Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балапан қанат қақты. М. Жұмабаев

18 мам 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Ұзынағаш ауылы, Ш. Уәлиханов атындағы
орта мектебі МДШО мемлекеттік мекемесі
бастауыш сынып мұғалімі Имаш Жанар Тұранқызы

Ашық сабақ тақырыбы: Балапан қанат қақты. М. Жұмабаев.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды М. Жұмабаевтың еңбегімен, шығармашылығымен таныстыру. «Балапан қанат қақты» әңгімесінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен ойын арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Жанашырлыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Әдіс - тәсілдері: Дамыта оқыту технологиясының тәсілдері, сұрақ - жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Слайд, интерактивті тақта, бейнежазба.

Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
IV Сергіту сәті.
V. Жаңа сабақты бекіту.
ҮI. Қорытындылау.
VII. Бағалау.
ҮІII. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (1 - слайд)
Психологиялық дайындық.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Сәлеметсіздер ме, достарым!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Үйге не берілді?
- М. Дулатовтың мектепке, мектептен жаттап келу.
- 2 - 3оқушыдан өлеңді сұрау.
Үй тапсырмасын бекіту. (2 - слайд).
«Аққала жасайық!»
1. М. Дулатов туралы әңгімеле. (1 - 2 оқушыдан сұрау)
2. Өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген? (Қыс)
- Қыс мезгілінде неше ай бар? (Желтоқсан, қаңтар, ақпан).
- Қыстың бірінші айы қалай аталады? (Желтоқсан).
- Желтоқсан айында қандай мейрамдар болады? (1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күні, 16 - желтоқсан Тәуелсіздік күні, 31 - желтоқсан Жаңа жыл.)
- Балалар, енді мен сендерге жаңа жылға байланысты жұмбақ жасырамын.
Сендер жауабын табасыңдар.
Жұмбақ:(3 - слайд)
Ақсақалды шал жылына
Бip - ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/

ІІІ. Жаңа сабақ.(3 - слайд).
- Бүгін бізге қонаққа Аяз ата мен Ақша қар қонаққа келіпті. Жаңа жыл мейрамына қатысу үшін бізге тапсырмалар ала келіпті.
1 - тапсырма: Белгілі ақын әрі жазушы Мағжан Жұмабаевтің «Балапан қанат қақты» өлеңнің үзіндісімен танысайық. ( «Балапан» журналына арналып қара сөзбен жазылған өлең)
Мақсатымыз. Білімділік: Оқушыларды М. Жұмабаевтың еңбегімен,
шығармашылығымен таныстыру. «Балапан қанат қақты» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу.

Оқулық пен жұмыс. ( 4 - слайд).
Мағжан Жұмабаев туралы мәліметті оқу. ( 5 - слайд).
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде туған. Бала кезінен өте зеректігімен көзге түскен ол төрт жасынан хат таниды. Ауыл мұғалімнен сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Бірақ, бұл білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандыра қоймайды. Сөйтіп, Мағжан білім жолында іздене түседі. М. Жұмабаев шығармалары
Мағжан Жұмабаев 1938 жылы қамауға алынып, халық жауы деген атпен ату жазасына кесілді.

Дәптермен жұмыс.
- Мағжан Жұмабаев. Балапан қанат қақты. Балалар, жаңылтпашты жаңылмай айтуға жаттығайық.
Жаңылтпаш
Қыс қатты - ақ
Қыспаққа ап
Құс тоңып жүр
Қыстап қап.
- Осы жаңылтпашта айтылғандай, қыстап қалған құс туралы белгілі ақын әрі жазушы. Мағжан Жұмабаевтың «Балапан қанат қақты» өлеңінен алынған үзіндіні тыңдап көрші.

Әңгімені оқу.
2 - тапсырма.
- Балалар, әңгімедегі оқиғаны өзің жалғастырып көрші. Оқиға немен аяқталуы мүмкін деп ойлайсың? Балапанға біреу көмектесті ме екен. Әлде...................
- Мәтіндегі жазушы сөзін пайдаланып, суреттегі балапанның қимылын іс – әрекетін сипатта. ( 6 - слайд).

IV Сергіту сәті.( 7 - слайд, бейнежазба).
3 - тапсырма. Суретпен жұмыс.

V. Жаңа сабақты бекіту.(8 - слайд).
- Әңгіменің авторы Мағжан Жұмабаев туралы сызбаға қажетті мәліметтерді түсір.
ҮI. Қорытындылау.(9 - слайд)
VII. Бағалау.(10 - слайд)
ҮІII. Үйге тапсырма. (11 - слайд)
6 253
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Тұңғыш ғарышкер Олжас Сүлейменов
Оқушыларды тұңғыш ғарышкер туралы мәліметпен таныстыру. О. Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңімен таныстыру. Өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Оқушыларды «Жаңбыр» өлеңі мен «Бұлбұлдың әні» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен сұлулығы жайлы әңгімелеу.
Атай. Ә. Дүйсенбиев.
Атай. Ә. Дүйсенбиев.
Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Бесік жыры.
Бесік жыры.
Оқушыларды М. Жұмабаевтың еңбегімен, шығармашылығымен таныстыру. Мәтінінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Шыбық. Сансызбай Сарғасқаев
Шыбық. Сансызбай Сарғасқаев
Оқушыларды Сансызбай Сарғасқаевтың «Шыбық» әңгімесімен таныстыру. Шығарманың мазмұны мен идеясын меңгерту. Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу.
Мағжан Жұмабаев. Балапан қанат қақты
Мағжан Жұмабаев. Балапан қанат қақты
Желтоқсан - аппақ әлем. Жыл он екі айда айналып келер әр маусымның өзінің ерекше бір сыйы, өзіндік өрнегі болатын болса, қылышын сүйреткен қыстан көбіне біздің күтетініміз азя бен аппақ қырау, сосын көк күмбезінен ақ күміс болып шашылатын ақ ұлпа
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×