Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош, бастауыш

24 желтоқсан 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі Тастайбекова Гүлназ

Қош, бастауыш!
МАҚСАТЫ: Бастауыш сынып мерекесін өткізу туралы айту. Оқушылардың білімділік дағдыларын байқау. Жас бүлдіршіндерді мәдениеттілікке, бірлікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ қою, бекіту, мадақтау.
1. Ұйымдастыру.
2. Негізгі бөлім.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Міне, бүгін 4-сынып оқушыларының бастауыш сыныппен қоштасу ертеңгілігін өткізгелі тұрмыз. Оқушылар, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын бірінші рет аттап 1-сыныпқа келіп едіңдер. Міне енді бастауыш сыныпты аяқтағалы тұрсыңдар. Сендер бүгін балдырған балғын балалық шақтарыңмен қоштасасыңдар.

1- оқушы: Әуеге асқақтаған өлеңіміз,
Бақытты байтақ елдің бөбегіміз.
Жорыққа тауларына жиі шықсақ,
Сол таудай асқақ болсақ дегеніміз.
Жарысып ойнап желменен,
Биікке талмай өрлеген,
Бағыттан тайып көрмеген
Қашаннан қайсар ұланбыз.
Көңілін қиял көтерген
Өмірін шаттық тербеген
Ертеңге қанат сермеген,
Қашаннан қайсар ұланбыз.

2- оқушы: Ұлы елдің әлпештеген ұланымыз,
Сол елге лайық болу ұранымыз.
Сайларда сыңғыр қағып ағатұғын
Сарқылмас сан дауысты бұлағымыз.
Құлпырған еліміздің ұл-қызымыз
Әзірге маңдайдағы құндызымыз
Арасын жер мен көктің жалғайтұғын,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз.

3-оқушы: Балалар, бұл – жол басы даналық
Келіңдер түсіп, байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!

4- оқушы: Қарағым оқу оқы, босқа жүрме
Ойынға құр қаларсың, көңіл бөлме.
Жолама, шақырса да қасына ерме!
Кідірмеші аялдама, алға ұмтыл
Алам деп көктен жұлдыз қолың серме
«Қармаған қарап қалмас!» деген рас,
Тоқтамай істей белсең батып терге,
Жасынан оқу оқып, өнер қуған
Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге…

5- оқушы: Оқу, білім жанған шырақ, ойласаң
Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.
Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал.
Пада аларсың, қаужанарсың тоймасаң.

6-оқушы: Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз.

7- оқушы: Еңбек етсем, ертеңгі
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін!
Достық іспен қасты да
Жеңеріме сенемін!
Ақыл,сана, біліммен
Өнеріме сенемін!
Арым таза, ақ көңіл
Адалдыққа сенемін!
Абыройлы ақ ниет
Адамдыққа сенемін!

ХОР. «Мұғалім – ол біздің».

1) Оқушыларды орнына отырғызып, арнаулы пәндер бойынша сұрақтар қою
АНА ТІЛІ.
1) Төле бидің шешендігі.
Атақты билер Арқаға жиналыпты. Айтқан мезгілден Төле би кешігіп келеді. Оған шамданған билер: - Төле би келсе, орнымыздан тұрмайық, - деп уәделеседі. Бірақ Төле би келгенде орындарынан тұрып кетеді. Тек екі-үш би ғана тұрмайды. Төле би көпшіліктен кешіккені үшін кешірім сұрайды. Әлгі тұрмай қалған билердің бірі сөзден ұту үшін сынай сұрақ қояды:
- Бақ дегеніміз не?
- Байлық дегеніміз не?
- Бала дегеніміз не?
Төле би орнына отырмай, түрегеп тұрған бойда не деп жауап береді?
2) Әйтеке бидің шешендік сөздерін кім айтып береді?
3) Қазақ халқында елін, жерін сыртқы жаулардан қорғап, аман сақтап қалған адал ұлдар аз болмаған. Халық ондай батырларды құрметтеп, ерлігін, қайратын жыр қылып аузынан тастамай, үлкенге өнеге, кішіге үлгі еткен.
4) Батырлар жырынан үзінді оқиық.
5) Монолог және диалог сөйлеу дегеніміз не?
6) Мақал-мәтел.( Бала, бөле, ата-ана, жеңге, сіңлі, аға.)

МАТЕМАТИКА
1) Натурал сандар деп қандай сандарды атайды?
2) Сандарды қосу, азайту, көбейту, бөлу қандай амалдар болып табылады
3) Біз қандай шамалармен таныстық?
4) Өрнектің неше түрін білесіңдер?
5) Көпбұрыштың периметрін қалай табамыз?
6) Ауданын қалай табамыз?

ҚАЗАҚ ТІЛІ.
Ерте,ерте,ертеде
Ешкі жүні келтеде.
Бір зат есім деген бай өмір сүріпті.
Зат есімнің жеті ұлы болыпты.
Әр ұлының өз бала-шағасы,
Туған-туыстары болған екен.

Сұрақ. А) Зат есінің бірінші баласының аты қалай аталады?
1. Ұлдардың орындауында « Ел қорғауға әзірміз».
2. Біздің сыныпта кішкентай кезінен әзіл айтып, жұртты күлдіріп жүрген балалар да баршылық. Енді бір кезек сол балалардың әзілін тыңдайық. Әзіл. «Парта».
3. Баубек Бұлқышевтің «Ана» деп аталатын шығармасынан үзінді оқып береді.
4. Ән «Анашым»
5. Біздер тату баламыз.
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ
Жақсы сергіп қаламыз.

6. Табиғат аясында «Ара мен шыбын»
7. Ән айтылды неше түрлі
Биге кезек берелік
Мың бұралған қыздарымыздың
Өнерлерін көріп тамашалайық.

8. Бала тілі – бал.
Кішкентай кездегі бір тәтті есте қалатын қылықтарын айтып берсеңіз.
9. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар
а) Гаухар (әзіл айтыңыз)
ә) Сара апай (Өлең оқу)
б) Мен құрбымды жақсы көремін. (қызыңыздың құрбысын атаңыз)

10 Әзіл. «Қожанасыр мен кемпірі»
11. Өлең «Рахмет саған мұғалім»
12 Ел ертеңі біздерміз «10 жылдан соң» Мамандық иесіміз.

Ән «Әрқашан күн сөнбесін!»
Құттықтау сөздер мен оқушыларға сыйлықтар таратып беру.
Соңы.
8 523
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, Бастауыш!
Қош бол, Бастауыш!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
Қош бол, балғын балалық!
Қош бол, балғын балалық!
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы Николаевка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Окасова Гүлден Маликовна
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулнара
Қош бол, бастауыш!
Қош бол, бастауыш!
Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Кенжебекова Жұлдыз Советқызы
Бастауыш сыныптарының пәндер олимпиаданың ашылу салтанаты
Бастауыш сыныптарының пәндер олимпиаданың ашылу салтанаты
СҚО, Ақжар ауданы, №2 Ленинград орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Байгожина Асемгуль Серикбаевна
Туған жер-алтын бесігім!
Туған жер-алтын бесігім!
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің «Бейнелеу өнері және сызу» пәнінің мұғалімі Төкенова Жайнагүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×