Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Отбасы жарастығы

21 қараша 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Отбасы жарастығы
Мақсаты:
- отбасы жарастығы және отбасының өсіп дамуы туралы түсінік беру;
Міндеттері:- отбасын қадірлей білу, адам өмірінде отбасының алатын орны туралы мағлұмат беру;
- оқушылардың өз отбасын құрметтеуін арттыру;
- өз отбасына деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімін арттыру;
Көрнекілігі: мақал - мәтелдер, суреттер, жүрекшелер, карточкалар
Әдісі: сұрақ – жауап, көрнекілік
Шаттық шеңбері:
Сен бақытты ұлансың! М. Қуанышбеков
Анаң - күнің жүрегің, Әкең – өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың, бәрі саған қуансын.
Әжең – асыл-ардағың, Атаң - дана қорғаның.
Сен бақытты ұлансың, бәрі саған қуансын.
Ағаң - қамқор асқарың, Інің - мөлдір аспаның.
Сен бақытты ұлансың, бәрі саған қуансын.

Әңгімелесу:
« Отбасы татулығы», « Алпысқа келгеннен ақыл сұра» Аңыз әңгіме.
- Отбасы туралы әңгіменің мәні неде?
- Неліктен патша Алпыстан асқаннан ақыл сұра – деп мақалды өзгертіп қарттарды аман - сау алып қалды?
- Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?
- Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?
- Отбасының татулығы қандай табыстарға қол жеткізуге болады?
Дәйек сөзбен жұмыс істеу:
Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Халық мақалы.
Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
Жаңа ақпарат.
Адамға өмірде ең қымбат - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір - бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.
Суреттер бойынша әр оқушыға отбасы мүшелері туралы сөйлем құратқызу.

1. Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз,
Ата - ана тілін аламыз.
Бір – бірімізге қамқор болып,
Тәрбие, білім аламыз.
Көрініс: «Сыйластық»
Оқушылар ата - әже, әке - ана, аға - іні, әпке болады.
Ата болып ақыл айту кішіге,
- Әже болып ертегі айту.
- Ана болып мейірімділік төгу.
- аға болып үлгі көрсету.
- әпке болып мейірімді сөз айту.
Жүрекшелер таратып беру.
Әр оқушы жүрекшеге берілген мақалдарға сүйене өз отбастарына деген тілектерін жазады және оқып береді.
Ата - асқар тау,
Ана - бауырындағы бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ.

Ата - бәйтерек, Бала - жапырақ.

Анаңды мекеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла алмайсың.
Тәрбие сағатын « Ағаштан жасалған ыдыс» атты Аңызды әңгімелеу арқылы аяқтау.
Отбасы.
Сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді.
Жақсылыққа жетелейді.
Еңбектенуге, білім алуға көмектеседі.
Үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді.
Әкеме әні Сөзі - О. Сүттібаевтікі.
Әні: Ә. Сүлейменовтікі
Ұшырдың баптап ұядан,
Кетпейсің ойдан, қиялдан.
Арманға биік қол созсам,
Тұрасың демеп жиі алдан.
Қайырмасы:
Көңілім бүгін алаңды,
Күттің бе, әке, балаңды?
Шаттық пен жарқын тойыңа
Сылаймын сазды бұл әнді.
әнін орындата отырып сабақты аяқтау.

Ақмола облысы, Зеренді ауданы,
Молодежный орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі Ардан Жайнагуль

Отбасы жарастығы. жүктеу
3 695
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасым – күншуағым
Отбасым – күншуағым
Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Отбасындағы сыйластық
Отбасындағы сыйластық
Отбасы мүшелерін дұрыс атауға, сәлемдесіп, қоштасуға, үлкенді сыйлап, құрметтеуге үйрету; Отбасында үлкенге - құрмет, кішіге - қамқорлық жасауға баулу;
Отбасы жарастығы
Отбасы жарастығы
Сыйластық, бауырмалдық, адамгершілік, мейірімділік, жанашырлық. Оқушылардың сыйластық, махаббат құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Отбасы жарастығы
Отбасы жарастығы
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Атамбаева Әсел
Ынтымақты отбасы
Ынтымақты отбасы
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысы мен әрпі
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қ. И. Сәтбаев атындағы ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі Муханбеткалиева Х. М.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×