Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар

29 желтоқсан 2012, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ақтөбе облысы,
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі Елшібекова Сәуле Орынбасарқызы

Сабақ тақырыбы: Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар

Сабақ мақсаты:
Білімдік жағы: Зат есім туралы алған білімдерін саяхат жасау арқылы пысықтау.
Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, оқушылардың білімін тексеру.
Тәрбиелік мәні: Халқымыздың ұмыт болған салт-дәстүрін жалғастырып, үйреніп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын байытуды, тіл байлығын арттыру және байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.
Сауатты сөйлеп, әдемі жаза білуге үйрету.
Көрнектіліктер: «Жеті ата» ауылының сызбасы, карточкалар,
сандық, ойындар, сөзжұмбақ.
Сабақ түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың жүру барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі
Балалар, бүгінгі сабағымыз бұрынғыдан ерекше болмақ. Өйткені, қазір біз «Жеті ата» ауылына саяхат жасаймыз.
Саяхатқа шығу үшін өзімізге көлік әзірлеп алайық. Бұрын ата-бабаларымыз техника дамымаған, машина болмаған кезде көлік ретінде нені пайдаланған?
--Атты, түйені, өгізді.
--Сендер соның қайсысын қалайсыңдар?
--Атты.
--Жарайды, атты жолға әзірлейік.
--Атты шанаға жегу үшін қандай жабдықтар керек?
--Қамыт, доға, делбе, шана, ершік т. б.
--Дұрыс сұрақтарға жауап бере отырып, Атамыздың ауылына келіп қалыппыз.
«Ата» ауылы сендердің білімдеріңді тексермекші екен, мынадай тапсырмалар
дайындапты.
«Сынақ дорбасын» дайындапты.
1. Зат есім дегеніміз не? Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
2. Зат есімнің неше түрі бар?
3. Көптік жалғауын ата.
4. Дидактикалық ойын. Бір оқушы жекеше түрде зат есім айтады, қалған оқушылар көпше түрде жауап қайтарады. Шана—шаналар, арба-арбалар, т. б.
5. Негізгі зат есім дегеніміз не?
6. Туынды зат есім қалай жасалады?

2. Ал, балалар, жер тайғақ, құлап қалмайық. (бәріміз шанаға жөнделіп отырайық)
Алдымызда көрінген қай ауыл?
2. «Әке» ауылы.
Көркем жазу
Жоңышқа, мұржа, жәшік.
Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер.

3. «Бала» ауылы
Бұл ауылда «Поэзия минутын» өткіземіз. Өлеңнен туынды зат есімді теріп жазу, оның түбірін табу.
Тау мен тасты қопарар,
Кенші болғым келеді.
Достық сәлем апарар,
Елші болғым келеді.
Бармағынан бал тамған,
Аспаз болғым келеді.
Алар озып бәйгені,
Малшы болғым келеді.

4. Ал, балалар, манадан үш ауылға саяхат жасап, шаршаңқырап қалған болармыз,
енді «Немере»ауылына келдік. Бұл ауылда «Сергіту сәтін»жасап алайық.
Бас бармағым—алғашқы,
Балаң үйрек—жалғасы,
Ортан терек—ағасы,
Шылдыр шүмек—нағашы,
Кішкентай бөбек—балақан,
Бәріне ортақ алақан.

5. Кәне, балалар, шанаға жөнделіп отырайық. Әлі де баратын ауылдарымыз бар, уақыт болса тақап қалды.
Көзді ашып-жұмғанша «Шөбере»ауылына келіп қалыппыз. «Сиқырлы сандық» әзірлепті.
Адалдық, жүзік, ұзындық, білім, көрік, жолдас, өшіргіш.

6. «Шөбере»ауылынан шығып «Шөпшек»ауылына бет алдық. Міне «Шөпшек» ауылына келдік. «Шөпшек»ауылы сендерге мынадай тапсырма дайындапты.
Берілген етістіктерге тиісті жұрнақтарды жалғап, туынды зат есім жаса, зат есімді қатыстырып сөйлем құра.
Ұшқыш, сызғыш, ілгіш, білгіш.

7. Ал, балалар, соңғы ауылға келіп қалдық. Бұл ауыл қандай?
- «Немене»ауылы.
«Немене»ауылы сендерге 7-саны бейнеленген торкөзді толтыруды ұсынады. Қазақ халқы 7 санын қасиетті сан деп білген. Өйткені, жаңа туған нәрестенің шілдеханасын жетінші күні жасаған. Қайтыс болған адамның жетісін берген. Жеті қазынаны, жеті атаны тектен-тек атамаған.
Тапсырма:Туынды зат есімдерден негізгі зат есімді ажыратып жаз.
1. Достық—дос
2. Сөздік—сөз
3. Балалық—бала
4. Сыйлық—сый
5. Әділдік—әділ
Міне, балалар, «Немене» ауылының да тапсырмасын өте жақсы орындадық. Енді бәріміз сыныпқа қайтайық.
2Сабақты қорыту, бекіту.
3. Оқушыларды бағалау.
4. Үйге тапсырма.
34 779
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілетін, сөздік қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін тереңдету. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін сөздің қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Мағынасы қарама - қарсы сөздер
Мағынасы қарама - қарсы сөздер
Сөз мағынасы қарай түрлерін еске түсіре отырып, қарама - қарсы мағыналы сөздерді таба білуге және байланыстырып сөйлем құрай білуге қалыптастыру.
Сөйлем туралы өткенді қайталау
Сөйлем туралы өткенді қайталау
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Мичурин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кукеева Орынкуль Исмагуловна
Мағынасы қарама-қарсы сөздер
Мағынасы қарама-қарсы сөздер
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Елшібекова Сәуле Орынбасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×