Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қорытынды тест жұмысы. Әдебиеттік оқу 2 - сынып

07 мам 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,
Қызылоба ауылы, Е. Ш. Орақбаев атындағы
жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Бердіғалиева Роза Сүйінқызы


Әдебиеттік оқу 2 - сынып
Қорытынды тест жұмысы

1 - нұсқа
1. «Білім керек бәріне»өлеңін жазған кім?
а) Ө. Тұрманжанов ә) Ф. Оңғарсынова б) Б. Дәулетов
2. Шәкірт Шоқанның қандай жақсы қасиеттерін байқадың?
а) ойынға құмарлық ә) оқуға құмарлық б) өнерге құмарлық
3. Адам баласы өзінің еңбегін не арқылы іске асырады?
а) он бармақ ә) он саусақ б) екі көз
4. «Қулық» мәтінінде біреудің еңбегін пайдаланушы кім?
а) Ерлан ә) Нұрлан б) мұғалім
5. Адамдар ақ тілекті қай кезде айтады?
а) ашуланғанда ә) ренжігенде б) жолға шығарда, таң атқанда
6. «Нағыз байлық» мәтінінде үш қарт кімнің шешімімен үйге кірді?
А) әкесінің ә) анасының б) баласының
7. «Ит -... қазынаның бірі»
а) бес ә) алты б) жеті
8. Сыншы баланың әкесі.
а) Тортай сыншы ә) жат жұрттық б) қойшы
9. «Мұрат - капитан» мәтініндегі Мұраттың арманы:
а) құрылысшы болу ә) теңізші болу б) қойшы болу
10. «Туған жер туралы жыр» мәтінінде император нені түсінді?
а) әнші құс тар жерде отырғысы келмейді
ә) әнші құс туған жерде ғана рақат өмір сүреді
б) ғажайып бау әнші құсқа ұнамайды
11. Тығыздалып қалған қатты қар
а) мамық ә) қасат б) омбы
12. Қыстың қамын... ойла.
а) күз ә) қыс б) жаз
13. Алтайдың қандай жағымсыз әдеті бар еді?
а) ақша сұрайды ә) тамақ сұрайды б) сабақ сұрайды
14. «Ағаш тостақ» мәтініндегі жағымсыз кейіпкер?
а) немересі ә) қарт адам б) ұлы мен келіні
15. Шөл далада адамға адамның жақсылық жасаған жерінен не пайда болды?
а) ауыл ә) көлшік б) бұлақ
16. Әмірдің сабаққа бармауына, өтірік айтуына кім кінәлі?
А) мұғалім ә) әжесі б) Сәлім
17. « Қамқорлық» мәтінінде Алтынгүл балаға қандай қамқорлық жасады?
А) мектепке апарды ә) базарға апарды б) үйіне апарды
18. «Алтын балта» ертегісіндегі жағымсыз кейіпкер?
А) диірменші ә) кедей б) бай
19. Қайсысы Наурыз мейрамына тән?
А) көже, көктем, Қыдыр ата ә) шырша, аязата, Ақшақар б) күз, алтын астық, береке
20. Фараби қай қалада туған?
А) Отырар ә) Шам б) Мысыр
21. қазақтың ұлы күйшісі, сазгер?
А) Бауыржан ә) Ыбырай б) Құрманғазы
22. Лейтенант Момышұлына маршал Блюхер не сыйлады?
А) сағат ә) ақша б) алғыс хат
23. « Мысойған» мәтінінде кім туралы баяндалған?
А) Қ. Сәтбаев ә) Ә. Марғұлан б) С. Торайғыров

Әдебиеттік оқу
2 - сынып 2 - нұсқа
1. «Межелі кез болыпты,
Мектеп есік ашыпты...» - қай өлеңнен үзінді
а) «Мұғалім» ә) «Құстар қайтты» б) «Мектеп - біздің анамыз»
2. «Оқымысты бала» мәтінінде бала ненің атын ұмытып қалды?
а) күректің ә) айырдың б) тырнауыштың
3. Иран патшасының ұлы кімнің қызына ғашық болды?
а) түйешінің қызы ә) жылқышының қызы б) қойшының қызы
4. Жолда жүру ережесі туралы қай мәтінде айтылған?
а) «Намыс» ә) «Көшедегі сабақ» б) «Құстар қайтты»
5. Қазақтың күлдіргі әңгімелерінің кейіпкері:
а) Қожанасыр ә) Шық бермес Шығайбай б) Тазша бала
6. Тараудағы әрі батыр, әрі жазушы автор кім?
а) Ә. Орынбаева ә) Б. Момышұлы б) Ж. Әбдіраш
7. «Қызық дәстүр» мәтінінде бәсіре мінген бала?
а) Алпамыс ә) Еламан б) Ер Тарғын
8. «Екібастұз» мәтінінде керуенші тезек іздеп жүріп неге тап болды?
а) алтынға ә) күміске б) көмірге
9. Сырбай Мәуленовтің өлеңінде кімдердің бақыты туралы айтылған?
а) аналардың ә) әкелердің б) балалардың
10. М. Дулатовтың «Қыс» әңгімесінде қыстың қай айы суреттелген?
а) желтоқсан ә) қаңтар б) ақпан
11. «Кімде - кімнің баласы бар,
барлығының да шанасы бар» - қай мәтіннен алынған?
а) «Аяз» ә) «Қар» б) «Шана»
12. «Сорпа» мәтінінде кешкі асқа анасы баласына не пісірді?
а) бұдан да дәмдісін әзірледі ә) сол сорпаны берді б) ештеңе бермеді

13. «Уф! Ханзада болып жалғыз қалғанша, кедей ұлы болғаным әлдеқайда жақсы еді ғой» - қай ертегіден алынған үзінді?
а) «Бұлақ сылдыры» ә) «Ағаш тостақ» б) «Ханзаданың достығы»
14. Дәуден құтылу үшін Бармақтай бала не істеді?
а) қайырымдылық жасады ә) қулық жасады б) ақымақтық жасады
15. «Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз» - қай өлеңнен үзінді?
А) «Ғылым таппай мақтанба» ә) «Ісмер қыз» б) «Кім болғым келеді?»
16. Аянның әдептілігіне сүйсінген әжей оған не берді?
А) ақша ә) алма б) кәмпит
17. Айгүл мереке күні неге көңілсіз болды?
А) достары ренжітті ә) анасы ауруханада еді б) басы ауырды
18. «Егер біз сендей болсақ, таудай сарай салар едік» - деп құмырсқа неге айтты?
А) шегірткеге ә) қарғаға б) сауысқанға
19. «Алтын адам» мәтіні -
А) ертегі ә) мысал б) аңыз
20. «Он жасында жығыпты,
Алпамсадай жігітті.....» - кім туралы?
А) Қабанбай ә) Шоқан б) Тоқтар
21. Қазақ балаларына тұңғыш мектеп ашқан кім?
А) А. Байтұрсынов ә) Ы. Алтынсарин б) Қажымұқан

22. Ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің мамандығы кім болған?
А) жүргізуші ә) мұғалім б) сынақшы - ұшқыш
23. «Күш атасын танымас» мақалы қай мәтін мазмұнына сай келеді?
А) «Қонақжай қазақ» ә) «Қажымұқан» б) «Бала Қабанбай»

Жауаптары:
1 - нұсқа

Толық нұсқасын жүктеу
11 018
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест. Әдебиеттік оқу 3 сынып
Тест. Әдебиеттік оқу 3 сынып
1. Мұхтар Әуезовтің шығармасы? а Қыс в Күз с Боран
Тарихтан сайыс сабақ
Тарихтан сайыс сабақ
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы, Е. Ш. Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі Т. А. Дюсегалиева
Шоқан мен өнерлі бала Мысық
Шоқан мен өнерлі бала Мысық
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы Е. Ш. Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хайруллина Ұлмекен Сейтқалиқызы
Әдепті сөздер
Әдепті сөздер
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы Е. Ш. Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хайруллина Ұлмекен Сейтқалиқызы
Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне»
Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мқғалімі Жанкеева Нұргүл Жауынбаевна
Тест Әдебиеттік оқу ( 2 – сынып)
Тест Әдебиеттік оқу ( 2 – сынып)
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, № 31 Ақтасты бастауыш мектебінің мұғалімі Саулембаева Салтанат Жандарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×