Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бесік жыры

23 қараша 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бесік жыры
Сілтеме: Әдебиеттік оқу 3 сынып
Жалпы мақсаттар:
Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрін дәріптеу, соның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала, баланы бесікке бөлеу дәстүрін атадан балаға жеткізу. Бесік жырының маңызын ұғындыру. Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушылардың өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, дәлелдей білуге, сөйлеу мәдениетін, топпен жұмыс істеу, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру. Салт – дәстүрді құрметтеуге, адамгершілікке, мейірімділікке, тазалыққа тәрбиелеу. Өлеңді дауыс интонациясы арқылы оқып мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білуге, оқығанды түсініп кейіпкердің көңіл – күйін сезініп оқи білуге үйрету, білімдерін жетілдіру.
Оқыту нәтижесі:
Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрін дәріптеу, соның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала, баланы бесікке бөлеу дәстүрін атадан балаға жеткізу. Бесік жырының маңызын ұғынады. Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушылардың өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, дәлелдей білуге, сөйлеу мәдениетін, топпен жұмыс істеу, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту. интонациясы арқылы оқып автодың ойын білуге, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білуге, оқығанды түсініп кейіпкердің көңіл – күйін сезініп оқи білуге үйренеді, білімдері жетіледі.
Негізгі идеялар:
Оқушыларды тапсырма орындауда өздері ойлануға, өз ойын ашып айтуға, бір - бірімен топтасып, біріге отырып жұмыс жасауға төселдіру.

Тапсырмалар 1. Әңгіме бойынша жағдайды талқылау
2. Диалогтік сөйлесу
3. Аудио - видео көріністер
4. Топтас - жұптас - ойлан
5. Сұрақ - жауап6.
Кейінгі тапсырмалар Оқу үрдісіндегі өзгерісті оқушылардың қалай қабылдағанын бақылау.
Басқа әріптестермен ақылдасу.
Тәжірибе негізінде өзгерістерді сипаттау.
Жүргізілетін жұмысым

Шаттық шеңбер
- Күлімдеген күн мейірімді!
- Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
- Таза мөлдір су мейірімді!
- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
- Аяулы анам мейірімді!
- Қадірлі әкем мейірімді!
- Әлпештеген әжем мейірімді!
- Еркелеткен атам мейірімді!
- Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
- Тату - тәтті достарым мейірімді
Бағалау критериясымен таныстырып, топ басшыларын сайлап, тапсыру.

І. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту.
Жұмбақ шешу.
Сәбиге сәнді үй
Анаға ән – күй.
(Бесік)

2. Ой қозғау
- Бесік деген не? Бесік неден жасалған?
- Бесікке жатқан бала бар ма?
- Бесікке байланысты қандай салт – дәстүрлерді білесіңдер? Слайдқа назар аударып, оқушылардың шілдехана, бесік той, қырқынан шығару, тұсау кесу туралы ойларын тыңдау.

3. Қорытындылау.
- Бесік - бабамыздан қалған киелі мүлік. Қазақ бесікті қатты қадірлейтіндігі сонша, қазақ атасы жатқан бесікке баласы, немересі, шөбере, шөпшегін бөлейді. Бесікке салуды көрсету. ( бейне көріністен үзінді )

4. Жаңа материалмен жұмыс.
- Балалар, «Сарқылмас қазына» бөлімін осы «Бесік жырымен» бастаймыз. Адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған мәдени нұсқалары, ұлағатты сөздері, көркем туындылары, ұрпақтан – ұрпаққа, атадан – балаға мирас ретінде жетіп отыр. Бұл тарту Атамұра деп аталады. Қазақ халқының дәстүрлі киім - кешегінен бастап, үй жиһаздары, ата – кәсіп құрал – саймандары, тарихи ескерткіштері, туған өлке, туған жер, туған тіл бәрі де мұра болған. Басты мұралардың бірі – «Бесік жыры».

1) Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу. Оқушыларға тізбектей оқыту

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 223
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасы дәстүрлері мен мейрамдары
Отбасы дәстүрлері мен мейрамдары
Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлерін дәріптеу. Cоның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу - діңгегі - бала. Бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеуден бастап өскенге дейінгі салт - дәстүрлерді дәріптеу. Салт -
Сарқылмас қазына «Бесік жыры»
Сарқылмас қазына «Бесік жыры»
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «№20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі»ММ Бастауыш сынып мұғалімі Бектурганова Нуржамал Сайлауовна
Бесік жыры, Тұсау кесу жыры
Бесік жыры, Тұсау кесу жыры
Ақмола облысы, Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылы, №41орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Мырзағалиева Айшагүл Есимқызы
«Бесік жыры», «Тұсау кесу жыры»
«Бесік жыры», «Тұсау кесу жыры»
Нұрмашева Шарбану Насырқызы Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалім
Сарқылмас қазына Бесік жыры
Сарқылмас қазына Бесік жыры
Қазақтың қазынасының бірі бесік туралы әңгімелеу. Бесіктің жасалу құрылысы туралы, оны қолдану әдістерін білуге үйрету. Бесік жыры туралы мәлімет беріп, мағынасын түсіну.
Салт-дәстүр – асыл қазына
Салт-дәстүр – асыл қазына
Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу. Cоның бірі отбасының басты қызығы, алтын тіреу-діңгегі-бала. Бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеу дәстүрін атадан балаға жеткізу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×