Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар

15 ақпан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Құстар
Сабақтың жалпы мақсаты
Білімділік: Оқушыларға жануарлардың топтары - құстар, туралы жалпы түсінік беру, тіршілік ету ортасы туралы мағлұмат беру. Құс атауларын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Тапсырмалар арқылы оқушылардың дүниетанымын, танымдық қабілеттерін арттыру. Салыстыру, талдау біліктерін арттыруға ықпал жасау.
Тәрбиелік:Құстарға қамқорлық көрсетуге, оларды қорғауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, салыстыру, талдау.
Әдіс - тәсілдер Баяндау, ішінара іздену, әңгімелеу, сұрақ - жауап, саралау.
Көрнекіліктер интерактивті тақта, плакат, суреттер, үлестірмелі тапсырмалар, Тордағы көгершін

Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз
Құстай қанат қағамыз,
Дүниені аралап,
Оқып, білім аламыз.
Топқа бөлу Оқушыларды Бүркіт, Қарлығаш, Көгершін, Аққу топтарына бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау І Өсімдіктерді қорғау Тапсырманың орындалуын тексеру.
І топ «Өсімдіктерді қорғау» мазмұнын айту
ІІ топ «Кезбе тілші» ойыны
ІІІ топ Өсімдіктерге байланысты мақал - мәтелдер айту.
ІV топ «Тоқылдақ орман емшісі» тақырыбына мәтін құрастыру.

Қызығушылықты ояту Бейне дыбыс « Құстар шиқылы"
Жаңа материалмен жұмыс.
Мұғалім түсіндірмесі:
- Балалар сендер ненің даусын естідіңдер?
- Құстар
- Құстар туралы не білесіңдер?
Топ мүшелерінің құстар туралы мағлұматтарын тыңдау.

Бейне ролик «Құстарға қамқор болайық»
Құстарды «қанатты жануарлар» деп атайды. Құстар тіршілік ету ортасына қарай үй құстары және жабайы құстар.
Жабайы құстардың түрі өте көп. Олардың бәрі де пайдалы. Мысалы, аққу – сұлулықтың символы. Тырна – табиғатымыздың көркі, сұлу құс.
Дуадақ – өте әдемі құс. Бір кездері ол еліміздің далаларында кездесетін еді. Дәмді еті үшін көптеп ауланды да, қазір саны азайып кетті.
Сонымен қатар біздің жерімізде кездесетін құстар – қарлығаш, сауысқан, қарға, торғай, кептер, шағалалар да бар. Бұл құстардың ішінде жүйрік, бірақ ұша алмайтын құстар да бар. Оларға дуадақ, пингвин жатады.
Олардың жабайы құс аталуының себебі неде?
Себебі олар азығын өздері тауып жейді.

ІІ Оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті « Көңілді күн»

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
І топ: «Ой моншақ» Бүркітті топтастыру
ІІ топ: Сәйкестендіру
ІІІ топ: Қима қағаздардан өлең құрастыру
ІV топ: Жұмбақ шешу
Ой толғаныс
Сен адам болып туылмасаң қандай құс болар едің?
Көгершіннің хаты

Үйге тапсырма беру. Оқу. Құстар туралы мағлұматтар жинақтау
Бағалау
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.
Кері байланыс
Оқушылар бір - біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады

Атырау облысы,
Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
№19 жалпы орта білім беретін мектеп
Баспаева Гүлшат Мақсотқызы
3 087
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жабайы және үй жануарлары
Жабайы және үй жануарлары
Оқушыларды жабайы және үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың тіршілігі, пайдасы, мекендейтін ортасы және олардың төлдер туралы мағлұмат беру.
Құстар
Құстар
Топтағы тәрбиеленушілердің сөздік қорын дамыту, дыбыстарды айта білуге үйрету. Құстар туралы түсінік беру, оларға деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Құстарға жем шашамыз
Құстарға жем шашамыз
Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Құстар
Құстар
Құстардың көптүрлілігі туралы түсінік беру, топтарын ажырата білу. Әңгімелеу, сипаттау, талдау, бақылау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
Құстар. Үй құстары. Дыбыс
Құстар. Үй құстары. Дыбыс
Құстар туралы түрлі мағлұматтар беру, оның көп түрлілігін салыстыра отырып, пайдасын және тіршілік ету ерекшелігін түсіндіру
Құстардың туған жерге оралуы
Құстардың туған жерге оралуы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №5 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Сарина Мереке Амантайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×