Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім еліне саяхат

03 қазан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Білім еліне саяхат
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білім еліне саяхат арқылы оқушылардың өтілген материалдарды қалай меңгергенін анықтау, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйрету. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдетуге.
Дамытушылық: Жазбаша және ауызша есептеу қабілеттерін дамыту, танымдылық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу.
Тәрбиелілік: Белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап
Сабақтың түрі: Интеллектуалдық ойын - сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, жұмбақтар, үлестірмелі қима
қағаздар
Пәнаралық байланысы: Дүниетану, орыс тілі, қазақ тілі, ана тілі,
математика.

Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,- дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 3 топ қатысады. Ойын VI айналымнан тұрады.
I - айналым «Ұшқыр ой»
II – айналым «Тіл өнері»
III айналым «Дода»
IV айналым «Құпия сандық»
V айналым «Айшықты сөздер»
VI айналым «Ойлан тап!»
Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін, ұранымен таныстырады.

І топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
ІІІ топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұл - қызымыз
Көркейтеміз елді біз.
Енді ойынымыздың І - айналымын бастаймыз.

І айналым «Ұшқыр ой»
Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топқа қазақ тілі мен математика пәнінен 10 сұрақ қойылады. Сонымен әр топ 10сұраққа жауап береді.
«Сұңқар» тобына:
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)
7. 1метрде неше сантиметр бар? (100см)
8. Сәуле дегеніміз не?(бір нүктеден таралған түзу сызық)
9. Кез келген санды 0 - ге көбейтсек қандай сан шығады?
10. Ең үлкен үш таңбалы санды ата?(999)

«Тұлпар» тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)
7. Кез келген санды 0 - ге қосқанда қандай сан шығады?(санның өзі шығады)
8. Шаршы дегеніміз не? (барлық қабырғасы тең төртбұрыш)
9. 1ғасырда неше жыл бар? (100жыл)
10. 4х9 өрнегі нешеге тең? (36)

«Болашақ» тобына:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)
7. 1 тоннада неше килограмм бар?(1000 кг)
8. Әріпті өрнек дегеніміз не? (белгісіз санды табу)
9. Санды сол санның өзіне бөлсек қандай сан шығады?(1 шығады)
10. 1 тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

ІІ айналым «Тіл өнері»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
1 топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
2 топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)
3 топ: Бірін - бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос - жаран. (әріп – буква)
Әрі қарай кезектесіп оқи береді.
4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)
5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)
7. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)
8. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)
9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)
10. Кіп - кішкентай екі көз,
Қалай көреді өзі?
Қолы екен ұзын мұрны,
Сол мұрнымен
Тамақ тауып жүреді өзі (піл - слон)
11. Болса да көкте мекені,
Кездеспейді екеуі. (ай, күн - луна, солнце)
12. Бір қораға қамалғандар,
Жану үшін жаралғандар. (сіріңке - спичка)

ІII айналым «Дода»
Бұл кезеңде төрт негізгі пәндер бойынша сұрақтар беріледі. Әр сұрақ 10, 20, 30, 40, 50, 60 ұпайларымен бағаланады. Жауап дұрыс болмаса қарсыластар жауап береді. Қарсыластардың жауабы дұрыс болса, ұпай солардың еншісінде.

Оңтүстік Қазақстан облысы,
Мақтарал ауданы, Игілік ауылы,
«Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі Полатова Айгүл Жамантайқызы

Білім еліне саяхат жүктеу
6 536
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Интеллектуалды ойын: Ұшқыр ой мен шешен тіл
Интеллектуалды ойын: Ұшқыр ой мен шешен тіл
Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету, қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Кел, ойнайық!
Кел, ойнайық!
Балаларға ұлттық ойындарды ойната отырып, қазақ тілі сабағына көңіл аудару. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға баулу. Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Математика еліне саяхат
Математика еліне саяхат
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.
Математика – еліне саяхат
Математика – еліне саяхат
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.
Математика – барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика оның патшасы
Математика – барлық ғылымдар патшасы, ал арифметика оның патшасы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Башимова Гүлшат Мұхтарқызы
Туынды тарауына есептер шығару
Туынды тарауына есептер шығару
Жылдам ойлап, тез қорытуға, жауапкер - шілікке, өз бетінше білім алуға баулу, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×