Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1-4 сынып оқушыларына Дүниетану пәнінен ашық тесттер жинағы. (авторлық жұмыс)

15 маусым 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әулиекөл ауданы, № 2 Аманқарағай орта мектебі»ММ
Бастауыш сынып мұғалімі Туребекова Л. М.

Түсінік хат.
Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған бастауыш сынып оқушыларына 1 - 4 сынып бағдарламасында ұсынылған негізгі тақырыптар және қорытындылау тапсырмалары жан - жақты қарастырылған. Тест жинағында әр сыныпқа тарау бойынша жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар жинақталып алынған. Тесттік тапсырманы орындату арқылы оқушылардың өткен тақырыптар бойынша жинақтаған білім сапасын анықтауға, толықтыруға нақты мүмкіндік туады.
Сонымен қатар:
- Баланың білімін, деңгейін көтереді;
- Өзіне деген сенімділік туғызады;
- Өзіне - өзі баға береді;
- Пәнге деген қызығушылығы артады.
Бұл тестілермен жұмыс істеу барысында оқушылар да өзінің оқу жұмысындағы жетістіктері мен жіберілген кемшіліктері туралы мәліметтер алып, өз еңбегіне талдау жасап, білім мен ғылымға деген құштарлығын арттыруға дағдыланады.

Мақсаты:
1. Оқушылардың ой - өрісін кеңейту;
2. Алған білімдерін одан - әрі тереңдету.
3. Дүниетанымын қалыптастырып, өз ойын еркін жеткізе алатын жан - жақты тұлға тәрбиелеу.

Міндеті: Оқушылардың ой - өрістерін кеңейту ойлау қаблетін дамыту. Сұрақтарға дұрыс жауап беру.

Күтілетін нәтиже
1. Оқушылардың дүниетанымы қалыптасады;
2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері артады;
3. Өздігінен білім алуға дағдыланады;
4. Пәнге деген қызығушылығы артады;

1 - СЫНЫП
Тақырыбы: Табиғат.
Тест №1
Сұрақтар:
1. Табиғат деген не?
2. Табиғат нешеге бөлінеді?
3. Табиғи тірі денелерді ата
4. Табиғаттың жансыз денелеріне не жатады?
5. Күн көзінің табиғатқа тигізетін пайдасы?
6.Табиғат құбылыстарын ата
7. Тірі табиғатқа не қажет?
8. Адам табиғаттан қалай үйренді?
9. Ауа - райы дегенді қалай түсінесің?
10. Ауа - райын өлшейтін құралды ата
11. Термометрдің сынап белгісі, 0 жоғарғы болса ауа - райы қандай болғаны?
12. Ұшақ жасауды неден үйренді?
13. Төрт тұсты ата
14. Жыл мезгілдерін ата
15. Суықтықты көрсетіп таңба қандай?

Тақырыбы: Адам.
Тест №2
Сұрақтар:
1. Адам деген кім?
2. Адамның өмір сүруі үшін не керек?
3. Көру мүшесін ата
4. Есту мүшесін ата
5. Сезім мүшелерін ата?
6. Құлақты күту ережесін ата
7. Жылу мен суықты біз қандай сезім мүшесі арқылы ажыратамыз?
8. Көзді сақтау ережесін ата
9. Дені сау бола тұрып, еңбек еткісі келмеген адамды кім деп атауға болады?
10. Нан пісіретін адамды кім дейміз?
11. Трактор, соқа, комбайн, машина жасайтын адамды кім дейміз?
12. Адамның көңіл - күйі деген не?
13. Заттың қатты немесе жұмсақ екенін қалай білесің?
14. Диқан деген кім?
15. Тыныс алу мүшесін ата

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 866
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР  Дүниежүзі тарихы 7 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР Дүниежүзі тарихы 7 сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7 - сынып оқушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған.
Физика пәнінен 7 - сынып бойынша ағылшын тілінде тақырыптық тапсырмалар жинағы
Физика пәнінен 7 - сынып бойынша ағылшын тілінде тақырыптық тапсырмалар жинағы
21 ғасырда басқа мемлекеттерден оқшауланып өмір сүруге мүмкін емес. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болып тарихи қалыптасқан. Сондықтан әр қазақстандық ең кемінде екі: қазақ және орыс тілдерін білу керек.
Математикадан 3 сынып оқушыларына арналған жабық тесттер жинағы
Математикадан 3 сынып оқушыларына арналған жабық тесттер жинағы
Математикадан 3 сынып оқушыларына арналған жабық тесттер жинағы
Дүниетану тест жұмыстары 1 - 4 сыныпқа арналған көмекші құрал
Дүниетану тест жұмыстары 1 - 4 сыныпқа арналған көмекші құрал
Дүниетану тест жұмыстары 1 - 4 сыныпқа арналған көмекші құрал Бұл жинақта 1 - 4 сынып бағдарламасында ұсынылған негізгі тақырыптар және қорытындылау тапсырмалары жан - жақты қарастырылған. Өскен жеріміздің, ауданымыздың табиғи ерекшеліктерімен
3 - сынып оқушыларына математика пәнінен ашық тест
3 - сынып оқушыларына математика пәнінен ашық тест
3 - сынып оқушыларына математика пәнінен ашық тест Тақырыбы: Ауызша көбейту бөлу
Қазақ тілі сабақтарында тест әдісінің қолдануы
Қазақ тілі сабақтарында тест әдісінің қолдануы
Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы № 5 орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Майра Мұқтаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×