Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мағынасы қарама-қарсы сөздер

29 желтоқсан 2012, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі Елшібекова Сәуле Орынбасарқызы

Сабақ тақырыбы: Мағынасы қарама-қарсы сөздер.
Сабақ мақсаты: 1. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді меңгерту және сөз мағынасына мән беруді үйрету,түсіндіру.
2. Оқушылардың есте сақтауын және тілін,сөздік қорын дамыту.
3. Тез ойлауға,дұрыс шешім қабылдауға,бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Халық педагогикасын дәріптеуге үйрету.
Түрі: дәстүрлі емес сабақ
Типі: жаңа білімді меңгеру
Әдістері: сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын,баяндау
Көрнекілік: интерактивті тақта,слайдтар
Технология: дамыта оқыту

Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Балалар, бүгінгі сабағымыз бұрынғыдан ерекше болмақ. Өйткені, қазір біз « Жеті ата»ауылына саяхат жасаймыз.
Саяхатқа шығу үшін өзімізге көлік әзірлеп алайық. Бұрын ата-бабаларымыз техника дамымаған,машина болмаған кезде көлік ретінде нені пайдаланған?
- Атты,түйені,өгізді
- Сендер соның қайсысын қалайсыңдар?
- Атты.
- Жарайды,атты жолға әзірлейік.
- Атты шанаға жегу үшін қандай жабдықтар керек?
- Қамыт,доға,делбе,шана,ершік т. б.
Сұрақтарға жауап бере отырып,атамыздың ауылына келіп қалыппыз.

1 «Ата»ауылы сендердің білімдеріңді тексермекші екен ,мынадай тапсырмалар дайындапты.
«Сынақ дорбасы»
● Сөз мағынасының түрлерін ата.
● Мағынасы жуық сөздерге мысал келтір.
● Мағынасы қарама-қарсы сөздерге мысал келтір.
● Дыбысталуы бірдей,мағынасы әр басқа сөздерге байланысты сөйлем ойла.
● Дидактикалық ойын. (Мағынасы қарама-қарсы сөздерді айт). Жұптық жұмыс
Жуан – сұлу -
Арзан – еріншек -
Ал балалар,жер тайғақ,құлап қалмайық. (бәріміз жөнделіп отырайық). Алдымызда көрінген қай ауыл?.

2 «Әке» ауылы.
Көркем жазу.
Жоңышқа,мұржа,жәшік

Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер.

3 «Бала» ауылы.
Бұл ауылда «Поэзия минутын» өткіземіз.
7-жаттығу
Қызғалдақтың қасына
Ісіп кетті бас,шекем.
Балы тәтті болғанмен,
Тілі өзінің ащы екен!

Енді тимен оған мен,
Қойып едім қондырмай,
Бізін сұғып басыма
(Қадыр Мырза Әли)

● Өлеңді мәнерлеп оқы.
● Мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.
Тәтті - ащы

4. Ал балалар,үш ауылға саяхат жасап,шаршаңқырап қалған болармыз. Енді «Немере» ауылына келдік. Бұл ауылда «Сергіту сәтін» жасап алайық.
● Мақалды жатқа жазу
1. Мейірімді алғыс алса
Мейірімсіз қарғыс алар.
2. Ақылды іс тындырады,
Ақымақ тіс сындырады.

5. Кәне,балалар шанаға жөнделіп отырайық. Әлі де баратын ауылдарымыз бар,уақыт болса жақын қалды.
Көзді ашып жұмғанша «Шөбере» ауылына келіп қалыппыз. «Сиқырлы сандық» әзірлепті.
● Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап.
Мейірімді-
Жуас-
Қымбат-
Сұйық-
Қашық-

6. «Шөбере» ауылынан шығып,«Шөпшек» ауылына бет алдық. Міне,
«Шөпшек» ауылына келдік. «Шөпшек» аулы сендерге мынадай тапсырма дайындапты.
10-жаттығу.
● Тек мағынасы қарама-қарсы сөздер жұбын теріп жаз .
● Кестені пайдаланып,пікіріңді дәлелдеп үйрен.

Дәлелдеу үлгісі:жақсы және жаман сөздері - мағынасы қарама-қарсы сөздер,өйткені екеуінің мағынасы бір-біріне қарама-қарсы,әрі екеуі де сын есімге жатады.
● Өзің қалаған сөз жұптарымен сөз тіркесін жаз.

7. Ал,балалар,соңғы ауылға келіп жеттік. Бұл қандай ауыл? «Немене»ауылы
«Немене» ауылы сендерге ішінде қарама-қарсы сөздері бар мақал-мәтел не жұмбақ жазыңдар деп тапсырады.
3. Сабақты қорыту.
Бүгінгі сабақта не істедің,не үйрендің?
4. Бағалау.
5. Үйге тапсырма
49 389
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мағынасы қарама - қарсы сөздер
Мағынасы қарама - қарсы сөздер
Сөз мағынасы қарай түрлерін еске түсіре отырып, қарама - қарсы мағыналы сөздерді таба білуге және байланыстырып сөйлем құрай білуге қалыптастыру.
Мағыналары қарама - қарсы сөздер
Мағыналары қарама - қарсы сөздер
Барлық оқушылар: мағынасы қарама - қарсы сөздер туралы түсінік алады. Сөз және оның мағынасына қарап ереже шығара алады.
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Қызылорда қаласы, №112 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Караулова Гүлбарам Нұрсұлтанқызы
Сөйлем туралы өткенді қайталау
Сөйлем туралы өткенді қайталау
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Мичурин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кукеева Орынкуль Исмагуловна
Қарсы мәндес сөздер
Қарсы мәндес сөздер
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №42 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сейпіл Гүлжан Жеткергенқызы
Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар
Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Елшібекова Сәуле Орынбасарқызы Сабақ тақырыбы: Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×