Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ә дыбысы мен әрпі

09 маусым 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Ә ә дыбысы мен әрпі»
Мақсаты: Ә ә дыбысы мен әрпін таныстыру. Әдыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату; сөз, сөйлем құрап айтуға буынға бөле білуге дағдыландыру; қол жаттықтырудәптерлеріне ә әрпін жаздыру.
Дамытушылық: Ой – өрісін, тіл байлықтарын, тапқырлық, ізденімпаздық қасйеттерін дамыту Сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту,
дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем құрау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды сыпайылылыққа, жолдастыққа достыққа, бір - бірінің ойын түсінуге, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру
Сабақтың түрі: саяхат - ойын сабақ
Әдіс - тәсілдері: сұрақ – жауап, көрнекілік
Көрнекілігі: көкөністер, жемістер, заттық суреттер, А әрпінің баспа, жазба түрлері, себет.
Қажетті құрал - жабдықтар: интербелсенді тақта, бор, тақта.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
- Сәлеметсіздерме балалар. Бүгінгі сауат ашу сабағы өзгеше өткелі отыр, оған себеп, бүгін бізге қонаққа
Апайлар келіп отыр. Солармен амандасып алайық.

II. Психологиялық дайындық.
1. Қайырлы таң досым
Қайырлы күн болсын
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын!

III. Ой қозғау.
Сонымен бірге бізге қонаққа әже де келіп отыр. Ол кісі сендерден көмек сұрай келіпті. Әженің Әсет және Әсел деген екі немересі бар екен. Екі бала ауыл сыртындағы орманнағ саңырауқұлақ теруге шығып адасып кетеді. Сол балаларды тауып беруіміз керек. Қане. әжемізге көмектесеміз бе?
- Иә
- Ол үшін балалар сендер менің сұрағымды мұқият тыңдап, жауап беріп отырыңдар

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.(Өткен әріпті пысықтау)
- Өткенде қай әріппен таныстық?
- І дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- Неге дауысты дыбысқа жатқызамыз?(ереже)
- Қане, сол І дыбысына сөздер ойлап жіберіңдерші
- Жуан айтылып тұр ма, жіңішке айтылып тұр ма?
- - Дыбыс деген не? (Дыбысты естиміз, айтамыз)
- Әріп деген не? (Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз)
- Олай болса біз осы уақытқа дейін өткен дыбыстарымызды өз үйіне орналастырайық
Дауысты - А О У І
Дауыссыз - Р Л Ш С У Д Т Н Ң Ғ Ж М

Оқудың түрлері:
Тіңзбектей оқу.
Тұтастай оқу
Өте дұрыс, біз әжемізге көмектесуге дайынбыз
- - Әжеміз келе жатса алдынан бір үлкен өзен шығыпты. Бұл кісіні өзеннен өткізу үшін тапсырма орындауымыз керек.
«Өзеннен өту»(слаит өзеннің суреті)
Жұмбақтың шешуін дұрыс шесшеңдер әже өзеннен өтеді
Жауап берші, жан досым,
Жауап бер, қане, ойланбай.
Өтетұғын мектепте
- Алғашқы сабақ ол қандай? (Әліппе)
Жарайсыңдар балалар біз әжемізді өзеннен де өткіздік
- Әліппе
- Әліппе сөз қай дыбыстан басталып тұр?
- Ә дыбысынан
- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Ә дыбысы мен әрпі.
- Ә дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Бұны білу үшін бәріміз Ә деп әндетейік.
- Қандай дыбыс екен?
- Дауысты
- Ә – Ауыз мол ашылып, тіл мен иектін төмен түсуінен пайда болатын жіңішк дауысты дыбыстың таңбасы. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады
- Олай болса ол әріпті дауыстылар қатарына салайық. (Әріптер салған қалтаға салу)
Өзеннен де өтіп орманға келдік
- Орманды кәне көз алдымызға елестетейікші
- ( балалар өз ойларын айтады)
- Қандай аңдарды білетін едік.
- Олай болса әжеге кедергі келтіріп тұрған аңдардың тапсырмасын әрі қарай орындап біз әжеге көмектесейік.
1 - ші аң – қасқыр: Ол қандай аң?
Қасқырдың тапсырмасы: Ә әрпінен сөз ойлау, дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу.
- Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз. Ә әрпінен басталатын сөздер ойлап, дыбыстық талдау жасаймыз, буынға бөлеміз.
- Ә
Шәлі
әнші
С
Әлім
- Өте жақсы.
- Қасқырдың сыйластық жақсы сөзі: Жолың болсын!

Сергіту жаттығуы: (көзге жаттығу)
Келесі кедергіде тұрған аң - кірпі.
Оқулықпен жұмыс:
Кірпінің сыйластық сөзі: «Саған сәттілік тілеймін!»
Келесі кездесетін аң – аю
Аюдың тапсырмасы: «Ажырату»
а) Сөздерді буынға бөліп көрсет.
Әншілер, әпкелер, бәйшешек.
Ә) Буындардан сөз құрау
ән - ші
Аюдың сыйластық сөзі: «Рахмет сау бол!»

Дыбысты біз айтамыз, естиміз.
Әріпті біз жазамыз, көреміз.
Әріптің баспа, жазба түрі бар. Біз мектеп алды даярлық тобында баспа түрімен таныстық. Енді жазба түрімен танысамыз.
Ә әрпін енді кәне мен тақтаға салып көрсетемін сендер соны мұқият қараңдар:
Жоғарыдан -

Ә - бас әрпімен сөйлемнің басында, адамның аты, қаланың аты келеді, кіші әрпімен сөйлемнің соңында, ортасында жазамыз.
Ауада жазу, тақтаға жазу.
Дәптермен жұмыс
Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз.
- Әжесімен немерелері бір – бірімен кездесуге аз жер қалғанда алдарынан жайылып жүрген төрт түлік мал кездеседу. Төлдерді енелерімен қосу үшін келесі тапсырманы орындауымыз керек.

ІҮ деңгейлік шығармашылық тапсырма.
Әже туралы әңгіме құрастыру.
Әркім өз әжелері туралы ой қозғады.
Әжем қонаққа барғанда мені бірге апарады. Менің әжем әдемі.
Менің әжем бар. Әжем маған ертегі оқып береді. Әжемді қатты жақсы көремін.
Әжеміз немерелерімен кездесті. Барлығының қуанышында шек жоқ.

Қорытынды:
- Мінеки, балалар, біз сендер мен әжеймен немерелеріне көмектестік. Біз әрқашан әже ақылын тыңдап, әдепті, әдемі, мейірімді болып өсеміз. Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар білімін бағалап, мадақтап «Менің әжем» деген өлеңді оқып беру. Әженің сыйлығы ретінде жұлдызша тарату.
Мадақтау, бағалау. Мұғалімнің айтқанын
Мықтап миға тоқимыз.
Бар ынтамен тыңдасақ,
Кілең беске оқимыз.
38 734
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ә дыбысы мен әріпі
Ә дыбысы мен әріпі
Ә дыбысымен таныстыру. Ә дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату; сөз, сөйлем құрап айтуға, буынға бөле білуге дағдыландыру; қол жаттықтыру дәптерлеріне Ә әрпін жаздыру.
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
К дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасату, “К” әрпінің баспа түрінің жазу түрін үйрету, сөз құрату
А дыбысы мен әрпі
А дыбысы мен әрпі
А дыбысы мен әрпін таныстыру, алғаш рет танысайын деп отырған әріптерінен келетін сөздерді, дыбысына байланысты буындар мен сөздерді білуге үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасауға дағдыландыру. Сөздерде қанша әріп қанша дыбыс бар екенін ауызша
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Қостанай қаласы №9 мектепте бастауыш сынып мұғалімі Койшыбаева Элия Жакыпкызы
Н дыбысы мен әрпі
Н дыбысы мен әрпі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, "Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сагинбаева Жанар Жайбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×