Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ә дыбысы мен әрпі

18 қаңтар 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі
Даярлық тобы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ә дыбысы мен оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, оқушыларды сөздің, дыбыстың мәдениетін сақтап, анық таза сөйлеуге үйрету;
дамытушылық: эстетикалық тәрбие бере отырып, әдемі жазуға дағыдыландыру;
тәрбиелік: ә дыбысы бар сөз, сөйлем құратып, сөздік қорын молайту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс – тәсілдері: түсіндірмелі – мысалды әдіс, ой қозғау, бақылау, ойындар.
Көрнекілігі: бесік, әлди қуыршақ, Әже, Әсел. Суреттер әтеш, әже. Сауат ашу, балапан дәптері, «Әліппе кітабы».

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Психологиялық дайындық.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз.
Жарқырайды қаламыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, қонақтар!

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру.
- Балалар, қазір қай сабақ? (сауат ашу)
- Ал, балалар, «Бауырсақ» ертегісін білеміз бе?
- Білеміз.
- Мінекей, балалар, бауырсақ біздерден көмек сұрап келіп тұр.
- Ал біздің көмегіміз сауат ашу сабағынан алған білімдерімізбен көмектесу.
- Бауырсағымызды қоян ұстап алыпты. Енді біз қоянның тапсырмасын орындасақ бауырсақты жіберемін дейді.
- Олай болса бауырсаққа көмектесеміз бе?
- Балалар өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық.
- І дыбысы қандай дыбыс.
- І дыбысы жуан айтылып тұр ма, жіңішке айтылып тұр ма?
- І дыбысы бар сөздерді кім айтады?
- Осы сөздерді кім буынға бөледі.
- І дыбысына байланысты кім жаңылтпаш айтады?
- І дыбысына байланысты жұмбақ айтады?
- І дыбысына байланысты тақпақ кім біледі?

Тәрбиеші: Мінекей, балалар, біз бауырсақты қояннан құтқардық.
Сергіту сәті: І і дыбысына байланысты.
Іл, іл ілмешек,
Ірі шарды үрлесек.
Ренжиді інілер
І дыбысын білмесек.

ІҮ. Жаңа сабақ:
- Балалар, бауырсақты қасқыр ұстап алды, енді қасқыр бауырсақты құтқару үшін біздер қасқырдың тапсырмасын орындауымыз керек?
- Мына суретте кімді, нелерді көріп тұрсыңдар? Әже, әтір, әтеш.
- Балалар, әже, әтір, әтеш бұл сөздер қай дыбыстан басталып тұр?
- Ә дыбысынан (тақтаға Ә әрпін ілу).
- Балалар, Ә дыбысын айту кезеңінде жақ кең ашылып, иек төмендейді. (Ә дыбысын бірнеше рет айтқызу).
Тақтамен жұмыс.
Әже, Әке, Әлем, Әріп сөздерін оқыту, буынға бөлу.
Оқулықпен жұмыс:
Суреттер: дәрі, әке, әтеш.
Ә дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі. Дәрі сөзін буынға бөлейік, 2 буын, әке, 2 буын, әтеш 2 буын. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Ү. Сергіту сәті.
- Балалар, сіздер қасқырдың тапсырмасын орындап, бауырсақты құтқардыңдар, енді Ә дыбысына байланысты сергіп алайық.
Әжем, әкем әніміз,
Әрқашанда сәніміз.
Енді білдік әдемі,
Ә - әрпінің мәнін біз.

ҮІ. Анаграмма.
Шарты: Балалар, енді бауырсақты аю ұстап тұр, біздер бауырсақты аюдан құтқару үшін ойын ойнаймыз. Ол үшін геометриялық пішіндер бұрышындағы сандарды тура санау ретімен тұсындағы әріптерден сөз оқу.

ҮІІ. Дәптермен жұмыс.
- Ә әрпінің баспа түрін жазып үйренеміз. Қолымызға қалам, қарындаштарымызды алып, ауада жазамыз. Тақтаға үлкен, кіші әрпін жазып көрсету. Енді дәптерге Ә әрпін жазу.
Жаңылтпаш жаттату. (Ә дыбысына байланысты)
Әдемілік - әдеп,
Әумесерлік - әлек.
ҮІІІ. Тіл ұстарту жаттығуы:
Балалар, біздер тапсырмаларды орындап, бауырсақты аюдан құтқардыңдар. Ал бауырсақты қу түлкі ұстап алды. Сіздер оны құтқару үшін тағы да түлкінің тапсырмасын орындауларың қажет.
Ән, ән, ән
Қалта толы дән.
Дидактикалық ойын.
«Буынға буын қос».
Мақсаты: басталған буынға сызық арқылы буынды қосып, сөз құрастырып айта білуге, шапшаңдыққа, зейінділікке баулу.
Ә тір Ә ди
Ә ке Әл теш

Сабақты қорыту:
Балалар, бүгін, міне, сіздер бауырсақты ормандағы аңдардан құтқарып, атасы мен әжесіне бауырсақты қайтардыңдар. Сонымен бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Таныстырар әріппен,
Мынау кітап, Әліппең.
«Әліппе» деген аты оның
Басталған қай әріптен? (Ә)
Бұл әліппені 1 - сыныпқа барғанда оқисыңдар. Ә дыбысына сөздер құраңдар.
- Сендерге сабақ несімен ұнады?
Балаларды мадақтап, бағалау:

Үйге тапсырма беру: «Балапан дәптеріне» Ә әрпін жазу, оқу.

Құмсай орта мектебі
Мұғалімі: Ж. С. Сарина

Ә дыбысы мен әрпі. жүктеу
32 868
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
О дыбысы және әрпі
О дыбысы және әрпі
О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап табуға, сөйлем құрап айтуға үйрету.
Қ дыбысы және әрпі
Қ дыбысы және әрпі
Қ дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балалардың сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, таза сөйлеуге үйрету.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Сауат ашу (48 сағат)
Д дыбысы мен әрпі
Д дыбысы мен әрпі
Д дыбысы және әріп таңбасымен таныстыра келіп, балалардың сөздің мәдениетін сақтап, анық таза сөйлеуге үйрету;
Ә дыбысы және әрпі
Ә дыбысы және әрпі
Қарағанды облысы, "Балқаш қаласы №2 Абай атындағы лицей" КММ бастауыш сынып мұғалімі Кенжина Айгул Хамитовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×