Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдептілікке үйренейік! Сөз.

01 қазан 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Пән: Cауат ашу
Мектеп: Павлодар қаласы, М. Әуезов атындағы №42 ЖОМ
Мұғалімнің аты - жөні: Кудрышева Ш. С.
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Әдептілікке үйренейік! Сөз.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.
Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
Сабақ мақсаттары:
1. Оқушыларда сөйлеу туралы ұғым қалыптастыра отырып, сөйлеу тілін дамыту.
2. Оқу дағдысын жетілдіру барысында әдептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Түсініп қатесіз оқу, сөйлеу тілін дамыту.
Көрнекілігі: Жеке сюжетті суреттер, тірек сызба.
Тілдік мақсаттар:
- Сөзбен сөйлемді ажырату, сөздің мағынасын, сөйлемнің мазмұнын түсіну, білігін бағалау.
Пән аралық байланыстар:
Дүниетану, математика, жаратылыстану, көркем еңбек;
Бастапқы білім
Сұрақ қою арқылы баланың мектептегі негізгі әрекетінің оқу екендігін таныту.
Сабақтың басы
Оқушыларға бір - бірімен танысу үлгісін көрсетеді. Өзара танысу барысында қандай сұрақтар қоюға болатынын талқылайды.
- Сенің атың кім?
- Сен неше жастасың?
- Саған қандай ойындар ұнайды?
- Сенің сүйікті ойыншығың/затың?
Берілген бөлімді өзіңізге ұнайтын бір затты көрсетіп, оның сізге несімен ұнайтынын, біршама дәлдікпен жан - жақты сипаттаудан бастаңыз.
Қазақ тілінің дыбыстары мен әріптеріне арналған ойын түрлері
Сабақтың ортасы
Оқушыларды сіз ұстаған зат бойынша көбірек сұрақ қоюға ынталандырыңыз, жетекші сұрақтардың көмегімен мазмұндауға үйрете бастаңыз.
Дыбыстарды анық дұрыс айтуы үшін қолайна қолданып артикуляциялық жаттығуларды орындатыңыз. Сөз құрамындағы дыбыстарды анықтатыңыз, сөздің графикалық сызбасымен жұмыс ұйымдастырыңыз. Сөзді буынға бөлу тәсілін көрсетіңіз.
«Өз есіміңді буынға бөле аласың ба?» ойынын ұйымдастырыңыз.
Берілген суреттердің атауын буынға бөліп, сөздердің буын санына қарай суреттерді топтастырады. Буынға дұрыс бөлуін бағалайды.
Оқушыларды тұрғызып, ойыншықты қолданып бір - біріне сұрақ қойып, сұрақтарына жауап беруін ұйымдастырыңыз. Толық жауап берген оқушыларды мадақтаңыз.
Тіл дамыту жұмыстарын бірнеше сағат жалғастырыңыз.
Оқушыларға дәптерді қолдану, қаламды дұрыс ұстау үлгісін көрсетіңіз. Өздерінің не білетінін көрсетуге мүмкіндік беріңіз. Саусақтарға арналған жаттығулар жасатыңыз (ермексаз қолдануыңызға болады). Жазу бағытын, көлбеу сызық, таяқша, т. б. элементтерді ауада, тақтада жаздырыңыз. Оқушылар өзіне сенімді болуы үшін қарындашпен жазуға да болады. Сөз, сөйлем сызбаларын салуды үйретіңіз.

Сабақтың соңы
Оқу жетістіктерін бағалау:
• Оқушылар ақпараттың бір немесе бірнеше бөлігін есте сақтай алды;
Оқушылар жұппен жұмыс істеген кезде бір - біріне кезек беріп сөйлей алады.
1 968
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сыныптағы танысу. Сөйлем.
Сыныптағы танысу. Сөйлем.
тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.
Ұлттық ойын туралы не білемін? Э дыбысы мен әрпі
Ұлттық ойын туралы не білемін? Э дыбысы мен әрпі
Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну.
Өзім туралы. Сәлем саған мектебім! Сөйлеу.
Өзім туралы. Сәлем саған мектебім! Сөйлеу.
Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдайды. Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.
Сыныптағы танысу. Сөйлем
Сыныптағы танысу. Сөйлем
Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну. Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.
Өзім туралы. Сәлем саған мектебім! Сөйлеу.
Өзім туралы. Сәлем саған мектебім! Сөйлеу.
Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдайды. Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.
Әдептілікке үйренейік. Сөз
Әдептілікке үйренейік. Сөз
тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×