Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз таптары

17 наурыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Зеренді ауданы әкімдігінің
«Пухальск негізгі мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Оспанова Баян Балташевна

Факультатив сабақ 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары.
Сабақтың мақсаты:
1. Сөз таптары, сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың білімдерін, ұғымдарын бекіту.
2. Танымдылық тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту.
3. Оқушылардың ана тілін сүюге адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, сөздерді түсініп, үлгі өнеге алуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, тапсырмалар жинағы, сызбалар

Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық
І. Тақырып бойынша білімдерін жүйелеу.
1.«Ойлан, тап!» ойыны. Сөздерді тиісті ұяшықтарына орналастыр. Тиісті сұрағын қой.
Доп, ұзын, сегіз, ұшады, гүл, кітап, сөйлейді, сары, жүз, салады, аласа, домалақ, сағат, жанады, қаралау, журнал, жарқырады, бір - бірден.

Сөз таптары → зат есім, сын есім, сан есім, етістік
ІІ. Сабақтың тақырыбымен жұмыс.
2. Негізгі зат есім дегеніміз не?
Туынды зат есім дегеніміз не?
Олардың бір - бірінен айырмасы қандай?
Көп нүктенің орнына негізгі зат есімдерді қойып жаз.
... – биші... – орындық
... – іскер... – жолдас
... – өнерпаз... – көлшік

3. Сөзжұмбақ. Көп нүктенің орнына мағынасына қарай сөздер қою арқылы сөзжұмбақты шеш. Жауабы болған сөздерді сөз табына талда.
Е
Т
І
С
Т
І
К
1. Ұйқысы келіп....
2. Ұйықтап жатып... көрді.
3. Түсінде кітабын жоғалтып алып,....
4. Оған әкесі кітап....
5. Таңертең орнынан....
6. Түсінде... кітабы үстел үстінде жатыр екен.
7.... көріп, көңілі жайланды.

4. Анаграмманы шеш. Сан есімдерді тап. Бұлар қандай сан есімдер? Қос сөзін қандай сан есіммен алмастырып айтуға болады?
Бірінші сөз...
(Көрсете тұр сәл сабыр)
Табылса ол,
Табылады аңшыдан.
Екінші сөз –
Жердің өркеш биігі,
Мұнда бар ғой
Жолдың ауыр, қиыны.
Қос жұмбақ сөз
Сөз құраса бірігіп,
«Бізге бер!» - деп
Аспаз келер жүгіріп.
(Оқ - тау)
5. Сөзжұмбақты шешу. Қарамен бөлінген торкөздегі әріптерден сын есім құралады. Сол сөзді тап.

1. Ыдыс
2. Жеміс
3. Ай аты
4. Сөз бөлшегі
5. Көкөніс

ІІІ. Тақырып бойынша білімдерін бекіту.
6. Ребусты шеш.
Қандай мақал шықты? Мақалды жаз. Сызықшаның қойылу себебін түсіндір.
50, 6 сандарын реттік сан есімге айналдырып жаз.

7. Шығармашылық тапсырма.
Буындадың орнын тауып қойсаң, Абай өлеңінен үзінді шығады. Сол өлең жолдарын құрастырып жаз.

Толық нұсқасын жүктеу
5 683
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз таптары
Сөз таптары
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі. Бастауыш сынып мұғалімі Базарова Ақмарал Қайыржанқызы
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Сөз таптары
Сөз таптары
Алимжанова Баян Қартабайқызы Қарағанды облыстық мамандандырылған дарында балаларға арналған музыка мектеп - интернаты
Сан есім
Сан есім
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары 3 сынып
Сөз таптары туралы алған білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру. Өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету.
Сөз таптары
Сөз таптары
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, № 8 облыстық арнаулы - санаториялық мектеп – интернаттың тәрбиешісі, бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Шынар Молдабайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×