Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ө дыбысы мен әрпі

09 желтоқсан 2012, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Ө әрпін таныту. Ө дыбысын сөз ішінде ажырата білуге үйрету. Сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастыруға байланысты тақпақ, жұмбақ, әңгіме пайдалану.

Керекті құралдар: суреттер, кеспе әріптер, текшелер, сызбалар.
әдісі: сөздік, көрнекілік, практикалық әдістер.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Өткен сабақты пысықтау.
- Қыс туралы кім тақпақ біледі? өткен сабақта қандай танысқанымызды жұмбақ шешу арқылы еске түсіру.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң жоқ болады. (Қар)
- Қар деген сөздің бас әрпі қалай аталады екен? («Қ» дыбысы).
- Енді Қ дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?
- Қар деген сөзде неше дыбыс ? Диалогпен сөйлеу. Сұрақ-жауап.
- Малдың жауы қандай аң? (қасқыр)
- Суда жүзетін қай құстың аты қ-дан басталады? (Қаз)
- Адам суда қандай көлікті пайдаланады? (Қайық) Құрамында қ дыбысы мен әрпі бар қандай құстарды білесіңдер? (Аққу, қарға, қарлығаш, құр, сауысқан)
- Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын мына жұмбақты шешіп, соның бірінші дыбысын атасаңдар, сонда табасыңдар.
Тоқығаны ау
Шыбынның жауы. (Өрмекші)
өрмекші сөзінің бірінші дыбысы - Ө дыбысы екен.
- Балалар, бүгінгі жаңа сабақ тақырыбы Ө дыбысы.
- Ө дыбысы дауысты, қызыл белгімен белгілейміз. Енді мына суретке назар аударайық.
Бөрік, өрік көз өрнек.
Сөздерге талдау жасау.
Бой сергіту жаттығуы.
Ойын. «Сөз ойла, тез ойла»
Тәрбиеші: Мен сендерге әңгіме айтып берейін. Бір Өркен деген баланың бір құлыншағы, бір бұзауы, бір ботасы, бір лағы болыпты. Олар қора ішінде ойнақтап жүрсе, жалынышты маңыраған дауыс шығады. Бәрі шығып қараса, бір кішкене қозы енесінен адасып, маңырап жүр екен. Төлдер оны өздерімен ойнауға шақырады. Сөйтіп, Өркеннің қанша төлі болды?
Балалар: Бес төлі болды
Тәрбиеші: Өркеннің бір құлыны, бір ботасы, бір лағ, бір қозысы, бір бұзауы болды. Сонымен бес саны неше бірліктен құралады?
Ойын. «Әріптер ішінде адасқан сандар».
Жұмбақ: Қысы жазы, бір түсте. (Шырша)
Ойын: «Ойлан тап».
- Балалар, қар жауған кезде біз қардан не жасаймыз? (Аққала)
- Ендеше алдарындағы аққаланың қиылған бөліктерін құрастырып, кімде қандай сөз жазылған екен, тауып көрелік.
Жұмбақ шешу. (Аяз, қар, мұз).
- Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Ол қандай дыбыс? Ө дыбысын қандай текшемен белгілейміз?
Сабақты қорытып, жақсы қатысқан балаларды мақтау.
5 247
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
П п дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпі
- Пияз сөзі қандай дыбыстан басталып тұр? - П дыбысы дауыссыз дыбыс. П дыбысын көк түспен белгілейміз. П дыбысын айтқанда жоғарғы ерін төменгі ерінге жуық тиіп, тез ажырап кетеді. - П әрпі сөздің басында, ортасында, соңында келеді. - Парта, дәптер,
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
О дыбысы және әрпі
О дыбысы және әрпі
Құрамында О дыбысы бар сөздерді талдау. О дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын, әрпін таныту. О дыбысы бар сөз, сөйлем ойлату. ә) Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Сабақтың тақырыбы: Хх дыбысы мен әрпі (слайд)
Ә дыбысы және әрпі
Ә дыбысы және әрпі
Қарағанды облысы, "Балқаш қаласы №2 Абай атындағы лицей" КММ бастауыш сынып мұғалімі Кенжина Айгул Хамитовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×