Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әліппенің ар жағы - білім бағы

28 қараша 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әліппенің ар жағы - білім бағы
Мақсаты: Білімнің бастауы болған Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата - аналарын құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Шарлар, слайд, нақыл сөздер. Залда баяу ырғақта музыка ойнап тұрады.

Мұғалім: Ерте, ерте ертеде әріптер мен дыбыстар шашыраңқы өмір сүріпті. Бірін - бірі сыйлау дегенді білмепті. Бірінің орнына бірі таласып, соңы айқай шумен бітетін. Әр қайсысы әр түрлі үн шығарып, әлемді азан - қазан қылып жібереді екен.
Бұлардың осындай іс - әрекетінен шаршаған дыбыс шыдай алмай оларды өздерінің дыбыс ырғақтарына қарай екі топқа бөліп тастапты.
Дауыстары анық, әуезді ән айта алатындарға дауысты деп есім беріпті. Ал, айтқан дыбыстары түсініксіз, әуелете ән айта алмайтындарына дауыссыз деп ат қойыпты. Осы сәттен бастап екі топ бірін - бірі дұрыс түсінісіп, әр түрлі дыбыстар құрай бастапты. Әрқайсысы өз орындарын тауып, АЛФАВИТ деген ел түзіліпті.

Мұқағали
Армысыздар мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бекнұр
Өмір берер ертеңгі бағаларын,
Әліппемен қоштаспақ бүгін балаларың.
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,
Қош келдің, ата - әже, әкелер мен аналарым.

Бақдаулет
Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым кілтін оның алып берді.

Айсана
Өзіңсің балауса көктемім
Мен сенен нәр алып көктермін.
Өмірде алғашқы өткелім,
Мектебім, мектебім, мектебім.

Айару
Биыл ғана мектептің
Табалдырығын аттадым.
Әліппені қолға алып
Әріптерді жаттадым
Абылай
Партаға алғаш отырдым
Бұдан асқан бақыт жоқ
Оқушы болдым мінекей
Ойнауға енді уақыт жоқ

Айбар
Алғаш рет оятқансың санамды
Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсыменен жаманды.

Нұртілек
Білімнің каусар бұлағын,
Жүресің құйып санама
Біз үшін сенсің мұғалім
Ұстаз да, ғалым да, дана да
Хор: Әліппе.

Мұғалім:
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың

- Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, сендер оған жауап айтыңдаршы:
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?

Хормен:
Болашаққа жол ашар
Ол сүйікті ӘЛІППЕ
Ол сүйікті ӘЛІППЕ

Ендеше ортаға баршамызға ең қымбат ӘЛІППЕНІ шақырамыз.
Хормен:
Әліппе, әліппе, әліппе (өзінің әнін айтып кіреді)

Мұхаммеджан
Армысыздар жас достар
Армысыздар ата - ана,
Болашаққа жол бастар
Менің атым әліппе

Рамазан
Әліппем менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен

Аружан
Әліппем менің әліппем
А деген бастап әріптен
Сөз құрап жаза бастадым
Тақылдап таңба танып мен

Ерназар
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы

Бексапар
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір барлығын
Үйреткен оны Әліппе

Мұғалім: Сыдықова А.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 629
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Х, Һ дыбыстары жаттығу жұмыстарын орындау
Х, Һ дыбыстары жаттығу жұмыстарын орындау
Әріптер мен дыбыстарды ажырату талдау жасау.
Әліппемен қоштасу кеші
Әліппемен қоштасу кеші
Оқушылардың өнерін тамашалау, еркін сөйлеуін, есте сақтау қабілетін дамыту, ата – анамен байланысты нығайту. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата – аналарын құрметтеп, эстетикалық талғамдарын кеңейтіп, оқу, білім алуға тәрбиелеу;
Рахмет, саған Әліппе!
Рахмет, саған Әліппе!
Әліппеден үйренгендерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау, білімдерінің артып, сөз байлығының молайғанын, саналарының өскенін көрсету.
Дыбыс және әріпті қайталаймыз
Дыбыс және әріпті қайталаймыз
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының бастауыш класс мұғалімі Матаева Жанар Махамбетиярқызы
Әліппе - білім бесігі
Әліппе - білім бесігі
ШҚО, Аягөз аудан, «Жамбыл Жабаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш класс мұғалімі Карабаева Жанар Кажымукановна
Әліппемен аштық білім есігін, тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін
Әліппемен аштық білім есігін, тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы қтан батыр ауылындағы №190 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Демеубай Рая Әлқуатқызы Әліппемен аштық білім есігін, Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін. Мақсаты: Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×