлелдеуге үйрету. Оқушылар дала өсімдіктері және жануарларын танып біледі, табиғатты қорғауға бағытталады, білімдерін дәлелдеуге үйренеді.
Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Дала өсімдіктері мен жануарлары. Шөл өсімдіктері мен жануарлары туралы ақпарат беру. Дала және шөл өсімдіктері мен жануарларын ажырата білуге үйрету.
Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Шөл өсімдіктері мен жануарлары
Атырау облысы, Атырау қаласы, №13 ұлттық мектеп - гимназиясының бастауыш мектеп мұғалімі: Хамзина Аймангуль
Бастауыш сыныптан сабақтар топтамасы
Бастауыш сыныптан сабақтар топтамасы
Ақтөбе қаласы, №8 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Саймаганбетова Кенжесұлу
Орман - тоғайлардың өсімдіктері мен жануарлары
Орман - тоғайлардың өсімдіктері мен жануарлары
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 мектеп - гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Тоғымбаева Айнұр Әбдімүнәпқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×