Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Теңдеуді шешу

19 қаңтар 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауыш сынып мұғалімі: Кауменова С. К.

Ауызша қосу және азайту тәсілдері. (Екінші кезең)
Сабақтың тақырыбы: Теңдеуді шешу
Мақсаты:
Білімділік: Теңдікті жазу, теңдеу шеше білуге үйрету.
Дамытушылық: Ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: оқулық, слайд, үлестірмелі картокеталар
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, ізденушілік, өзіндік, ойын түрінде.
Т. Қ: Партада дұрыс түзу отыру керектігін, қаламды ауызға салуға болмайтынын ескерту керек

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Ауызша қосу және азайту тәсілдері. (Екінші кезең) Теңдеуді шешу.
- Ал, балалар, ойындар әлеміне қош келдіңдер!
1.«Кім алғыр?»- ойыны
1 - ден 9 - ға дейінгі сандардан екі таңбалы сандарды құрастыра отырып, құрамдарын айту. Мысалы; 19 - да 1 - ондық, 9 - бірлік барын айтады.

2. «Кім шапшаң?»- ойыны Үй жұмысын тексеру №7 - есеп
Ауызша қосу және азайту (жұппен жұмыс) Мысалы; 8+7=15. 15 - 7=8 (бір - біріне көмектеседі)

ІІІ. Жаңа сабақ. а/ Оқулықпен, дәптермен жұмыс.
Сұрақтар: Теңдеу дегеніміз ол - Белгісіз саны бар теңдікті теңдеу дейміз.
- Белгісіз сан немен белгіленеді?
- Теңдеуде белгісіз сан латын әріптерімен белгіленеді.
- Теңдеу шешу дегеніміз не?
- Теңдеу шешу дегеніміз - теңдеуді дұрыс сандық теңдікке айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу. Белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі немесе теңдеудің шешуі деп аталады.
3. «Кім қызықты?»- ойыны. Қызығушылықты ояту
Санды өрнек пен теңдеуді салыстырыңыздар: 20+50=70
х+50=70
4. «Кім мұқият?»- ойыны Жаңа сабақты қабылдауына байланысты.
№ 1.
а) Теңдікті жазу. --------------------- ә) сынап көру тәсілімен теңдеуді шеш:
3 + 2 = 5 ---------------- х+2=29
(3+2)- 2=5 - 2 ---------- х=29 - 2
3=3 ----------------------- х=27
Осы теңдіктің сол жақ бөлігінен және 27+2=29
оң жақ бөлігінен 2 - ні азайтсақ та теңдігіміз теңеседі, өзгермейді 29=29
№ 2.
а) Таразының сол жақ табағында ұн бар, ол х кг. Оның қасында 2кг гир тасы бар. Таразының оң жақ табағында 2кг, 2кг, 1кг - дық гир тастары бар. Олардың қосындысы 5кг. Онда осыны пайдаланып теңдеуді өзіміз құрап көрейік
х+2=5

ә) х кг ұнның қасындағы 2кг гир тасын алып тастағанда, 2кг, 2кг, 1кг - дық гир тастары бар оң жақ табақ басып кетті. Таразы басы тең болмады. Оң жақ табақтан да 2кг гир тасын алып едік, таразы басы теңелді. Ендеше ұнның салмағы 3 кг екен.
х+2=5
Ендеше, х=5 - 2
Бұдан, х=3
Тексеру: 3+2=5
5=5
Қорытынды: Теңдеуді шешу үшін, оның екі бөлігінен де 2 - ні азайттық.
ІV. Білімдерін тексеру.
5. «Кім жүйрік?»- ойыны
№ 3. Шешімдері бірдей теңдеулерді тап.
х+7=14 ------- 16 - х=9 ------ 25 - x=20 ---------- х+24=25 -------- х+6=11 ------ 15 - х=14
х=14 - 7 ------ х=16 - 9 ------ х=25 - 20 ---------- х=25 - 24 ------- х=11 - 6 ------ х=15 - 14
х=7 ------------- х=7 ----------- х=5 ----------------- х=1 --------------- х=5 ----------- х=1
7+7=14 -------- 16 - 7=9 ----- 25 - 5=20 ---------- 25 - 1=24 ------- 5+6=11 ------ 15 - 1=14
14=14 ---------- 9=9 ---------- 20=20 --------------- 24=24 ----------- 11=11 ------- 14=14

Y. Сергіту сәті. «Миға шабуыл» стратегиясы

6.«Кім керемет?»- ойыны
• Айдында 10 машина, ал Бекжанда 4 кем машина болды. Бекжанның машинасы нешеге тең?
• Самат 2 бет, ал Айгүл одан 10 бет артық оқыды. Айгүл неше бет оқыды?
• Маржанда 100 теңге болды, ол 40 теңгеге дәптер сатып алды. Маржанда неше теңге қалды.
• Әкесі 50 жаста, ал баласы одан 20 жас кіші. Баласы неше жаста?
• Әкесі 30 жаста, ал әжесі әкесінен 20 жас үлкен. Әжесі неше жаста?
• Балапанға көмектес: (7 - 4)- 2=1 (7+4)- 10 = 1
7.«Кім зерек?»ойыны
№4. Екі амалмен шығаратын; бір амалмен шығарылатын есеп құрастыр және шығар:
Акварель - 60 теңге --------------------------------- Акварель - 60 теңге
Бояу қарындаш -?, 30 теңге арзан ------------- Бояу қарындаш -?, 30 теңге арзан
Барлығы -?, теңге
Шешуі: 60+(60 - 30)=90 теңге --------------------- Шешуі: 60 - 30=30 теңге
Жауабы: Екеуі 90 теңге тұрады. ------------------ Жауабы: Бояу қарындаш 30 теңге тұрады

8.«Кім білгір?»- ойыны
№5. Өрнекті жаз және мәнін тап
50+(4+2) =58
а+(5+3) = 48
а=40
30+(а+6) = 38
а=2
9.«Кім ақылды?»- ойыны
№ 6. Мәндері сәйкесінше 11 - ге және 17 - ге тең болатындай бір таңбалы екі санның қосындыларын жаз. Қосындының мәні мен қосылғыштың айырмасын жаз. Олардың мәндерін тап.
9+2=11
9+8=17
11 - 2=9
17 - 8=9
11 - 9=2
17 - 9=8

VI. Қорытынды: Сұрақ - жауап арқылы, не түсінгендерін анықтау Бағдаршамның түстерін көтере отырып, байқау. Жасыл түс - өте жақсы түсінгендері үшін, сары түс - толыққанды түсіну үшін біраз сұрақтары бар, қызыл түс - жаңа сабақты игере алмағандар

YII. Үйге тапсырма: 113 беттегі № 7.
YIII. Бағалау. Жинаған смайликтер арқылы бағалау
Қосымша:
10.«Кім ғажап?»- ойыны (логикалық тапсырмалар)
1. Көлден ұшқан 15 қаз
Қайтып қонды 9 қаз.
Қонбады оның нешеуі?
Қане, кім тез шешеді? (6) Енді осыдан теңдеу құрайық та, шығарайық. х+9=15
4. Бір – бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қоян, бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді? (8)
6 797
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Тура және тура емес теңдіктер
Тура және тура емес теңдіктер
20 көлеміндегі сандарды ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту/ондықтарды ауызша қосу және азайту амалдарын орындайды.
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Математика 5 сынып Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Теңдеу және оны шешу тәсілдері
Теңдеу және оны шешу тәсілдері
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Т.Г.Шевченко атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тагитаева Анар Акимовна
4 - ті қосу және азайту тәсілдері
4 - ті қосу және азайту тәсілдері
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қабдушова Балғаным Жалғасқызы
4 санын қосу және азайту
4 санын қосу және азайту
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекманова Бибіхан
78 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері
78 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кайдакова Жанат Бекболатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×