Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жалаң және жайылма сөйлем

15 сәуір 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Орал қаласы,
№19 орта жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Гулбар Куспанова

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін кеңейту.
Сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, тілін ұштау.
3. Тәрбиелік: Шапшаңдыққа және уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Оқыту әдісі: сөздік, көрнекі, талдау, салыстыру, ажырату, жинақтау, өз бетінше жұмыс, жазба жұмысы, ізденіс әдісі, ойын.
Көрнекілік: тірек – сызба, слайд, карточка
Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы
І. Психологиялық дайындық: Слайдта Ы. Алтынсариннің портреті шығады.
― Балалар, бұл кім? Ол туралы не білеміз? Қандай өлеңін білесіңдер? ― деп хормен айту.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенін алдынан
Іздемей – ақ табылар! - демекші, бүгінгі сабақта оқып білгендеріңді көңілдеріңе ықыласпен тоқуларыңа тілектеспін! Бүгінгі сабағымызға ағай, апайларымыз келіп отыр, білімдеріңді көргелі отыр. Сәттілік тілеймін!
― Ендеше, сабағымызды бастамас бұрын өткен сабақтан алған білімімізді еске түсіре кетейік. Ол үшін мына мониторда көрсетілген тест тапсырманы орындау керек.
Оқушылар тест – тапсырманы жазбаша орындайды көршілері тексереді.
1. Кім? не? кімдер? нелер? Кімі? несі? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесі:
А ) баяндауыш
Ә) бастауыш
Б) тұрлаусыз мүше
2. Бастауыштың ісін қимылын білдіретін сөздерді...... дейді.
А) баяндауыш
Ә) тұрлаулы мүше
Б) тұрлаусыз мүше

3. Мына сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тап:
Бүгін қар қалың жауды.
А) бүгін, жауды
Ә) қар, жауды
Б) қалың, жауды
4. Мына сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін тап:
Балалар әдемі аққала жасады.
А) әдемі аққала
Ә) балалар
Б) жасады
5. Тек тұрлаулы мүшелерден ғана құралған сөйлем қалай аталады?
А) жайылма
Ә) жалаң, жайылма
Б) жалаң

ІІІ. Негізгі бөлім.
1. Ендеше, балалар, бүгінгі сабақта білімдеріміздің артып, сөз байлығымыздың молайғанын көрсету үшін «Білім еліне саяхат» жасаймыз. Саяхат кезінде бірнеше қақпалардан өтеміз., бірақ әр қақпаның өз тапсырмасы бар. Сол тапсырмаларды орындау арқылы қақпаларды ашып, келесі қақпаларға барамыз. Саяхат кезінде сендердің толық жауап берулерің және көркем жазуларың талап етіледі. Саяхатқа шықпас бұрын дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.

Көркем жазу..................................
2) Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
- Балалар, алдымен сөйлем туралы білетіндеріңді еске түсірейік. Сөйлемнің негізгі белгілерін атайықшы.
А) сөздер мағыналық байланыста болады.
Ә) аяқталған ойды білдіреді.
Б) бірінші сөзі бас әріптен бастап жазылады.
В) соңына (.), (!),(?) қойылады.
― Өте жақсы!

1. «Білгірлер» қақпасы (жабық қақпаның суреті)
1 - жаттығу.
Төмендегі сөздерді қатыстырып, екі сөзден, соннан соң үш, төрт, бес сөзден тұратын бірнеше сөйлем құрастырып жаз: Таң атты. Аппақ қар жауды. Ауада ұлпа қар қалқиды. Олар күн сәулесінен жылт - жылт етеді.
Құрастырған мәтініңді оқы. Оған тақырып қой. Үшінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызба арқылы көрсет.
(Ашық қақпаның суреті шығады)

2. «Ойшылдар» қақпасы. (жабық қақпаның суреті)
2 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Алғашқы үш сөйлемді жалаң сөйлемдерге айналдырып жаз. Бастауышы мен баяндауыштың астын сыз.
Өзің тағы қандай салт - дәстүрлерді білесің?
(Ашық қақпаның суреті шығады)

3. «Тапқырлар» қақпасы. (жабулы қақпаның суреті)
Көру диктантын жаз. (Ашық қақпаның суреті) Үш қақпадан өткеннен кейін қаланың суреті шығады және «Алақай, алақай білім еліне жеттік. Қандай тамаша!» - деген баланың қуанышты дауысы естіледі. Балалар біз осылай білім еліне де жеттік. Енді білім елінде сандықта бізге сыйлық бар дейді. Сол сандықты ашу үшін бізге тағы тапсырмалар берілген екен.

4. Сергіту сәті.
ІV. Сандықтың тапсырмалары:
1. Суретпен жұмыс. ІІІ қатарға үш сурет беріледі. Осы суретке қарап сөйлем құрайды. Ең бірінші жалаң сөйлем құраймыз. Оны жайылма сөйлемге айналдырамыз.
2. Берілген жалаң сөйлемді сызба бойынша толықтырып жаз. Тұрлаусыз мүшелерге сұрақ қой.
Асан келді.

3. Шығармашылық жұмыс.
- Қазір балалар, «Қыс келбеті» тақырыбына шағын шығарма жазамыз.

Ү. Қорытындылау. Рахмет балалар. Біз сандықты аштық. Сабағымызды қорытындылау үшін сұрақтарға жауап береміз.

ҮІ. Үйге тапсырма: 5 - жаттығу
ҮІІ. Оқушыларды бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 577
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалаң және жайылма сөйлем презентация
Жалаң және жайылма сөйлем презентация
Сабақтың мақсаты: Жалаң және жайылма сөйлем туралы білімді жетілдіріп, сауатты және көркем жазуға дағдылану 1-тапсырма: 1. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызба арқылы сызып көрсет. Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш Президент 2. Қима қағаздармен жұмыс
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру, сөйлемнің жалаң болып бөлінуі тұрлаулы мүшелерге, жайылма болып бөлінуі тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту.
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру
Жалаң және жайылма сөйлем туралы берілген білімді кеңейту, бекіту. Сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы, №4 Булаево орта мектебі Казбекова Гулназ Мусетқызы
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Құмсай ауылы, Құмсай бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аймухамбетова Ләззат Сәндібековна
Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң және жайылма сөйлем
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алимбаева Гулшат Мұқтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×