Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктем келбеті

17 желтоқсан 2017, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Көктем келбеті
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған ашық оқу іс – әрекеті: Айналамен таныстыру
Мақсаты: Балаларды көктем мезгілінің өзгерістерімен таныстыру, жануарлар мен өсімдіктердің тыныс - тіршілігін, көктемгі еңбек түрлерін айтып түсіндіру.
Дамытушылығы: Табиғат ерекшеліктерін, өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты сүйе білуге және оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсіл: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын.
Қолданылатын құрал: Техникалық құрал - жабдықтар, үй жануарлары, шөп, гүлдер, көбелектер, қарлығаштар, көктем мезгілі слайдпен көрсетіледі, ыдысқа салынған топырақ, белшік, тырма.
Сөздік жұмыс: Бүршік жарды, көшетті отырғызу, нығыздаймыз, ылғалдаймыз, қопсытады, төлдейді.
Жеке жұмыс: Азамат және Мөлдірмен жаңа сөздерді қайталау.

Оқу іс - әрекетінің барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
─ Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Көтеріңкі көңіл күймен қонақтармен «Шаттық шеңберге» тұрып амандасып алайық
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші балаша.
Сәлем, сәлем нұрлы күн,
Сәлем саған жер ана.
Сәлеметсіздер ме қонақтар!

─ Балалар көңіл күйлерің қалай?
─ Тамаша.
─ Ендеше біз «Тамаша» ойынын ұйымдастырып жіберейік.
Шарты. Мен сендерге жақсы сөз айтсам, сендер «тамаша» деп жұдырықты түйіп, бас бармақтарыңды көтеріп бір – бірлеріңе көрсетесіңдер:
─ Көктем мезгілінің ауа - райы қандай?
─ Тамаша!
─ Гүлдердің исі қандай?
─ Тамаша!
─ Құстардың даусы қандай?
─ Тамаша!
─ Жайқалып өскен көк шөп қандай?
─ Тамаша!
─ Келген қонақтардың көңіл – күйлері қандай?
─ Тамаша!
─ Өте жақсы балалар! Көтеріңкі көңіл - күймен бүгінгі оқу іс – әрекетімізді бастайық. Орындарымызға отырамыз.
─ Балалар, бүгін аптаның қай күні?
─ Қазір жылдың қай мезгілі?
─ Көктем мезгілінде қанша ай бар? Олар қалай аталады?
─ Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
─ Өте жақсы, жарайсыңдар!

ІІ. Өткенді қайталау.
─ Өткен оқу іс - әрекетімізде қандай тақырып өттік? Есімізге түсірейікші балалар.
─ Ғарышкерлер туралы сендер не үйрендіңдер?
─ Ю. А. Гагарин кім?
Мөлдір: Ю. А. Гагарин ол ғарышты алғаш көрген, білген, зерттеген, басқа адамдарға жол ашқан тұңғыш ғарышкер.
─ Қазақстан Республикасында ғарышқа ұшқан ғарышкер бар ма?
─ Олар кімдер?
Нұртай: Тоқтар Әубәкіров Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері. Ол осы ұшу арқылы еліміздің тәуелсіздікпен бостандыққа қол жеткізгенін жалпақ елге паш етті.
Нұрай: Талғат Мұсабаев Тоқтар Әубәкіровтен кейінгі ғарышқа ұшқан екінші қазақ ғарышкері. Ол ғарышта екі рет болып ғылыми бағдарламаларды жүзеге асырды.
─ Өте жақсы жарайсыңдар!

ІІІ. Жаңа тақырып: «Көктем келбеті»
─ Балалар біз жаңа оқу іс – әрекетін бастамас бұрын мына жұмбақтың шешуін табайық:
Күн ұзарып, қар еріп,
Су сайларға толады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
─ Көктемде.

Ғажайып сәт (Көктем кіреді)
Көктем: Сәлеметсіздер ме, балалар.
Мен көңілді Көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтың,
Түбіне тал еккенмін.
Гүл боп қырда егілем,
Дән боп жерге себілем.
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр боп көктен төгілем.
Шуағын төгіп әлемге,
Жылуын күннің әкелем.
Табиғаттың төсіне,
Тіршілікті сыйлаймын.

─ Сәлеметсіз бе Көктем, қош келдіңіз!
─ Мен сендердің көктем жайлы өтетін жаңа тақырыбыңызға қатысуыма бола ма?
─ Иә.
─ Жарайды Көктем, бізбен бірге оқу іс - әрекетіне қатысыңыз.
Көктем жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Көктем мезгілінде күн ұзарып, түн қысқара бастайды. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жерлер қараяды, арықтардан су аға бастайды. Көктемде жер беті кілемдей жайнап, жасыл түске енеді. Көктем мезгілінің алғашқы гүлі бәйшешек бой көтере бастайды. Әсем қызғалдақтар шешек жарады. Ағаштар бүршік жарып, жасыл жапыраққа бөленеді. Жеміс ағаштары гүлдейді. Жылы жаққа кеткен құстар қайта келе бастайды. Жәндіктер тіріледі, көбелектер пайда болады. Адамдар үшін көктем мезгілі қызу жұмыс науқаны, жұрт егіске шығады, жер жыртылады, егін егеді. Үй жануарлары төлдей бастайды. Нөсер жаңбырдан кейін әдемі кемпірқосақ пайда болады. Көктем өте көңілді мезгіл. Осы құбылыстың бәрін көктем келбеті деп атаймыз. (слайдпен көктем мезгілінің құбылыстары көрсетіледі)
─ Балалар, сендерге бүгінгі оқу іс – әрекетті ұнады ма?
─ Иә.

IV. Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.

─ Көктем мезгілі жайлы кім қандай тақпақ біледі?
Рахима: Жау – жау жаңбыр, жау жаңбыр,
Жауған жаңбыр жауған нұр.
Жердің шаңы басылсын,
Гүлдің аузы ашылсын.

Бейбіт: Көк көбелек, көк көбелек,
Көздері дөп - дөңгелек.
Гүл көрсе күлімдейді,
Қолыма ілінбейді.
Көк шөптің арасынан,
Түр түсі білінбейді.

Малика: Арасында гүлдердің,
Ойнап бүгін көп жүрдім.
Қызыл, көкшіл, сары,
Әп – әдемі бәрі.
Бірі сондай ірі,
Ал нәп-нәзік бірі.
Дейтін көкем күнім,
Дейтін анам гүлім.
Енді ғана білдім,
Менде балғын гүлмін.

─ Өте жақсы балалар.
─ Біз өткенде серуен кезінде өзіміздің ауламыздағы жеміс шие ағашын бақыладық. Бұл ағашты бұдан екі жыл бұрын отырғызғанбыз, ал қазір бұл ағаштың жеміс бергелі тұрғанын көріп тұрмыз. Оны біз, бұл ағаштың гүл ашқандығынан білеміз. Гүлдері қанша көп болса, сонша жемісті мол береді.
─ Балалар, бүгін біз қай мезгіл туралы түсінік алдық?
─ Көктем.
Көктем: Өте жақсы балалар, сендердің мен жайлы түсініктерің маған қатты ұнады. Сендер бүгінгі оқу іс - әрекетіне жақсы түсіндіңдер ме?
─ Иә.
─ Ал енді осы түсінігімізді іс жүзінде көрсетейік. Көктем келбетін сипаттап берейін (ортаға ағаш көшетін алып келіп, отырғызу әдіс - тәсілін көрсету).
Ағаш көшетін отырғызу үшін, алдымен топырақты жұмсатып, қопсытамыз. Ағаш көшетін салатын орынды дайындап, көшетті отырғызамыз. Үстін топырақпен қайта жауып, ауа кірместей етіп, оны нығыздаймыз. Үстінен кішкене сумен ылғалдаймыз.
─ Көктем мезгілінде ағашта қандай өзгерістер болады?
─ Жапырақтар пайда болады (3 - 4 бала жапырақтар қыстырады)
─ Нелер ұшып келеді?
─ Құстар ұшып келеді.
─ Құстар қайда қонады?
─ Құстар ағаш бұтағына қонады (3 - 4 бала құстарды отырғызады)
─ Көк шөптер қайда өседі?
─ Жерде (3 - 4 бала жерге шөп отырғызады)
─ Төлдер қайда ойнақтайды?
─ Көк шөптің үстінде ойнақтайды (төлдер суретін орналастырады)
─ Бұның бәрі қай мезгілде болады балалар?
─ Көктемде.
─ Өте жақсы балалар, бүгінгі оқу іс – әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар.
Көктем: Балалар, сендердің мен жайлы сипаттаған көрінісіңіз маған қатты ұнады. Мені табиғат аясындағы құстар шақырып жатыр, ал мен сендермен қоштасқалы тұрмын, мына бәйшешек гүлдерін сендерге сыйға тартамын.
─ Қош сау бол Көктем, көріскенше күн нұрлы болсын.

Қорытынды.
Бәріміз бірге айтамыз:
Дала гүлін сыйлық үшін жинаймыз,
Кейде оны жұлуға да қимаймыз.
Бұл гүлдерді қуанышты сәттерде,
Шын жүректен қонақтарға сыйлаймыз
(Келген қонақтарға қолдан салған бәйшешек гүлін сыйлайды. Тілек айтады).
Балалар: Ауырмаңыз, деніңіз сау болсын, аман болыңыз, сіздерге рахмет, т. б.
─ Балалар, бүгінгі ашық оқу іс – әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар, сендерге үлкен рахмет!

Көктем келбеті. жүктеу
4 346
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шуақты көктем
Шуақты көктем
Балалардың музыкаға қызығушылықтарын арттыру. Музыкалық шығармаға эмоциялық қатынастарын дамыту. Әуенді есту, сезіну қабілеттерін әрі қарай дамыту.
Көктем сәні (ертегі)
Көктем сәні (ертегі)
Балаларға ертегіні түсіндіре отырып, балаларды көктем мезгілінің ерекшелігін сезіне білуге, табиғатты аялай білуге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Шуақты көктем
Шуақты көктем
Көктем мезгілін сипаттау, балаларды табиғат тамашаларымен таныстыру. Табиғат ерекшеліктері мен өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту, табиғатты аялауға, табиғаттың әсемдігін, сұлулығын көре, сезе білуге тәрбиелеу.
Көктем келді
Көктем келді
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Құмқұдық ауылы, «Ақбота» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі Орынбекова Жания Куанышбековна
Көктемгі гүлдер
Көктемгі гүлдер
Қорғалжын ауданы, Дружба орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Рахимжанова Әлия Шортанбайқызы
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×