Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Х дыбысы мен әрпі

14 желтоқсан 2012, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы,
Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Ақтаева Жанна Тұрланқызы

Әліппе 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
а) білімділігі: Оқушыларға Хх дыбысы мен әрпін таныстыру. Х дыбысының жазылу ерекшелігімен таныстыру. «Хоккей» мәтінін оқыту арқылы, орыс тілінен енген сөздердің оқылуын түсіндіру.
ә) тәрбиелілігі: Оқушыларды айналадағы қоршаған ортаны қорғауға, аялауға
хайуанаттарға қамқорлық көрсете білуге, ұқыптылыққа, жинақылыққа, таза жазуға тәрбиелеу.
б) дамытушылығы: Ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту, есте сақтай алуға және
танымдық ойындар арқылы жан-жақты мәліметтерге қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Хайуанаттар бағының суреті, Х әрпінің баспа және жазба түрілері,
аю, түлкі қоян, тиіннің суреттері, Мұхтар Әуезовтың портреті, интерактивті тақта
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка

Сабақтың жүрісі:
Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды түгендеп, оқу-құралдарын тексеру. Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу. Сынып оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Өткенді пысықтау:
Үйге қандай тапсырма берілді?
«Асыл мұра» мәтінін оқу
1-топ мәтінді оқу
2-топ «Ю» дыбысынан келетін сөз ойлау және сол сөзге сөйлем ойлау.
3-топ «Ю» сөзжұмбағын шешу.

Орман жануары.
Текеметке не салады?
Сұйық шай, қандай шай?
Әжем сырмақты қалай сырды?
- Балалар біз қандай дыбыспен таныстық? Ол қандай дыбыс?
- Біз Ю дыбысымен таныстық. Ю қосарлы дауысты дыбыс. Себебі ол й+у дыбыстарының қосарлануы арқылы естіледі. Й+у дыбыстары естілгенімен Ю жазылады.
-Ю дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
-Ю дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.

Жаңа сабақ
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше. Себебі біздер хайуанаттар бағына саяхатқа шығамыз. Хайуанаттар бағына барып көрдіңдер ме?
(әр оқушы өздерінің ойларын айтады.)
-Хайуанаттар бағында нелер тіршілік етеді?
- Аңдар, құстар, жорғалаушылар, бунақденелілер тіршілік етеді.
- Олай болса хайуанаттар бағын аралайық. Хайуанаттар бағына кіру үшін билет алуымыз керек. Билет сатушы апамыз мынадай тапсырма дайындап қойған екен.
Билет сатушы апаның тапсырмасы.
Сәлем алып алыстан,
Туысқаннан, таныстан.
Келетұғын хат, хабар
Қай әріптен басталған.
-Х әрпінеy басталған.
- Ол дыбыспен бүгін танысамыз. Х - дыбысы дауыссыз дыбыс. Х дыбысы буын құрамайды, себебі, ол дауыссыз. Дауыссыз дыбыстың қатаң түріне жатады. Ол араб, парсы тілінен енген сөздердің барлық жерінде кездеседі. Х дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. Мысалы: хор, кітапхана, шах. Х дыбысы туралы түсінік алған болсақ одан әрі хайуанаттар бағын аралауды бастайық.
- Балалар, мынау қай аң?

- Аю. Аю туралы не білеміз? Аю жыртқыш аң. Аю қорек талғамайды. Ол орманда тіршілік етеді. Ол көбінесе, құмырсқа, бал, құлпынай, таңқурай сиқты қоректермен қоректенеді.
- Аю бізге мынадай тапсырма дайындап қойған екен.
Аюдың тапсырмасы.
Оқулықпен жұмыс
Мына сөздерді оқып, Х дыбысының орнын тап. Сөздерді буынға бөл.

ХАТ-----------ХА БАР--------КІ ТАП ХА НА-----------АС ХА НА
ХОР-----------ХА ЛАТ-------ШЕ БЕР ХА НА----------ДӘ РІ ХА НА
(хормен оқытып, буынға бөлгізу әр өзге мағлұмат беру)

- Балалар, аюды тамашалап болсақ, әрі қарай жүрейік. Мынау қай аң?
- Түлкі.
- Түлкі қандай аң?
- Түлкі – қу, айлакер аң. Ол тышқан, қоян, саршұнақ, суыр т.б жануарлармен қоректенеді. Ертегілерді көп кездеседі. Күзде жүні түлеп түсіп, жаңа қалың жүн шығады. Қыста оның түсі жирен болады.
- Жақсы, жарайсыңдар! Түлкі қандай тапсырма даярлаған екен қарайық.
Түлкінің тапсырмасы.
Мына суретте не бейнеленген? Ол спорттық ойын қай кезде ойналады?
Суретпен жұмыс
(Оқушыларға сурет бойынша әңгімелету)

-«Хоккей» мәтінін оқуға ұсынып отыр екен.
(«Хоккей» мәтінін дауыстап хормен оқытып, әр топтан оқушыларға оқытып шығару)
- Енді, түлкінің тапсырмасын орындап болсақ, әрі қарай жүрейік. Балалар, мынау қай аң, қорқып, үркіп отырған.

- Қоян.
- Олай болса, қоян туралы не білесіңдер?
- Қоян – өте қорқақ аң. Ол кішкентай сыбдыр естісе болды, қаша жөнеледі. Оның күзде сұрғылт түсті жүні түлеп түсіп, қыста аппақ тонын киеді.
- Балалар, қоян қандай тапсырма дайындаған екен? Қарайық.
Қоянның тапсырмасы.
Сергіту сәті
«Сұр қоян» әнін айту, қимылмен көрсету.
- Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
- Көңілдерің көтеріліп қалса, жазуға дайындалайық. Бірінші Х дыбысының кіші әріптік таңбасын саламыз.
Дәптермен жұмыс
Тақтаға х әрпін жазып көрсету.
- Балалар, Х әрпі неге ұқсайды.
- Көбелекке.
- Жазбаша түрі ше?
- Арқасын тақап тұрған екі с әріптері секілді.
- Ендеше, ауада осы әріпті жазып, дәптерге толтырайық.
(ха, хе буындарын жазу)
Тақтамен жұмыс
- Балалар, енді, тақтамен жұмыс жүргізейік. Тақтаға халық, хабар, халат сөздерін жазамыз. Әр топтан 1 оқушыдан шығып жаза қойсын.
- Енді, дыбыстық талдау жасайық. Шахмат, хабар, халық сөздеріне дыбыстық талдау жасаймыз. Әр топтан бір-бір оқушы шығып, дыбыстық талдау жасау керек.
- Қоянның тапсырмасын орындап болсақ әрі қарай жүрейік.

- Ағаштың басында жаңғақ кеміріп отырған қай аң?
- Тиін.
- Тиін туралы тақпақ білесіңдер ме? Кім айтады?
- Мен тиінмын, тиінмын,
Қысқа жылы киіндім
Қоймам толы жаңғаққа
Іші жылы үйімнің.
Тиіннің тапсырмасы.
- Тиін «Кім тапқыр?» ойынын дайындап қойған екен. Олай болса, біз тапқырлығымызды көрсетейік. Тиіннің сұрағын оқимын сендер жауап бересіңдер.
1. Балалар, үзілісте қайдан тамақтанады? (асхана)
2. Дәрі-дәрмек сататын жерді не дейді? (дәріхана)
3. Ой дамытатын спорттық ойын. (шахмат)
4. Әншілердің қосылып ән салатын тобы. (хор)
5. Аяғы жоқ, жүреді,
Аузы жоқ, сөйлейді. Ол не? (хат)
6. Мына суреттегі жазушы кім? (Мұхтар Әуезов)

- Тиіннің тапсырмасын орындадық, баққа саяхатымыз да тамамдалды.

Қорытынды:
- Сонымен балалар, бүгін қандай әріппен таныстық?
- Х дыбысы мен әрпі
- Х дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- Басында, ортасында, соңында.
- «Хайуанаттар» деген сөзде х дыбысы қай жерінде естіледі?
- Басында.
- Хайуанаттар бағына саяхатымыз ұнады ма? Ұнаса қай жері?
(оқушылардың өзіндік пікірлері тыңдалады)
- Хайуанаттар бағында көптеген аңдар тіршілік етеді. Ендеше табиғаттың бізге берген осындай сыйын қамқорлыққа алып, оларды қорғай білейік. Жер бетінде саны жағынан азайып бара жатқан хайуанаттар да бар. Сондықтанда табиғатты бәріміз бірге қорғайық!

Үйге тапсырма: «Хоккей» мәтінін оқу, х әрпін әдемі жазуға дағдылану.
Мадақтау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға жұлдызша, төртбұрыш және үшбұрыш пішінді парақшаларды тарату.
8 548
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпін таныту. Ю дыбысынан енген сөздерді буындап тұтас оқуға машықтандыру. Сауатты, көркем жазуға төселдіру, мәтінді түсініп оқуға үйрету.
Я дыбысы мен әрпі
Я дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аманиязова Шынар Болатқызы
Р дыбысы мен әрпі
Р дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Хамидолла Нәубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Оңайбаева Минаш Нәсіпқалиқызы
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сахиева Ләззат
Б дыбысы мен әріпі.
Б дыбысы мен әріпі.
Б дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздер ойлату және сөз ішінен «б» дыбысының қай буында тұрғандығын тапқызу, дауыссыз екендігін ажырата білуге үйрету.
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×