Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ж дыбысы мен әрпі

05 сәуір 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу 1 сынып
Тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі

І Ұйымдастыру.
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
- Балалар, біздің бүгінгі Әліппе сабағымыз тренинг түрінде өтеді. 3 топ болып берілген тапсырмаларды орындайсыңдар.
1 - топ. Жалау
2 - топ. Жарыс
3 - топ. Жайлау
Әр дұрыс жауаптарыңа 5 ұпайдан беріліп отырады. Бұл сабағымыздың ережесі бар, сол ережелерді есімізге ұстап орындауымыз қажет.
Ережелер:
1. Тыныштық сақтаймыз.
2. Сұрақтарды талқылауда белсенділік көрсетеміз.
3. Бір - бірімізді тыңдаймыз.
4. Өз тәжірибелерімізді ортаға саламыз.
5. Жауап толық болмаған жағдайда топ мүшелері толықтыру.

Әр топтың топ басшысы сайланады.
Сабағымызды «Ынтымақсыз іс бітпес» деген ұранмен бастай отырып, сіздерді ұйымшылдыққа, ынтымақтаса жұмыстануға шақырамын.

«Ой шақыру»
Ойын «Жапырақ жинау»
Теректегі жапыраққа өтілген мәтін бойынша сөздер жазылып жапсырылады. Оқушылар жапырақтарды жұлып алып, сөзді оқып, ол сөзге дыбыстық талдау жасайды.
Балалар, қақпа, шабуыл, доп, Болат, Қайрат, орнына.
- Бұл сөздер қай мәтіннен алынған?
- Мәтінде не туралы айтылады?(Балалар жауап береді)
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір мен сіздерге жұмбақ жасырамын.
Жазда тұрып жоғары,
Күзде жерге қонады. (Жапырақ )
- Жапырақ сөзі қай дыбыстан басталады?
Қазір біз Ж дыбысы мен әрпімен таныс боламыз.
- Ж дыбысын дыбыстату.
- Ж дыбысына қатысты суреттермен таныстыру.

2. Ж дыбысымен таныстыру.
Ж дыбысы сөздің көбіне басы мен ортасында кездеседі, ал қазақ тілінің байырғы лаж, мұқтаж сөздерінде сөз соңында кездеседі. Ж дыбысы - дауыссыз дыбыс.

3. «Сөз ойла, көп ойла!» ойыны
Ж дыбысы кездесетін сөздер айту, сөздегі ж дыбысының орнын анықтату, сөздерді буынға бөлу.
( Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )

4. «Жаңа буындар қонақта»
Жаңа буындармен таныстыру, оларды хормен айту.
ЖА ЖО ЖУ

5. «Тез, әрі сауатты оқиық!»
Жа ға, жа лау, жо та, жан тақ, жу ан.
Жа са, жа сау, жу а, жу сан, жу ас
- Балаларға хормен оқыту.

6. Оқулықпен жұмыс
- Мұғалім « Жусан»мәтінін оқып, түсіндіреді.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
(Әр топтың ұпайын мұғалім бағалау тақтасына іледі )

7. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу.
- Ж әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
- Ж әрпінің элементтерін жазып көрсету.
- Ж әрпін ауада жазу.
- Ж әрпін дәптерге көркем жазу.
3 483
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі.
Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі.
Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
Дауысты дыбыс болу себебін ұқтыру, Ү, Ұ дыбыстары бар сөздерді талдау, оларды ажырата білу,
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Мен және табиғат. Ғ дыбысы мен әрпі
Мен және табиғат. Ғ дыбысы мен әрпі
Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз.
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпі
Ж дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×