Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыстап қалатын құстар

01 мам 2016, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Орал қаласы, Қаратөбе ауданы,
Төлен негізгі орта мектебінен
бастауыш сынып мұғалімі
Марден Үміт Айшуаққызы

Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар
Мақсаты:
1. Балалардың қыстап қалатын құстарды атап, олар жайлы түсініктерді кеңейту.
2. Құстарға деген қамқорлық көзқарасын дамыту.
3. Құстарды қорғауға, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік материал: суреттер, үлестірмелі материалдар, көрнекілік топтамалар - слайдтар, Интерактивті тақта.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: ұжымдық түрде бірлесіп білім алу.
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап, іздендіру, дәлелдеу, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу, ана тілі,

Сабақтың барысы:
І. Шаттық шеңбері (Қоршаған ортамен сәлемдесу.)
Сәлеметсіз бе, ашық аспан!
Сәлеметсіз бе, күннің көзі,
Сәлеметсіздер ме, өсімдіктер мен жануарлар!
Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар!

ІІ. Қызығушылықты ояту.
Тест(Өзін - өзі тексеру)
1. Жыл құстарын ата?
а) көкек аққу, қарлығаш, қараторғай, ләйлек
б) кептер, үкі, сауысқан, тоқылдақ
в) тоты; ә) бұлбұл; б) тырна; в) торғай.
2. Қанаттары үшкір әрі ұзын, құйрықтары екі айыр құс. Қандай құс?
А) (Қарлығаш.) б) қараторғай. В) сауысқан
3. Өз атын бірнеше мәрте қайталайтын, еш жерге ұя салмайтын, тұрақты тұрағы жоқ құстың түрі.
А) Көкек Б) АҚҚУ В) ТОҚЫЛДАҚ
4. Құстар немен қоректенеді?
а) ет, сүт.
ә) торғай, жәндіктер;
в) егіннің масақтарымен, жәндіктерімен.
5. Құстар табиғатқа қандай пайда келтіреді?
А) зиянды жәндіктерді құртады
Ә) табиғатқа сән береді.
Б) ауаны тазартады.

ІІІ. Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ.
А Қ Қ У
Ұ З А Қ
С А У Ы С Қ А Н
Қ А Р А Т О Р Ғ А Й
Ж А П А Л А Қ
Қ А Р Ғ А

1. Көлдің көркі, сәні екен,
Ұшқанда сазды ән екен.
Ақындар оны мақтанған
Адамдар қорғап сақтаған,
Бұл қандай құс екен? (Аққу)

2. Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ. (Ұзақ)
3. Шықылықтап бір тұрмайды,
Өреден құрт ұрлайды. (Сауысқан)

4. Көктемде құстар қайтқанда,
Ең алдымен келетін.
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін,
Бұл қандай құс, балалар? (Қараторғай)

5. Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды.
Көзі шамға ұқсайды. (Жапалақ)

6 Өзі сондай қап қара,
Қарқылдап ұшады. (Қарға)

Суретте берілген жыл құстарын айналдыра қорша.

ІV. Мәтінмен жұмыс
(Оқушыларға абзацтарға бөліп оқыту) Мұғалім өзі түсіндіреді.
Слайд көрсету.

Сауысқан – ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Қазақстандағы ең құйрығы ұзын құс. Оның құйрығы 35 см. Ол өте сақ. Ерекшелігі – жылтыр, әшекейлі заттарға әуестігі. Оның ұғымталдығы да соншалық – кәдімгі қараторғай мен тоты секілді, адамның айтқан сөзін жаттап алады. Кез келген тамақты қорек етеді. Қауырсындары біріңғай қара емес, жасыл реңкті келеді, бүйіріндегі қауырсыны аппақ.

Суықторғай – ағаш қуыстарын, індерді, үй – жайларды мекендейді. Бұталардың дәнімен, жемісімен қоректенеді. Кейде тоқылдақ қорегінің қар бетіне түскен қалдығын теріп жейді.

Қарға – басы, қанаты, құйрығы қара, ал арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкір, тырнақтары өткір. Түрлі тамақ қалдықтарын тырнақтарымен қар астынан шұқып жейді. Бұл өте ақылды құс. Оның балапанын сөйлеуге үйретуге болады. Қарғалар ұзақ өмір сүреді.

Тоқылдақ – Қазақстанның тұрғылықты құсы. Түсі шұбар, өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс. Ағаштардың қабықтарының арасындағы бунақденелілермен қоректенеді. Қар үстіне түскен қалдығын торғайлар теріп жейді. Осылай өзге құстарға да жемін табуына көмектеседі. Өте суық, аязды күні адам тұрағына жақын келеді.

Кептер – басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа құс. Кептердің қолға үйретілген түрін халық арасында “көгершін” деп атайды. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдарының дәнімен қоректенеді.
Шымшық – сұр, қоңыр түсті, қауырсынды кішкентай, отырықшы құс. Ауыл маңайында, аулада жүріп, жемін табады.

Құр – орман құсы. Итмұрын, бұта арасында тіршілік етеді. Қоразы ірі, түсі қара қанатынан қиғаш орналасқан ақ жолақ айқын байқалады. Құйрығының қауырсыны сыртына қарай қайырылып орналасады. Негізгі қорегі - өсімдіктер. Ол алысқа ұша алмайды. Аязды күндері қар астына кіріп, сонда түнейді. Күн көзі шыққан кезде ғана қардан шығып жемін іздейді.

Қызықты мәліметтер.
Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар. Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар – біздің қанатты достарымыз. Олар – табиғат сақшылары. Егістіктің, бау - бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата - бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген. (Биші құстар бейнеролик)
Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Ата - бабамыз құсты аса қадірлеген. Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін - жерін тастап қаша жөнелген екен. Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай, киіз үйін жықпапты. Қалмақтың әскер басы себебін сұраса, Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды, балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті. Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен.

Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.
• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
• Сары шымшық ысқырса - шынымен күз болғаны.
• Қарға қарқылдаса - қар жауады.
• Жыл құсы қаптап кетсе - көктем ерте келеді.
• Көкек қатты әрі жиі шақырса – күн жылиды.
• Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.
• Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.
Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.

VI. Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмыс.
- Оқушылар мына сөздерге көңіл аударайық.
Ұя - құстың балапан басып шығаратын орны.
Мамық - құстың үлпілдеген жұмсақ жүні. - Енді осы сөздерді қатесіз, таза, боямай дәптерімізге көшіріп алайық. Оқушы шығармашылығы (бейнероликтер)

V. Топтық жұмыс
І топ. Құстар қалай дыбыстайды?
Қарға ------------ қарқылдайды
Сауысқан ------- шақылдайды
Шымшық ------ шиқылдайды
Тоқылдақ ------ тоқылдайды
Құр -------------- құрқылдайды
ІІ топ. Құстар туралы ереже құра.

ІІІ топ – еңбек сабағы. Геометриялық фигурадан балапан құрастыру.

IV топ.– Суретке қарап әңгіме құрастыр.

VI. Сабақты қорытындылау
ҚҰСТАР

ДОСЫМЫЗ
БАЙЛЫҚ
ОРМАН ЕМШІСІ
ТАБИҒАТТЫҢ СӘНІ МЕН ӘНІ

Қамқоршымыз құстарға,
Табиғатты сүйеміз.
Аялаймыз оларды,
Жақсы көріп бәріміз.

VII. Бағалау
Үйге тапсырма: 1. Қыстап қалатын құстар мәтінін оқу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 342
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыл құстары
Жыл құстары
Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Жыл құстары
Жыл құстары
Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар туралы білімдерін кеңейту. Құстар туралы тақпақ, мақал - мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы балалардың тіл байлығын арттыру. Табиғатты, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Жамангарина Мейрамгуль Айтказиевна №134 "Гауһар" балабақшасының тәрбиешісі
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
ШҚО, Аягөз қаласы қалалық қазақ мектеп – гимназиясы Садуакасова Гульназ Серікжанқызы Мақсаты: 1. Балалардың қыстап қалатын құстарды атап, олар жайлы түсініктерді кеңейту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×