Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жұрнақ пен жалғау

20 қазан 2017, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырып: Жұрнақ пен жалғау
350 - 354 жаттығу
Мақсаты: Жұрнақ пен жалғау туралы білімдерін қалыптастырып, бір - бірінен ажырата білуге дағдыландырып, ой – өріс қиялын дамыту және сонымен қатар сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кесте, венн диаграмма
Әдіс – тәсілі: түсіндіру сұрақ – жауап әңгімелеу

Сабақтың түрі: бекіту сабағы
І. Ұйымдастыру кезеңі «психологиялық тренинг»
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім
Туған тілім – анам тілі – өз тілім
Туған тілім – далам тілі – өз тілім
Туған тілім – адам тілі – өз тілім
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге қандай тапсырма берілді
- жаттығу
Қойшы – қой төрт түліктің бірі – шы жұрнағы жалғанып, қой бағатын адамға айналды.
Шалғышы – шы жұрнағы жалғанғаннан кейін не істеді? Сөздің мағынасы өзгерді ме.
Сонымен шы жұрнағы қой шалғы сөзіне қандай қызмет атқарды.
Ендеше – жұрнақ дегеніміз не?
Жалғау дегеніміз не? Мысал келтіріңдерші
Олай болса жұрнақта, жалғауда жалғап сөз құраңдаршы.
Мынау ненің суреті: жылқы + шы + лар
Түбірі қайсы
Қай сөзден шығып тұр
Жұрнағы қайсы
лар жалғауы нені көрсетіп тұр? Жылқы бағатын адамды көп екенін білдіріп тұр.
Жұрнақ жалғаудан бұрын жалғанады. Жұрнақ ешқашан жалғаудан кейін жалғанбайды.
- жаттығу «Ауызша» қарамен жазылған сөздерге қарайық.
Шекарашы сақшысы
Шекарашы деп кімді айтады?
Біз қай елдермен көршіміз «Қытай Ресей» Қазақстан арасын шекара дейді. Ендеше Қазақстан жерін күзететін адамды шекарашылар дейді.
Шекара облыспен облыстың арасында мектептің арасында ауылмен ауыл шекарасы бар.
Шекарашы сөзінің түбірін тап – шы жұрнақ неге сөз мағынасын өзгертіп тұр.
2. Сақшысы дегенді қалай түсінеміз? Күзетте тұратын адамды айтады.
Ребус шешу:
Әдептілік
351 - жаттығу
1. Оқушының оқуы
2. Мағынасын ашу.
3. Жатқа жазу
4. Сөз құрамына талдау
Оқушы тақтада орындайды «1 о»
Дұрыс жазды ма? Жөндейік, қатемізді тексереміз
Сөз құрамына талдау «2 о»
Әдепсіз бала ауыздықсыз атпен тең
Ақылды қария жазып қойған хатпен тең
Кім жылдам ойыны

Бүгін ауа райы қандай? Мектепке келе жатқанда не байқадыңдар, қыс туралы күнделікті сабағымызда айтылып жүр.
Қыс

Аяз, қар, мұз, боран.
Осы сөздерді байланыстырып сөйлем құраймыз, жұрнақ пен жалғауды бір сөзбен не дейміз?
Қосымша
Ендеше құраған сөйлемдеріңнен қосымшалы сөйлемдерді табыңдаршы.

Қорытынды: Қосымшалардың түрлерін бір - бірімен салыстырайық.
Олардың бір - бірінен қандай ерекшелігі, қасиеттері бар екен.
Венн диаграммасы
Жұрнақ пен жалғау
Үйге тапсырма:

Шатенова Сафура Ералықызы
Жезқазған қаласы №1 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі

Жұрнақ пен жалғау жүктеу
3 326
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы
Сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы
Оқушыларға сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы туралы түсінік беру, оған қатысты жаттығулар орындату;
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейді. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейді.
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Қостанай облысы,Арқалық қаласы, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жаргулбаева Олимпия Алпысбаевна
Тіл - ұлттың жаны
Тіл - ұлттың жаны
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылында Ш. Уалиханов мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мыкиянова Саркыт Турсынгалиевна
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
БҚО, Қаратөбе ауданы, Жусандой ауылы, Жамбыл ОЖББМ-Б бастауыш сынып мұғалімі Казбек Рыскалиұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×