Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жолың болсын, жолаушы!

06 мам 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Жолың болсын, жолаушы!

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу, көше қатынас ережелерін меңгерту.
Көрнекілік: Көшеде жүруге байланысты баспадан шыққан таблицалар, оқушылардың өз қолдарымен салған суреттері, көшені бейнелеу үшін қиылысқан кескінді көрсетуге керекті ұзын тілім қағаздар.
Батареямен жанатын бағдаршам макеті. (Оқушылар өздері дайындаған көрнекіліктерін ұстап тұрады).

Тәрбие сағатының барысы:
1 – оқушы: - Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігер, басқа да баратын жерлеріне дер жетпеуі мүмкін.

2 – оқушы: - Көшенің шетінен өту үшін, арнайы өткелден өту керек. Ал қалалық жерлерде аспалы көпірлерден, жер асты жолымен өтеді.
3 – оқушы: - Көшеде келе жатып, қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең, сақтанып, күте тұр. Көшеде тоқтап қалған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.

4 – оқушы: - Мектепке келе жатқанда, өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, кездескен үлкен кісіге жол бер.
Мұғалім: - Жолжиек деген не?
Оқушылар (хормен): - Ол адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
Мұғалім: - Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?

5 – оқушы: Жиекжол бар ғой,
Жандар үшін жаяу.
Деп оны сен тар ғой,
Шықпа жолға таяу.
Мұғалім: - Көшеде жүру тәртібін не басқарады?

6 – оқушы: Бағдаршам аты
Көп көзі бар батыр.
Тоқ болғанмен заты
Өзінде көп ақыл.
7 – оқушы: - Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.

8 – оқушы: Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Бағынамыз әмәнда,
Ашса кезек үш көзің –
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!

Мұғалім: (Бағдаршамның қызыл көзін көрсетеді.)

9 – оқушы: Қызыл көзі жанса,
Мейлі көлік жоқта.
Қатып қалған жанша,
Қыбыр етпе тоқта!
Мұғалім: (Бағдаршамның сар көзін көрсетеді.)

10 – оқушы: Сары көзі жанса,
Мейлі көлік жоқта,
Қатып қалған жанша,
Қыбыр етпе тоқта!

Мұғалім: (Бағдаршам макетінен лампочканы жағып, жасыл көзін көрсетеді.)

11 – оқушы: Жанса көзі жасыл,
Жолың айдай, ашық.
Жүре бергін батыл,
Керегі жоқ сасып!

Бағдаршам туралы жұмбақтар айтылды.

12 – оқушы: Сөйлегенді білмейді.
Бірақ: тоқта, жүр дейді.

13 – оқушы: Менің үш көзім бар:
Бір көзім «кідір» - дейді,
Бір көзім «абайла» - дейді.
«Қарап ал маңайға дейді.»

14 – оқушы: Айтқан сөзді құптап,
Тек абайлап атта.
Ережені мықтап,
Есіңде ылғи сақта.

15 – оқушы: Көлік жүрер жолда,
Ойнау тіптен шатақ.
Әйтеуір бір онда
Кезігеді апат.
Мұғалім: - Балалар, биылғы жылы бір баланың кездейсоқ қазаға ұшырағанын өздерің білесіңдер. Неліктен олай болған себебі – оқушы көшеде жүру ережесін білмеген.

16 – оқушы: Асығыпты көшеде
Жел болып ол ұшыпты.
Машинаның астына
Абайсызда түсіпті,
Өше қалған отындай
Жатыр бала сәл жанып.
Шофер де тұр дел-сал боп
Жүзін қара тер жауып.

17 – оқушы: Әкесі кеп еңкілдеп,
Бала үстіне құлады.
Екі иығы селкілдеп,
Өксіп - өксіп жылады.
Жыламасын аналар,
Жас ұландар өсе бер,
Сақ болыңдар, балалар,
Сақ жүріңдер, көшеде!

Шағын көрініс
Үш оқушы мектепке бару үшін үйінен шықты да, көлік жүретін көшеде қуаласып ойнады. Бірінші оқушы өте тәртіпсіз, сабақты нашар оқитын. Жүгіріп келіп, екінші оқушыны итеріп жіберді. Ол жығылып қалды. Үшінші оқушы дереу жығылған баланы тұрғызуға көмек көрсетті. Дәл сол кезде бұрылыстан шыға келген машина әзер тоқтады. Жығылған бала қатты қорықты. Итерген тәртіпсіз оқушы бар ықыласпен айқайлап, күліп тұрды.
Міне, осындай ережеге сай емес ойындар кездейсоқ апатқа кезіктіреді.
Мұғалім: - Велосипедпен көшеде жүруге бола ма?
Оқушылар (хормен): Тек 14 жастан кейін ғана көшеде жүруіне рұқсат етіледі.

18 – оқушы: Қозғамасаң – құлайды,
Сүйемесең – сұлайды.
Құймышақта ері бар,
Бұл не деген жануар?

Оқушылар (хормен): - Ве - ло - си - пед.
19 – оқушы: - Автобусқа мінерде аялдамада күт. Тәртіп сақтай біл. Басқаға кедергі жасама.

20 – оқушы: Кезекте сен әлгі,
Артқы есіктен кіргін.
Енді есіктен алғы,
Шығарыңды білгін.

Мұғалім: - Трамвай, автобус, машина артына жабысуға бола ма?
Оқушылар: - Транспорт артына жабысуға болмайды. Құлап апатқа ұшырауы мүмкін.

21 – оқушы: Топталып халық тосып тұр,
Тоқтады келіп трамвай.
Жүруін күтіп Мақсұт тұр,
Вагонға кіріп отырмай.
Қозғала берген вагонның
Артына Мақсұт жабысты.
«Құлайсың, бала түс!» - деген
Тыңдамады ол сөзді,
Естіді бір дауысты,
Жөнеліп берді трамвай.
Аяғы кетті сырғанап,
Не болсын енді құламай.
Зәресі ұшып Мақсұттың,
Бақырып тұрып жылады.
Жылағаннан не пайда?
Жерді сүзе құлады.
22 – оқушы: - Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма. Ол тоқтағанша не өтіп кеткенше тоса тұр.
23 – оқушы: - Аялдамада тұрған автомобиль, автобус, троллейбустың, машинаның арт жағынан айналып өт. Сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны дер кезінде көре аласың.
24 – оқушы: - Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағыңа көз сал. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда күте тұр.

Мұғалім: Тәрбие сағатымызды қорыта келгенде, біздің қалаларымызда сол сияқты селолардың бәріне ортақ қатына ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, барлық жүргіншілер, жүргізетін шоферлер де бұлжытпай орындауы керек.
Тәрбие сағатына белсене қатысып, ізденгіштік қабілетін көрсеткен оқушылар атап өтілді.
6 509
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектеп оқушыларына арналған қауіпсіздік ережесі
Мектеп оқушыларына арналған қауіпсіздік ережесі
Мектеп оқушыларына арналған қауіпсіздік ережесі.
Жолың болсын, балақай!
Жолың болсын, балақай!
Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру.
Жол тәртібін білейік
Жол тәртібін білейік
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы, №41 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мырзағалиева Айшагүл Есимқызы
Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік
Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы Т.Амандосов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нургул Жалгасова Кулмановна
Сен және көше
Сен және көше
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі І санатты мұғалім Макуова Нуршат Аманкосовна
Жол тәртібін жадыңда ұста!
Жол тәртібін жадыңда ұста!
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×