Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дыбыстың түрлері

06 желтоқсан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мақсаты: а) білімдік: Бүгінгі Қазақстанның жарқын болашағы жайлы әңгімелей отырып, оқушыларға Отан туралы жалпы мәлімет беру.
Дыбыс түрлері , буындық және дыбыстық талдау , тасымал бойынша алған білімдерін одан әрі толықтыру
ә) дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойлау жылдамдығын, зейінін , есте сақтау қабілетін дамыту.
б) тәрбиелік: Оқушылардың өз халқына , Отанына деген мақтаныш сезімін ояту. Отанын қорғауға дайын болуға үндеу және елін , жерін сүюге , қадірлеуге жалпы елжандылыққа тәрбиелеу.
Технология түрі: «Биоақпараттандыру және синергетика»
Карта: « Алгоритм »
Сабақтың көрнекіліктері: ОӘЖӘ сызбасы, ТКШ, АКШ, ЖКШ тапсырмалары
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
1.Психологиялық тренинг
Туған жердің қорғайтын әрбір талын,
Қуанышпен қарсы алған әрбір таңын.
Құрметтейтін тіпті оның көбелегін,
Біз боламыз, О , Отан, жас ұланың!
2. Проблемалық жағдаят туғызу.
« ......Онсыз адамдардың күні жоқ. Онсыз тіршіліктің мәні болмайды. Алыс кетсең оны сағынасың, тіпті ол қол бұлғап шақырғандай болады. Ол жерден сен дүниеге келесің, өсесің, білім аласың. Кейін сол үшін қызмет етесің. Оны мәңгілік сүю және қорғау әрбір азаматтың парызы .»
- Балалар, мен не туралы айтып тұрмын?
- « Отан » дегенде көз алдарыңа не елестейді?
- Біз қандай елміз? ( Егеменді )
- тәуелсіздігімізді қашан алдық?
- Егемендігімізді айқындайтын нелер? (Елтаңба, Әнұран, Ту )
- Балалар, Бұл қазақ халқы үшін , Қазақстанды Отаным , елім, жұртым деп білетін әрбір қазақстандық үшін үлкен оқиға, зор қуаныш.Ендігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан.
Тәуелсіз елдің тілегі –бейбітшілік, тыныштық, келешегі – білімді ұрпақ.. Сонда біздер бүгінгі оқушылар болсақ, ертеңгі Қазақстанның болашағымыз.
Қазақстанның болашағы жарқын болсын десек, бүгінгі сабақта берілетін тапсырмаларды
63 %-дан жоғары көрсеткіш көрсетуіміз керек. Сонда ғана Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосуға дайынбыз деген сөз
.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
3. Арнайы сөздік қор алу 5 мин
( өткен ережелерді жатқа жазу керек )
Норма – 44 сөз

ІІІ. Жаңа сабақ
4. ОӘЖӘ сызбасы арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі


5. Түсіндіру
Жаңа сабақты ОӘЖӘ сызбасы арқылы қанша уақыт түсіндіргендігі анықталып, тақтаға жазылады. Оқушылар дәптердің оң жағына «Байқау» деп жазып қояды. Барлығы мұғаліммен бірдей 1 шапалақ соғады. Шапалақ бірдей шықпаса, қайта соғылады.

1-тапсырма беріледі. ( тапсырманы орындау үлгісі )
Асты сызылған сөзге буындық талдау жаса.
Ел құ - ла – ғы елу.

Асты сызылған сөзге буындық , дыбыстық талдау жаса.
Бей - біт елде сән болар
б –ұяң дсыз
е – жінішке дты
й –үнді дсыз
і –жіңішке дты
т –қатаң дсыз

Асты сызылған сөзге буындық , дыбыстық талдау жаса және тасымалда.
Ағасыз ел жа - ға - сыз.
ж – ұяң дсыз---------------------жа – ға - сыз
а –жуан дты---------------------1) жа -ғасыз
ғ –ұяң дсыз-----------------------2) жаға -сыз

Орындау уақыты: ( 5 оқушыдан болған соң 30 секунд беріледі де, тапсырма тексеріледі )

ТКШ Отан оттан да ыстық ( Асты сызылған сөзге буындық талдау )
АКШ Туған жер алтын бесік (Асты сызылған сөзге буындық талдау , дыбыстық талдау)
ЖКШ Отансыз адам – ормансыз бұлбұл (Асты сызылған сөзге буындық талдау , дыбыстық талдау, тасымал жасау )
Әр күрделілік шектің жауабын мұғалім ретімен жазады, оқушылар жұптық тексеру арқылы бір-бірін тексереді.Әр күрделілік шектегі тапсырмалардың орындалу сапасының пайызын мұғалім шығарып, 63% салыстырып, тақтаға жазады.

6. Түсіндіру .
Түсіндіру уақыты тақтаға жазылып қойылады.
Уақыты:1- түсіндіру уақытының жартысына тең болуы керек
Мұғалім оқушылардың қате жіберген тұстарына ғана тоқталады.Оқушылар дәптердің оң жағына «Бекіту» деп жазады.Екі шапалақ соғылады

2- тапсырма беріледі: ( үлгі бойынша тапсырманы орындау )
Орындау уақыты: ( 5 оқушыдан болған соң 30 секунд беріледі де, тапсырма тексеріледі )
ТКШ Туған жерге туыңды тік (Асты сызылған сөзге буындық талдау )
АКШ Туған жердің жусаны да жұпар (Асты сызылған сөзге буындық талдау , дыбыстық талдау)
ЖКШ Отан отбасынан басталады. (Асты сызылған сөзге буындық талдау , дыбыстық талдау, тасымал жасау )

Әр күрделілік шектің жауабын мұғалім ретімен жазады, оқушылар жұптық тексеру арқылы бір-бірін тексереді.Әр күрделілік шектегі тапсырмалардың орындалу сапасының пайызын мұғалім шығарып, 63% салыстырып, тақтаға жазады.

7. Сергіту сәті
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық.
Басты солға бұрайық.,
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз дем алып қалайық.

8. Түсіндіру .
Түсіндіру уақыты тақтаға жазылып қойылады.
Уақыты:2- түсіндіру уақытының жартысына тең болуы керек
Мұғалім оқушылардың қате жіберген тұстарына ғана тоқталады.Оқушылар дәптердің оң жағына «Есте сақтау» деп жазады.Үш шапалақ соғылады.

3- тапсырма беріледі: ( үлгі бойынша тапсырманы орындау )
Орындау уақыты: ( 5 оқушыдан болған соң 30 секунд беріледі де, тапсырма тексеріледі )

ТКШ Біздің еліміз өте бай мемлекет (Асты сызылған сөзге буындық талдау )
АКШ Елдің келешегі – білімді ұрпақ (Асты сызылған сөзге буындық талдау , дыбыстық талдау
ЖКШ Елімізде бірлік , татулық болсын!( Асты сызылған сөзге буындық талдау , дыбыстық талдау, тасымал жасау )

Әр күрделілік шектің жауабын мұғалім ретімен жазады, оқушылар жұптық тексеру арқылы бір-бірін тексереді.Әр күрделілік шектегі тапсырмалардың орындалу сапасының пайызын мұғалім шығарып, 63% салыстырып, тақтаға жазады.

Қорытынды Тест алу
І нұсқа 1 ә , 2 б , 3 а , 4 б , 5 ә , 6 а , 7 б , 8 а , 9 ә , 10 ә .
ІІ нұсқа 1 б , 2 а , 3 ә , 4 ә , 5 б , 6 ә , 7 а , 8 а , 9 ә , 10 а.
- Сонымен бүгінгі сабақта не білдіңдер?
- Қос сөз дегеніміз не ?
- Қос сөздер қалай жасалады?
- Еліміздің болашағы қандай болады деп ойлайсыңдар?

Бағалау нормасы: 8 - 9 тапсырма дұрыс болса, « 5 »
6 - 7 тапсырма дұрыс болса, « 4 »
3 - 5 тапсырма дұрыс болса, « 3 »
10 583
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тілегіміз бейбітшілік
Тілегіміз бейбітшілік
Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлармен, олардың ерлігімен таныстыру. Олардың ерен ерліктеріне еліктеушілік сезімдерін туғызу. Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Туған өлкем мақтанышым
Туған өлкем мақтанышым
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Ататүрік атындағы №17 мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Абдырахманова Дана Қасымхановна
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
"Отан" Ж.Әбдірашев
"Отан" Ж.Әбдірашев
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы Абай атындағы № 90орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсылық Айгул Шындалықызы
Етістік
Етістік
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурадинова Айнагүл Нурадинқызы
7 санының құрамы
7 санының құрамы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалім Айназарова Гүлзира Данағұлқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×