Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тілім барда, қазағым бар, халқым бар

15 желтоқсан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тілім барда қазағым бар, халқым бар. ( 3 сынып)
Сабақтың мақсаты:
Ана тілі - ақыл – ой дамуының негізі және барлық білімдердің қазынасы екендігін ұғындыру.
Оқушыларды ана тілін анасындай қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал - мәтелдер.

Сабақтың барысы:
1. Мұғалім:
Туған тілім - бабам тілім - өз тілім,
Туған тілім - анам тілім - өз тілім,
Туған тілім - далам тілім - өз тілім,
Туған тілім - адам тілім - өз тілім.
- деп ақын Дихан Әбілов жырлағандай, бүгінгі біздің сабағымыз ана тілге арналмақ. Сабағымыздың тақырыбы. «Тілім барда қазағым бар, халқым бар»
Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі оның өрлігінде, орасан зор байлығында. Ана тілі деп аталатын қастерлі де қасиетті тілге бүгінгі күнде үлкен мән беріліп отыр. Бұл орайда біз біраз табыстарға қол жеткіздік.

2. – 1997 жылы шілдеде «Тіл туралы» заң қабылданды.
- 7 бап.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Тіл - біздің рухани байлығымыздың қайнар бұлағы, мәдениетіміздің өзегі. Ендеше оны қорғау - ұлттық мүддемізді қорғаумен бара - бар.

Тіл - халықтың қасиеті мен құдіреті, жаны мен жүрегі, мәдениеті, асыл мұралары. Тілін жоғалтқан халықтың өзі де жоғалады.

- Президентіміздің жарлығымен 2007 жыл «Қазақ тілі» жылы деп аталды.

3. Ана тілі туралы тақпақтар айтылады:
Ана тілім жүрегісің анамның,
Жүрек – ана мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін
Сенсіз маған керек емес ғаламның.
Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,
Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.
Анашымды ұмытқаным емес пе,
Ана тілім егер сені ұмытсам.
Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай тура қараймын
Ана тілім егер сені, білмесем.
Мейлі шарлап теңіз өттім, тау бастым,
Мейлі көктің ақ бұлтына жармастым.
Сонда дағы сен қалмассың көкейден,
Сонда дағы сені ұмыта алмаспын.
Бар қазақтың орман, көлі, өзені,
Тау қиясы, жалпақ жазық кезеңі.
Сайрап сөйлеп тұрған жоқ па қазақша,
Қалай тозар сендік асыл сөз енді.
Ана тілім - күшім менің, қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.
Тауысар ма ырысыңды, қорыңды,
Тізерлесіп қатар жазса мың ақын.
Қасиетті, ардақты Ана тілім,
Айшықты, әрі шешен дана тілім.
Анамның ақ сүтімен еміп қоса,
Сонымен саналы ұл боп жаралдым.

4. – Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту - деп Бауыржан Момышұлы айтқандай ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі, маңызы жайлы ұлы адамдардың нақыл сөздеріне тоқталайық:

Тіл өнері - дертпен тең. (Абай)
Шешеннің тілі, шебердің бізі. (Абай)
Әр тілдің өз ырғағы бар ( Б. Момышұлы)
Неше топқа салғанда,
Мүдірмей кеткен тіл артық. (Н. Наушабаев)
Заула, заула, заула тіл,
Халқымның көңілін аула тіл. (К. Әзірбаев)
Тіл - көңілдің тілмәші. (С. Дөнентаев)
Әркімнің туған тілі - туған шеше,
Оған бала міндетті сан мың есе. (С. Мұқанов)

5.– Сөйлей білу – үлкен өнер. Ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас ең зор адамшылықтың,
мәдениеттілік, әдептілік өлшемі болып табылады. Оның мәні - әр азаматтың ана тілін Отанындай, туған халқындай, ата - бабасындай сүйіп, ардақтап, ол тілде сөйлеуді тәңірінің ұлы сыйындай көруінде.
Қадыр Мырза Әлидің «Не тәтті?» өлеңін тыңдайық:
- Екі көзің не үшін керек?
- Жақсыларды көру үшін!
- Екі қолың не үшін керек?
- Елге көмек беру үшін!
- Құлақ деген не үшін керек?
- Ақыл - кеңес тыңдау үшін!
- Жүрек деген не үшін керек?
- Жауларымнан қынбау үшін!
- Тіл мен жағың не үшін керек?
- Ақиқатты айту үшін!
- Ал аяғың?
- Туған жерге қайту үшін!

6. – Қазақ халқы – шешен халық. Сөйлеу тілінде мақал - мәтелдерді жиі қолданған. Енді ана тілі, тіл туралы мақал – мәтелдер айтайық.
Өнер алды қызыл тіл.
Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ..
Тіл қылыштан өткір.
Басқа бәле тілден.
Тіл - буынсыз, Ой – түпсіз.
Бал тамған тілден, У да тамады.
Тіл жүйрік емес,
Шын жүйрік.
Піл көтермегенді,
Тіл көтереді.
Басқа пәле тілден.

7. Ой маржанын тере білген
Әр жазушың, әр ақының.
Әр сөзіңді жатқа білем
Анам сөзі - Ана тілім!
Тіл - ырысың, өрісің де,
Тіл көктегі ғажап күнің.
Ғажап күнсің
Мен үшін де,
Бабам тілі - Қазақ тілім!
- Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізуінің арқасында тағдырымызға тәуелді, табиғатымызға тән тіліміздің мәртебесін көтердік.
Оқушылардың «Ана тілім – алтын қазынам» тақырыбына жазып келген шығармаларына кезек берейік.

8.- Тіл - халықтың қасиеті мен қасіреті, халықтың жаны мен жүрегі. Тіл - ұлттың ар - намысы, абыройы. Тіл - халықтың тарихы, мәдениеті, асыл мұралары. Тіл - халықтың өзі. Ана тілін сақтаған және тағдырының тізгінін өз қолында берік ұстаған халық қана құрметке лайық.
«Ұйқасын тап» ойыны.
Ана тілім
Ана тілім - бақытты болашағым,
------------------------ жол ашамын.
Ұстазымның ілімін ақтау үшін,
----------------------- таласамын.
----------------------- шуақты,
----------------------- қуатты.
---------------------- ----------,
--------------------- су ақты.

9. Сабақты қорыту:
Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл - арым, иманым
Аманат, саған, аманат - деп ақын Мұзафар Әлімбаев жырлағандай, ана тілін ардақтай білейік!
Оқушылар хормен:
Қуан анам!
Ұзығынан сүйініп,
Сәтің де көп
Кеткен кейде түңіліп,
Ақ сүтіңнен
Бойға біткен тіліңді
Пір тұтамын,
Мен алдыңда иіліп!
«Анамның тілі» әні

Тараз қаласы, №42 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Жолшибекова Индира Турганбековна
5 934
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілі
Қазақ тілі
Қазақ тілі - ана тілім, байлығым. Жүрегімде тұрады сенің мәңгі үнің, Өмір бойы көк байрақтың астында. «Туған тіл» деп жырлауға да әзірмін.
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Ана тілім - асыл мұрам
Ана тілім - асыл мұрам
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Алибекова Гульнара Сахиевна
Ана тілім
Ана тілім
Ана тілім, дана тілім, бақ тілім, Жел өтінде қалып қойған ақ гүлім. Тұғыр қылып туған елдің төрінде, Асқақтатам ана тілдің ақ туын.
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Ана тілі
Ана тілі
Ана тілім Ана тілім қымбат маған, дана тілім, Қымбат маған кеудемдегі дара тілім. Ақ сүтімен анамның бойға сіңіп, Уілдеген ең алғаш менің үнім.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×